Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Экономика || Жасыл экономика

Жасыл экономика

«Жасыл экономикаға» көшу жөнiндегi заңнамалық актiлер
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығы

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуiн қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:

1. Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама (бұдан әрi — Тұжырымдама) бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:

  • Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiтсiн;
  • осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi:

  • өз қызметiнде Тұжырымдаманы басшылыққа алсын және оны iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;
  • мемлекеттiк жоспарлау жүйесi қабылдайтын құжаттардың Тұжырымдамамен үйлесуiн қамтамасыз етсiн.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 шiлдедегi №750 қаулысы

«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуi жөнiндегi тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi 2013-2020 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары (бұдан әрi — жоспар) бекiтiлсiн.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделi ұйымдар:

  • жоспарды iске асыру жөнiндегi шараларды қабылдасын;
  • жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне жоспардың iске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсiн.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне жүктелсiн.

6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi С. Ахметов

21.07.2017 16:29

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика