Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Спорт және туризм

Спорт және туризм

Елбасының 30 пайыз халықтың спортпен айналысуын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмасын жүзеге асыру жұмысы жалғастырылуда.

Спорт саласында ауданда 69 адам жұмыс істейді, оның ішінде 48 адам ауылда.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 115 спорт ғимараттары, соның 93 ауылда жұмыс iстейдi.

Жылдан-жылға дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны көбеюде, қамту пайызы 28,4 құрайды.

Ауданда спорт дамуы туралы ақпарат

Бүгінгі күні ауданда119 спорт нысаны жұмыс істейді, оның 93 ауылдық жерде. Аудан аумағында 1 стадион, 1 тир бар, Мамлютка қ орналасқан. Ауданда 25 спорт зал, оның 20 ауылда. 18 зал ауылдық мектептерде, 5 зал қала мектептерінде және 1 зал Воскресеновка ауылының Мәдениет үйінде. Сонымен қатар ауданда 9 қосымша салынған спорт залдар және 1 бассейн бар. Әрбір ауылдық округтің аумағында жазықтық нысандар жұмыс істейді. Ауданда 24 хоккей қорабы жұмыс істейді.«Юность» стадионында 2016 жылы жасанды жабумен шағын футбол алаңы,волейбол, баскетбол алаңдары бар, 700 отыратын пластик орындықтармен трибуна және пластик VIP-трибуна орнатылды, үлкен футбол алаңында газон шөбі себілді, установлен один комплекс уличных в количестве 11 дана мөлшерде көше тренажерлер кешені және пластик хоккей қорабы орнатылды.

Балалар-жасөспірімдер спортын ауданда жалпы білім беретін мектептер, дене шынықтыру дайындығының балалар-жасөспірімдер клубы және Мамлют ауданының балалар-жасөпірімдер спорт мектебі дамытады.

Спорт саласында ауданда 69 адам жұмыс істейді, оның ішінде48 адам ауылда, 42 адам — дене шынықтыру мұғалімдері, 1 директор, 1 оқу ісінің меңгерушісі және БЖСМ-де 7 штаттық жаттықтырушылар, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінде 3 адам, ауылдық округтерде спорт жөніндегі 11 нұсқаушылар, 1 директор, 1 оқу ісінің меңгерушісі, БЖК-да 1 әдіскер. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы 67 адамда бар, оның 44 ауылда. 52 адамның білімі жоғары, оның34 ауылда. Дене шынықтыру мұғалімдерінің жалпы санынан 6 әйел жұмыс істейді.

Аудан аумағында 18689 адам тұрады. Дене шынықтыру бойынша49 ұжым жұмыс істейді. 29 ұжым жалпы білім беретін мектептерде, 9 ұжым қала ұйымдарында және ауылдық округтерде 11 біріктірілген ұжымдар. Дене шынықтырумен айналысатын әйелдер саны — 1447 адам, оның 988 ауылда.Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы саны5369 адам, бұл аудан халқының 28,7% құрайды. Жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру сабақтарына 2470 адам қатысады.

Бүгінгі күні ауданда спорттың 28түрі дамыған. Әсіресе спорттың келесі түрлері дамыған: баскетбол, волейбол, футбол, допты хоккей, жеңіл атлетика, еркін күрес, грек-рим күресі, атыс, үстелдегі теннис, шаңғы жарысы, шахмат. БЖСМ-де35топ жұмыс істейді, оқушылардың жалпы саны506адам, оның200адамы ауылда. Спорттың түрлері арасында сыныптан тыс жұмыс есебінен келесі түрлер дамыған: қазақша күрес, тоғыз-құмалақ, бес тас. 2016 жылы БЖСМ бокстан тегін секция ашылды.

2017 жылдың 20 қаңтарынан 22-не дейін Мамлют ауданының Мамлютка қаласында футзалдан облыстық зоналық жарыстар өткізілді, нәтижесінде ауданымыздың құрамасы Солтүстік мерекесінің финалына шықты.

26 қаңтардан 28-не дейін аудан құрамасы «Солтүстік — 2017» облыстық спорттық мереке бағдарламасында коньки тебу Чемпионатына қатысты.

01 ақпаннан 04-не дейін «Солтүстік — 2017» облыстық спорттық мереке бағдарламасында допты хоккейге қатысты.

10 ақпаннан 13-не дейін «Солтүстік — 2017» облыстық спорттық мереке бағдарламасында қысқы Президенттік көпсайыстан облыстың жеке-құрама чемпионатына қатысты, нәтижесінде 3 орын алды.

2017 жылдың 15 ақпанында Мамлютка қ. «Юность» стадионында «Солтүстік — 2017» аудандық спорттық мереке өткізілді. Нәтижесінде Дубровное а/о 3 орын, Қызыләскер а/о 2 орын, Леденев а/о 1 орын алды.

Үстіміздегі жылдың 17 ақпанынан 19-на дейін облыстық спорттық мереке бағдарламасында шайбалы хоккейден зоналық жарыстарға қатысты.

Үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан 22-не дейін облыстық спорттық мереке бағдарламасында керлингтен облыс чемпионатына қатысты.

Үстіміздегі жылдың 23 ақпанынан 26-на дейін «Солтүстік — 2017» облыстық спорттық мерекенің финалына қатысып, шаңғы жарысынан 3 орын алды.

Алғыс айту күніне байланысты 2017 жылдың 28 ақпанында тоғыз-құмалақтан турнир, 2017 жылдың 1 наурызында үстелдегі теннистен турнир өткізілді.

2017 жылдың 4 наурызында мемлекеттік қызметшілер арасында спорттың қысқы түрлерінен спартакиадаға қатысты, 4 орын алды.

2017 жылдың 18 наурызында Мамлютка қ. ауылдық округтер мен Мамлютка қ. құрамалары арасында волейболдан аудандық турнир өткізілді.

2017 жылдың 25 наурызында Новомихайловка а. «Новомихайловское-2003»ЖШС жүлдесіне үстелдегі теннистен аудандық турнир өткізілді.

2017 жылдың 8 сәуірінде Мамлютка қ. ауылдық округтер мен Мамлютка қ. құрамалары арасында шахматтан, дойбыдан, тоғыз-құмалақтан аудандық турнир өткізілді.

2017 жылдың 15 сәуірінде Мамлютка қ. ауылдық округтер мен Мамлютка қ. құрамалары арасында шағын футболдан және баскетболдан аудандық турнир өткізілді.

2017 жылдың 22 сәуірінде Мамлютка қ. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қазақ күресінен «Қызылжар Барысы» аудандық турнир өткізілді

2017 жылдың 29 сәуірінде Мамлютка қ. «Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған волейболдан аудандық турнир өткізілді.

2017 жылдың 6-7 мамырында Петропавл қ. қазақ күресінен «Қызылжар Барысы» облыстық турнирге қатысты.

2017 жылдың 7 мамырында «Жеңіс күніне» және «Отан қорғаушы күніне» арналған шахматтан және дойбыдан аудандық ардагерлер кеңесінің сыйлығына турнир өткізілді.

2017 жылдың 8 мамырында Мамлютка қ. «Жеңіс күніне» арналған шағын футболдан аудандық турнир өткізілді.

2017 жылдың 20 мамырында Мамлютка қ. «Қазақстанның болашағы парасыз! Біз бірге!», акция аясында мемлекеттік қызметшілер арасында мини-футбол, үстел теннисі, баскетбол бойынша жарыстар өткізілді.

2017 жылдың 25 мамырында Петропавл қ. жазғы Президенттік көпсайыстан облыстың чемпионатына қатысты.

2017 жылдың 03 маусымда Мамлютка қ. армрестлинг бойынша жарыстар өткізілді.

2017 жылдың 14-17 маусымда Кішкенекөл а. Ұлттық спорт түрлерінен облыс спартакиадасында қатысты.

2017 жылдың 22-23 маусымда Петропавл қ. Мемлекеттік қызметші күні арналған мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиадасында қатысты.

2017 жылдың 29 маусым 01 шілдесі аралығында Петропавл қ. дене мүмкіндектері шектеулі адамдарға арналған «Үміт» облыстық спартакиадасында аудандық командасы қатысты, 3 орын алды

Дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысыВ. Мищенко

Мамлют ауданының спорт объектілері (спорт залдары)

Айылдық округі/қаласы,Округ/қалалық әкімі Мекеме,
мекен жайы
Басшысы,
жұмыс телефоны
1 Андреев а/оЖүкішев Берік Есімұлы 8(71541)23114 Андреев ОМ Мейрамов А.А.
Т. 8-715-41-2-31-01
2 Бостандық ОМ Сарбасова А.К.
Т. 8-715-41-5-18-81
3 Белое а/о Қасенова Бибігүл Нұрманқызы 8(71541) 51607 БелоеОМ Хоменко Е.В.
Т. 8-715-41-5-16-85
4 Воскресенов а/о Қусаинов Нұрлан Мұқажанұлы 8(71541)23432 Воскресенов ОМ Камалетдинова Э.Н.
Т. 8-715-41-2-34-89
5 ВоскресеновМҮ
6 Дубровноеа/о Жүсіпова Бағыт Бексұлтанқызы 8(71541)79027 ДубровноеОМ Кустаева Т.С.
Т. 8-715-41-2-54-59
7 МихайловкаОМ Рамазанова Р.У.
Т. 8-715-41-5-27-01
8 Краснознамен а/о Копендаков Александр Николаевич 8(71541)29188 Краснознамен ОМ Ташмаганбетов М.И.
Т. 8-715-41-2-91-93
9 БеловкаБМ Мясоедова О.А.
Т. 8-715-41-5-19-26
10 КалугиноБОМ Кулибекова А.К.
Т. 8-715-41-5-17-98
11 Қызыләскер а/оКурумбаев Берык Какенович8(71541)51779 Қызыләскер ОМ Фельбуш О.С.
Т. 8-715-41-5-17-30
12 Леденев а/оСәрсенбаев Серғали Сәбитұлы8(71541)52974 Леденев ОМ Головин Г.В.
Т. 8-715-41-5-29-72
13 Ленин а/оСамұратов Бүркітбай Мұсаипұлы8(71541)52041 Ленин ОМ Мукужанова А.Б.
8-715-41-5-17-14
14 Новомихайлов а/о Уәлиев Беркімбай Сапарұлы 8(71541)52262 Новомихайлов ОМ Тулепбергенов С.Р.
Т. 8-715-41-5-22-23
15 Бексеит ОМ Балаганов Е.Б.
Т. 8-715-41-5-23-80
16 Минкесер ОМ Кажекова Ш.Ш.
Т. 8-715-41-2-61-12
17 Пригород с/о Бәкеев Нұрқан Болатұлы 8(71541)79023 Покровка ОМ Кажмуратова Н.М.
Т. 8-715-41-2-41-43
18 Становской с/о Әбденов Рахымжан Ғабдолұлы 8(71541)52832 Афонькино СШ Бекенова Ж.С.
Т. 8-715-41-5-28-29
19 Город МамлюткаБәкеев Серік Болатұлы8 (71541) 21103 №1Мамлют мектеп-гимназиясы Бюрекбаев Г.С.
Т. 8-715-41-2-21-53
20 №2Мамлют ОМ Прелгаускас Д.К.
Т. 8-715-41-2-13-67
21 Х.Бектұрғанов атындагы №3Мамлют ОМ Габбасов Е.Ш.
8-715-41-2-21-07
22 Казақ мектеп-интернаты Ахметов Б.Т.
Т. 8-715-41-2-08-62
23 Санаторлықмектепинтернаты Абдрахманова К.Ж.
Т. 8-715-41-2-07-09

18.07.2017 15:31

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика