Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Экономика || Жекешелендіру және мүлікті жария ету

Жекешелендіру және мүлікті жария ету

Жекешелендiрудiң 2016-2020 жылдарға арналған кейбiр мәселелерi туралы

«Мемлекеттiк мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

23 желтоқсанға дейiн мүлiктi заңдастырыңыз!

Мемлекеттiк кiрiстер департаментi мүлiктi және ақшаны заңдастыруды қалайтындарға, барлық мүдделi тұлғалардың назарына келесiнi жеткiзедi.

Мүлiктi заңдастыру мерзiмi 2014 ж. 1 қыркүйекте басталды және 2016 ж. 31 желтоқсанда аяқталады.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құқығы рәсiмделмеген, Қазақстан Республикасы аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi ұсыну үшiн құжаттарды беру мерзiмi, 2016 ж. 30 қараша заңдастыру аяқталды.

2016 ж. 23 желтоқсан — мемлекеттiк кiрiстер органына өзге мүлiктi заңдастыру (соның iшiнде ақша) үшiн құжаттарды берудiң соңғы күнi. 23 желтоқсан өткен соң мемлекеттiк кiрiстер органдарының қызметкерлерi сәйкес декларацияларды қабылдауға құқылы емес.

СҚО бойынша МКД

Заңдастыру — бұл көлеңкеден шығудың соңғы мүмкiндiгi

2015 ж. 13 қараша мемлекет басшысымен қол қойылған мүлiктi заңдастыру мәселелерi бойынша заңымен, заңды экономикалық айналымға мүлiктi және ақшаны қайтару үшiн қосымша ынталандыру қабылданған.

Қылмыстық және әкiмшiлiк iзiне түсуден құпиялық және қорғау кепiлдiк берiледi. Бұл көлеңкелi экономика деңгейiн елеулi төмендетуге және капиталдың ағылып келуiн арттыруға рұқсат бередi.

Шетелде тұрған рәсiмделмеген және декларацияланбаған мүлiк бүгiнгi күнге елдiң эконоикалық жағдайын жақсарту және шағын және орташа бизнестi ынталандыру үшiн зор мүмкiндiк болуы тиiс.

Қазақстан 2014 ж. желтоқсанында 1988 ж. Страсбург конвенциясына қосылды, оған 90 ел кiредi, соның iшiнде 29 офшорлы құқықтық өкiлеттiгi. Осы конвенция салық қызметтерi арасында тиiмдi өзара әрекеттi арттыруға бағытталған. Басқаша айтқанда бар мүлiк туралы мәлiмет шетелде осы конвенцияда тұрған мемлекеттiң сәйкес органдарымен ҚР мемлекеттiк кiрiстер органдарының сұратуы бойынша ұсынылатын болады.

Сондай-ақ конвенцияға сәйкес сұрату бойынша салықтық тексерiс жүргiзiлуi мүмкiн, және ҚР ҚМ сәйкес материал ұсынылды.

2016 ж. 23 желтоқсан — мемлекеттiк кiрiстер органына өзге мүлiктi заңдастыру (соның iшiнде ақша) үшiн құжаттарды берудiң соңғы күнi. 23 желтоқсан өткен соң мемлекеттiк кiрiстер органдарының қызметкерлерi сәйкес декларацияларды қабылдауға құқылы емес.

СҚО бойнша МКД

Мүлiктi жария ету жалғасуда

Қазақстанда мүлiктi жария ету науқаны жалғасуда.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлiктi жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 2014 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап күшiне ендi. Мүлiктi жария ету мерзiмi 2016 жылдың соңына дейiн ұзартылды.

Барлық талаптар сол қалпында қалды. Өз мүлкiн жария етуге ниет бiлдiрген тұлғалар төрт құжаттан тұратын тiзбенi ұсынады: өтiнiш; түпнұсқаны ұсынумен жеке куәлiктiң көшiрмесi; нысандар мен ғимараттардың нормаларға және ережелерге сәйкестiгiн техникалық тексеру жөнiндегi аттестацияланған сарапшының қорытындысы; жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң техникалық паспорты.

ҚР азаматтарымен қатар оралмандар, республикада тұруға ықтиярхаты бар тұлғалар мүлiктi жария ету субъектiлерi болып табылады.

Жария етуге жатады: ақша; құнды қағаздар; заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi; оған құқық немесе ол бойынша мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк (ғарыш объектiлерiнен және магистральдық құбырлардың желiлiк бөлiгiнен басқа); құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздерi орналасқан, жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиесiлi жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар); Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк.

Мүлiктi жария етуден бас тартуға, оның қала құрылысы регламенттерiне, өртке қарсы және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеуi негiзгi себеп болады. Көбiнесе құжаттар пакетi толық болмағандықтан, жер учаскесiнiң нысаналы мақсаты жария етiлетiн мүлiкке сай келмегендiктен құжаттар қабылданбайды.

Комиссиямен сәйкес шешiм шығарылған сәтiнен бастап мүлiк жария етiлген болып танылады. Жылжымайтын мүлiктi жария еткен субъектiлер, комиссия сәйкес шешiм шығарған сәтiнен бастап оны иеленуге құқықты.

Қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес белгiлi себептер бойынша рәсiмделмеген мүлiктi кезектi рет жария етуге мемлекет мүмкiндiк бередi. Бұл жалпыға ортақ декларациялау процедурасы алдындағы жақсы мүмкiндiк.

Мүлiктi жария ету көлеңкелi айналымнан капиталды шығаруға және әр түрлi тәсiлмен жасырылған кiрiстердi экономикаға тартуға бастайды. Соның арқасында кез-келген азамат жеке мүлкiн ретке келтiредi және оны өзiне бекiтедi.

ТКШ, ЖК және АЖ бөлiмiнiң басшысы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ

Мүлiктi жария ету жөнiнде ақпарат

Бүгiнгi күнi бүкiл елiмiз бойынша мүлiктi жария ету науқаны қызу жүргiзiлiп жатыр. Өзiнiң және ұрпағының болашағын ойлаған көптеген азаматтар бұл iске терең түсiнiстiкпен қарап, белсене ат салысуда. Себебi, гуманистiк нормалар кеңiнен енгiзiлген бұндай нормативтiк-құқықтық актiнi ХХI ғасырдың жасампаз Заңдарының бiрi деп бағалауға болады.

Өйткенi, тұрғындарының өткен шақтағы терiс әрекеттерiне рақымшылық жасайтын бұндай тәуекелге кез-келген мемлекет бара бермейдi. Сондықтан да өткен жылдың 13 қарашасы күнi Елбасы «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңға қол қойды. Тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген бұл Заң мүлiктi жария етудегi рақымшылық жасаудың жаңа процедуралық ерекшелiктерiн айқындап бердi, көптеген жеңiлдiктер енгiзiлдi.

Осы орайда, «Қандай жеңiлдiктер мен кепiлдiктер қарастырылған?» деген заңды сауалдың туындайтыны түсiнiктi. Атап айтсақ, ақша мен мүлiктi жария ету арқылы заңдастырудың механизмi мүлде қарапайым ғана. Мысалы, шетелде жатқан немесе жеке айналымда жүрген қаражатты заңдастырудың екi жолы бар. Бiрiншiсi — шетелдiк банкте жатқан немесе жеке айналымдағы ақшаны жариялау үшiн екiншi дәрежедегi банкте және Ұлттық пошта операторында есепшотқа түсiру арқылы жариялауға болады. Тиiстi ақша екiншi дәрежедегi банкке немесе Ұлттық пошта операторындағы есепшотқа түскен соң, тұрғылықты жер бойынша мемлекеттiк кiрiс органына арнайы декларация тапсырылады. Бұндай жағдайда мемлекетке он пайыздық алым төленбейдi. Ал ендi екiншi жағдайда, шетелдегi банкте жатқан немесе жеке айналымдағы ақшаны екiншi дәрежедегi банкте немесе Ұлттық пошта операторында есепшот ашпай-ақ, арнайы декларацияны толтырып, мемлекеттiк кiрiс органына өткiзу жолымен де заңдастыруға болады. Бұндай жағдайда мемлекетке он пайыздық алым төленедi. Және де мемлекеттiк кiрiс органына арнайы декларацияны тапсырған күннен бастап-ақ банкте жатқан немесе қолдағы ақша заңдастырылған болып есептеледi де, ол ақшамен кез-келген операцияларды жүзеге асыра беруге болады. Мысалы, бизнеске салу, құнды қағаздар сатып алу, инвестиция құралы ретiнде жұмсау, т.б.

Ал ендi жылжымайтын мүлiктi жария ету мәселесiне тоқталайық. Мысалы, көп адамдар жылжымайтын мүлiктi жария еткен жағдайда он пайыздық алымнан қорқады. Және де он пайыздық алым Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жылжымайтын мүлiктi заңдастыру кезiнде алынбайтынын бiлмейдi. Он пайыздық алым тек шетелдегi жылжымайтын мүлiктi жария еткен жағдайда ғана алынады. Онда да шетелдегi мүлiгiн жария еткен субьект оның құнын өзi анықтайды. Осы орайда, мүлiктi жария етуге мүдделi субьектiлер қайда бару керектiгiне тоқтала кеткен жөн шығар. Мысалы, Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан, алайда тиiстi тәртiппен ресiмделмеген жылжымалы мүлiктi жария ету мәселесiмен аудандық әкiмшiлiк жанынан құрылған комиссияға бару керек. Ал ендi мемлекеттiк кiрiс органдары Қазақстан территориясында орналасқан, тиiстi тәртiппен ресiмделген, алайда басқа бiреудiң атына жазылған жылжымалы мүлiктi, шетелдегi жылжымалы мүлiктi (оның iшiнде басқа бiреудiң атына жазылған), шетелдегi және жеке айналымдағы қаржына жариялаумен айналысады.

Және де Заңдағы тағы бiр айта кететiн ерекшелiк — басқа бiреудiң атына жазылған мүлiктi өз атыңа аударып алуға мүмкiндiк берiп отырғандығында. Өйткенi, бүгiнгi күнi әртүрлi себептермен өз мүлкiн басқа бiреудiң атына рәсiмдеп, тасада тығылып жүргендер аз емес. Олардың iшiнде мүлiктi атына аударған адамдарының пендешiлiкпен өз иелiгiне пайдаланып кетiп жатқан оқиғалар да көп кездесiп жатады. Бұндай кезде аталмыш мүлiк өзiңдiкi екенiн дәлелдеу мүмкiн емес. Сондықтан да мүлiктi жариялауға мүдделi адамдар үшiн өз мүлкiн өз мүддесiне заңдастыратын уақыт келгенiн ұмытпау керек.

Жалпы, мүлiктi жариялау туралы сөз болғанда көп адамдар жария еткен мүлкiн «болашақта тәркiге түсiп кетпей ме?» деген үрейден арыла алмай жүрген сияқты. Әрине, жоқ. Себебi, мүлiктi жария етуге байланысты сегiз түрлi нормативтiк-құқықтық актiге өзгерiстер енгiзiлдi. Мысалы, Қылмыстық кодекс, Әкiмшiлiк-құқық бұзу туралы кодекс, Салық кодексi, Азаматтық кодекс, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң, т.б. Енгiзiлген өзгерiстердiң барлығы мүлiктi жария еткен субьектiлердiң мүдделерiн қорғау мақсатында қабылданған. Яғни, жария етiлген мүлiк қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың және тәртiптiк жауапкершiлiкке тартудың обьектiсi болып табылмайды. Сондықтан да сот шешiмiмен тәркiлеуге де жатпайды. Сонымен қатар жария етiлген мүлiк пен қаржы банктiк және салықтық құпия болып табылады. Оны таратқан адам қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.

Ал ендi «мүлiктi жариялау несiмен тиiмдi?» деген сұраққа сұраққа жауап берейiк. Бiрiншiден, 2017 жылы жалпылама декларациялау процедурасы енгiзiледi. Ол кезең-кезеңiмен жүргiзiледi. Сол кезде әрбiр тиын үшiн жауап беруге тура келедi. Бұл мәселеге байланысты Елбасымыз: «Мүлiктi жариялау — соңғы мүмкiндiк. Бұдан кейiн ешқандай кешiрiм болмайды. Бұл шара жалпылама декларациялау алдындағы соңғы акт» деп ескерттi. 2017 жылдан бастап шетелдегi жасырынып жатқан ақшалар мен жылжымайтын мүлiктерге байланысты тексеру шаралары қолға алынады. Себебi, кез-келген заң субьектiлерге қаншалықты жеңiлдiк жасағанымен, заң талаптарын орындамағаны үшiн жазалау шараларын да қамтиды. Осы орайда, заңды жетiк бiлмейтiн кейбiр адамдар «шетелде жатқан ақша мен жылжымайтын мүлiктi қайдан табады?» деп қателесуi мүмкiн. Оны табудың еш қиындығы жоқ. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы «Қылмыстық жолмен iзi жасырылған ақшаны әшкерелеу, алу және тәркiлеу туралы» халықаралық Страсбург Конвенциясының мүшесi болып табылады. Аталмыш Конвенция 2011 жылдың 2 мамырында Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған.

Иә, бұндай гуманистiк бағыттағы Заң актiсi алдағы жылдардың еншiсiнде қабылдана ма, жоқ па, оны уақыт көрсетедi. Сондықтан да болашақта заң алдында жауап берiп тұрғаннан гөрi, заң алдында мерейiң үстем болғанға не жетсiн.

Мүлiктi жария ету
жөнiндегi комиссия

Ашық есiк күнi

2016 жылдың 16 маусымда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к., 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 7 адам болды, телефон арқылы 3 адам хабарласты.

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

Ашық есiк күнi

2016 жылдың 26 мамырында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к. 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 3 адам болды.

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

Ашық есiк күнi

2016 жылдың 19 мамырында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к. 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 6 адам болды, телефон арқылы 3 адам хабарпласты.

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

Ашық есiк күнi

2016 жылдың 28 сәуiрiнде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы Мамлютка қ. Сәбит Мұқанов к. 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 4 адам болды.

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

Ашық есiк күнi»

2016 жылдың 05 мамырында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы Мамлютка қ. Сәбит Мұқанов к. 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 6 адам болды.

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

Ашық есiк күнi»

2016 жылдың 12 мамырында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы Мамлютка қ. Сәбит Мұқанов к. 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 3 адам болды.

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

Мүлiктi жария ету

Мүлiктi жария ету бойынша өткiзiлетiн акция үшiн барыншы қолайлы және жарамды жағдайлар жасау мақсатында 2015 жылғы 13 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярғаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикачының Заңына қол қойылды және күшiне енгiзiлдi, онда оны жүзеге асыру рәсiмдерiнде жаңа тәсiлдер айқындалды.

1. Ақшаны жария ету рәсiмi түбегейлi оңайлатылды.

Ендi ақшаны екi тәсiлмен заңдастыруға болады.

Бiрiншi тәсiл: Оларды банк шоттары арқылы көрсету және өзiнiң кез

келген мұқтаждықтарына пайдалану, мысалы, бизнеске салу, жылжымайтын мүлiк сатып алу және т.б., және жай ғана банк шотынан алуға болады. Осының барлығы 10 % алымды төлемей жүргiзiлетiн болады.

Екiншi тәсiл: Шетелде орналасқан немесе қолма-қол айналымдағы ақшаны өтiнiш беру нысанында, банк шотында көрсетпей-ақ заңдастыруға болады. Бiрақ бұл ретте бюджетке 10 пайыз алым төленедi.

Осы және басқа жағдайда да жария ету субъектiсi мемлекеттiк кiрiстер органына тиiстi декларацияны тапсырады.

2. Мүлiктi жария ету рәсiмдерi елеулi оңайлатылды.

Ендi Қазақстан аумағында орналасқан және тиiстi түрде рәсiмделген

мүлiктi заңдастыру үшiн мемлекеттiк кiрiстер органдарына тиiстi декларацияны және iлеспе құжаттарды тапсыру жеткiлiктi. Осы жағдай шетелде орналасқан мүлiктi жария етуге де қатысты. Яғни артық буын — мемлекеттiк кiрiстер органдары жанандағы комиссия қысқартылды.

Жария ету субъектiсi жергiлiктi жерлердегi әкiмдiктер жанындағы комиссияларына Қазақстан аумағында орналасқан және бұрын тиiстi түрде рәсiмделмеген жылжымайтын мүлiктi жария етуге қатысты ғана жүгiнетiн болады.

3. Жария етудiң мерзiмдерi және жалпыға бiрдей декларациялауды енгiзу туралы.

Мемлекеттiк басшысы: «Жария ету — бұл соңғы мүмкiншiлiк, осыдан кейiн ешқандай жеңiлдiктер болмайды. Жария ету — бұл жалпыға бiрдей декларацияны енгiзу алдындағы соңғы мүмкiндiк» деген болатын. Осы акция аяқталғаннан кейiн барлық шетелдегi шоттар бойынша ақпараттар қайта тексерiледi.

Сондықтан, Заң бойынша, бiрiншiден, шетелде есеп-шоты бары туралы ақпаратты жасырған жағдайда әкiмшiлiк жаза қаталандырады, екiншiден, шетелде мүлкi бар тұлғалар мiндеттi түрде декларация тапсырады.

Жазылғанға байланысты, жалпыға бiрдей декларациялау процесiнiң басталуы және жария ету бойынша акцияның аяқталуын үндестiру үшiн жария ету мерзiмi 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейiн ұзартылды.

Жария ету субъектiлерiне қосымша кепiлдiктер беруге қатысты.

Мүлiктi жария етумен байланысты кез келген мәлiметтер банктiк және салықтық құпия болып табылады. Сондықтан, жария ету туралы мәлiметтердi үшiншi тұлғаларға таратуда ешкiмнiң, атап айтқанда, әкiмдiктер жанындағы жария ету жөнiндегi комиссияның қызметшiлерi де, мемлекеттiк кiрiстер органдарының қызметкерлерi де екiншi деңгейдегi банктер мен Қазпошта бөлiмшелерiнiң жұмысшылары да құқығы жоқ. Мұндай ақпаратты таратқаны үшiн қылмыстық жауаптылық қарастырылған.

Бұдан басқа, жария ету субъектiлерi құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдары тарапының заңсыз әрекеттерiнен қорғалған. Осылайша, ақшаны және мүлiктi жария ету фактiсiнiң өзiн дәлелдер ретiнде пайдалануға немесе қылмыстық iстер жүргiзуге тыйым салынған. Сондай-ақ жария етiлген мүлiк тәркiленуi мүмкiн емес.

Қабылданған заңмен, бiздiң көзқарасымыз бойынша, жария ету процесiн тежейтiн барлық шектеулер алынды.

Сонымен бiрге заңнамамен көзделген жария етiлген мүлiк салықтық рақымшылық жасауға жатады, ол жария ету субъектiсiнiң 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi кезенде алған кiрiсi жөнiнде жеке табыс салығы бойынша жария ету субъектiсiнiң салық мiндеттемесiн тоқтату түсiнiледi.

Соңында Мемлекет басшысының мүлiктi жария етуге мемлекет ұсынған мүмкiндiктердi пайдаланып қалу үндеуiн қайталап айту қажет деп есептеймiз.

«Ашық есiк күнi»

«Ашық есiк күнi»2016 жылдың 21 сәуiрiнде сағат 9-00-ден 18-00-ге дейiн Мамлют ауданы Мамлютка қ. Сәбит Мұқанов к. 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 8 адам болды, телефон арқылы 1 адамға кеңес берiлдi.



Мынандай сұрақтар қойылды:

  • мүлiктi заңдастыру кезiнде комиссия және мемлекеттiк кiрiстер басқармасының шешiмiмен келiспеген жағдайда, арыз беру тәртiбi қандай?
  • қандай мүлiктi заңдастыруға болады?
  • мүлiк қай кезден бастап заңдастырылды деп есептелiнедi?

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

«Ашық есiк күнi»

2016 жылдың 14 сәуiрiнде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к., 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 4 адам болды, телефон арқылы 3 адамға кеңес берiлдi.

Мынандай сұрақтар қойылды:

  • ҚР аумағында орналасқан мүлiкке қандайда бiр төлем жасаймын ба?
  • мүлiктi заңдастыру кезiнде алынған ақпарат құпия түрiнде қалады ма?
  • қандай мүлiктi заңдастыруға болады?

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

«Ашық есiк күнi»

«Ашық есiк күнi»

2016 жылдың 07 сәуiрiнде сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к., 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 5 адам болды, телефон арқылы 7 адамға кеңес берiлдi.

Мынандай сұрақтар қойылды:

  • жарияланған мүлiктi рәсiмдеу бойынша шығынды кiм көтередi?
  • Қазақстан Республикасының аумағынан тыс орналасқан мүлiктi заңдастыру үшiн не iстеу керек?
  • мүлiктi қай мерзiмге дейiн заңдастыру болады?
  • заңдастырылған мүлiктi қабылдау қалай өтедi?

Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

«Ашық есiк күнi»

«Ашық есiк күнi»

2016 жылдың 31 наурызында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн Мамлют ауданы Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к., 12, каб № 7, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысымен халық арасында мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзiлдi. Қабылдауда 7-ден артық адам болды.

Мынандай сұрақтар қойылды:

  • мүлiктi жария етуге не жатады?
  • мүлiктi жария ету қай уақытқа дейiн жүредi?
  • бiр мүлiктi қандай жағдайда қайта жария етуге болады? Барлық қойылған сұрақтарға жауаптар берiлдi. Соңында азаматтарға мүлiктi жария ету жөнiнде ескертулер табыс етiлдi.

«Ашық есiк күнi»

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты жанындағы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң «Коммунсервис» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынын жекешелендiру туралы

27.05.2017 12:34


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика