Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Сіз білесіз бе || Сіз білесіз бе

Сіз білесіз бе

«Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурс туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурс өткізіледі.

Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитет 2017 жылғы «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсты жариялайды.

Конкурс 3 кезеңмен өткізіледі: бірінші кезең — аудандық (қалалық), екінші кезең — облыстық, үшінші кезең — ұлттық.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырыстар қажет құжаттарды қоса берумен арнайы нысан бойынша аудандық (қалалық) комиссияларға 2017 жылдың 1 сәуірінен 30-на дейін беріледі.

Толық ақпаратты сіздер сайттан ала аласыздар www.kaztube.kz.



ҮЕҰ Дерекқоры бойынша жадынама

Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртiбi туралы әдiстемелiк ұсынымдар

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша сұрақ-жауаптар

Үлескер не білу қажет

Үлескер не білу қажет

21.09.2016

Хабарландыру

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» ММ Мамлютка қаласының тұрғындарына 2016 жылдың 22 қыркүйек күнi сағат 10-00-де «СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Ленин көшесi, №3/1-үй мекенжайы бойынша гараж құрылысы» шаруашылық қызметiнiң қоршаған ортаға әсерiн бағалау материалдары бойынша мына мекенжайда қоғамдық тыңдау өтетiнiн хабарлайды: СҚО, Мамлютка қаласы, Ленин көшесi №3, телефон номерi: 8 (71522) 52-85-85, е-mail 850828@mail.ru.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз бен ескертулерiңiздi сауалдама парақтарында көрсетулерiңiздi сұраймыз: Zip (1,29 Mb)

Қаржы мониторингi субъектiлерiне ақпарат үшiн

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi комитетi (бұдан әрi — Комитет) 2016 жылдың 20 сәуiрiнен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрi — АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерiстер енгiзуiмен байланысты, қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзiмiнiң кеңейтiлуi туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесi мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

  • лизинг берушi ретiнде лизингтiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • ломбардтар;
  • бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлiк бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату мәмiлелерiн жүзеге асыру кезiнде делдалдық қызметтер көрсететiн дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттiк органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекiту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметтi жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсiндiру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткiзуi жоспарланып отыр.

Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерiнiң өкiлдерiң, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесi ақпаратты: ұйымның атауы, тiркеу мекенжайы, өкiлдiң Т.А.Ә, телефон нөмiрлерiң, жолдауынызды сұраймыз.

Жұмыс кездесуiнiң күнi және уақыты туралы ақпарат, Сiздермен көрсетiлген байланыс деректерiне байланысты қосымша хабарланады.

Сұраулар бойынша телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық — жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актiлерiн дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгiлерi:

  1. сiз жұмыс iстейтiн немесе үйдiң ауласында, ғимарат айналасында (жиi баратын жерiңiздi) күдiктi тұлғалардың бiрнеше рет көрiнуi, фото және бейне түсiрме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерiмен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттерi (басын түсiру, бұрылып кету, бетiн жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кiруi;
  4. тұрғын және әкiмшiлiк ғимараттарға қызмет көрсететiн персоналдар және күзетушiлермен бейтаныс адамдардың негiзсiз байланысқа түсуi, олардан жұмыс тәртiбi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнiнде мәлiметтердi жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйiншек, посылка берiп жiберу) iрi сыйақыға орындайтын тұлғаларды iздеуi.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда келесi iс-қимылды орындау қажет:

  1. Ұстауға өздiгiмен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнiнде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзiңiз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгiлерiн, киiмдерiн және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлiк номерiн және маркасын, қозғалыс бағытын белгiлеп алу.

Күдiктi зат тауып алған кездегi тұрғындарға арналған жаднама

Бiлiңiздер: заттардың сыртқы көрiнiсi оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкiн. Жарылғыш заттар үшiн камуфляж есебiнде әдеттегi тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйiншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупiн куәландыратын, белгiлерi:

  1. көлiк маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгiсiз түйiншектiң немесе басқада бiр заттардың болуы;
  2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кiреберiсте, пәтер есiгiнiң, көлiктiң маңында өзгеше орналасуы;
  3. табылған күдiктi заттан шудың шығуы (сағат механизмiне, жиiлiгi төмен дыбысқа тән).

Егер де сiз күдiк тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактiнi назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлiкте:

  • заттың (сөмкенiң және т.б.) кiмдiкi екенiн немесе кiм қалдырып кетуi мүмкiн екенiн қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргiзушiге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2) үйiңiздiң кiре берiсiнде:

  • көршiлерден сұраңыз, мүмкiн ол зат соларға тиесiлi шығар. Егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкiндiк болса, заттың иесiн анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
  • затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендердi жiбермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат берiңiз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

  • тауып алған зат туралы объект күзетшiсiне немесе әкiмшiлiгiне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдiк тудыратын заттармен жеке iс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкiн, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуi мүмкiн.

Үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бiр жерден екiншi жерге апаруға, қолға алуға;
  • табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темiрлердi немесе сымдарды үзiп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • табылған заңсыз затты пайдалануға;
  • оған жақын аралықта радио- және электрлi-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың iске қосылуы нәтижесiнде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сiз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бiрiншi кезекте түтiн мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиiссiз.

Егер сiз жарылыс кезiнде зардап шекпесеңiз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерiн бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есiн жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есiн мүсәтiр арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану — бұл организмнiң сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлерi болмаса (оның сүйектерiн мұқият басып көрiңiз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетiнен жатса тұншығып қалуы мүмкiн. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жiппен, белбеумен, баумен, белдiкпен таңу керек.

Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерi арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бiрқалыпты тыныс алыңыз. Өзiңiздi құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң түбiнде қалсаңыз, сiздi жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшiн кез келген металл затты (сақина, кiлт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекiтулi кеңiстiкте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегiн сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкiндiгiңiз болса, қолға ұстауға келетiн заттардың (тақтайлар, кiрпiштер және т.б.) көмегiмен төбенi бекiтiңiз, содан соң көмек күтiңiз. Қатты шөл қысқан кезде кiшкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепiлге алған жағдайдағы iс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепiлге алудың әрбiр нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленедi.

Сонымен қатар егер сiз кепiлге алынсаңыз:

  1. өз-өзiңiзге мүмкiндiгiнше жылдам келiңiз, тынышталыңыз және үрейленбеңiз;
  2. егер өзiңiздi байлап немесе көзiңiздi жапса, бойыңызды еркiн ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  3. болуы мүмкiн қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепiлге алынғандардың тiрi қалғандығын есте сақтаңыз. Сiздi босату үшiн құқық қорғау және арнайы органдары кәсiби шаралар қолданып жатқанына сенiңiз;
  4. егер қашып кете алатыныңызға толық сенiмдi болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
  5. террористер туралы мүмкiндiгiнше көбiрек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесiн мақсатқа сай белгiлеу, дене бiтiмiне, сөйлеу акцентi мен тақырыбына, темпераментiне, өзiн ұстау мәнерiне және т.б. сыртқы пiшiнiн сипаттайтын ерекшелiктерге көңiл аудара отырып, барынша толық кескiнiн жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердiң жеке бастарын анықтауда көмегi тиедi;
  6. әр түрлi белгiлер бойынша өзiңiз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
  7. мүмкiндiгiнше терезелерден, есiктерден және адам ұрлаушылардың өздерiнен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсендi шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердiң қылмыскерлердi көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауiпсiз жерге орналасыңыз;
  8. ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңiзге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
  9. егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сiзбен әдепкiде (Сiздiң жеке басыңызды анықтағанға дейiн) ықтимал қылмыскер ретiнде бiрқатар дөрекi iс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сiздi тiнтуi, қолыңызға кiсен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкiн. Бұл тәрiздi жағдайларға түсiнiстiкпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттерi (барлық адамды түпкiлiктi сәйкестендiргенге және шынайы қылмыскерлердi анықтағанға дейiн) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

  1. агрессивтi қарсылық көрсетпеңiз, шалт және қауiп төндiретiн қимыл жасамаңыз, террористердi өздерi ойластырмаған iс-әрекеттерге итермелемеңiз;
  2. мүмкiндiгiнше адам ұрлаушылармен тiкелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
  3. бастапқыдан-ақ (әсiресе, бiрiншi жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкiмiн орындаңыз;
  4. пассивтi ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесiңiз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкiн дұшпандық рең мен iс-қимылға шақыратын жек көрушiлiк сезiмiн бiлдiруден қашыңыз;
  5. өзiңiздi сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзiлдi-кесiлдi қарсылық жасамаңыз, бiрақ өзiңiзге өте қажеттi жағдайда сабырмен өтiнiш жасаудан қорықпаңыз;
  6. аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкiн денсаулық кiнәратыңыз болса, бұл туралы өзiңiздi ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткiзiңiз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, бiртiндеп өзiңiздiң жай-күйiңiздi жақсартуға байланысты өтiнiштер деңгейiн арттыруға болады.

Кепiлдiк жағдайында ұзақ болған кезде:

  1. уайым, абыржу және асып-сасу сезiмiнiң орын алуына жол бермеңiз. Алдағы сынақтарға өзiңiздi ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсендiлiгiн сақтаңыз;
  2. ашыну сезiмiнiң пайда болуынан қашыңыз, ол үшiн өз-өзiңiздi сендiрудiң iшкi ресурстарын пайдаланыңыз;
  3. жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсiрiңiз. Уақыт өткен сайын сiздi босату мүмкiндiктерiнiң арта түскенiн ойлаңыз. Сiздi дәл қазiр босату үшiн барлық мүмкiндiктердiң жасалып жатқандығына сенiңiз.
  4. өзiңiзге тұрақты айналысатын бiр iс (дене жаттығулары, кiтап оқу, өмiр туралы естелiктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық iс-қимылдың тәулiктiк кестесiн белгiлеңiз, оларды қатаң әдiстемелiк тәртiппен орындаңыз;
  5. күшiңiздi сақтау үшiн, тiптi ұнамаса және тәбетiңiздi ашпаса да берген тағамның бәрiн жеңiз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетiңiз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепiлдегi адамды құтқарудың маңызды шарттарының бiрi. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкiндiк беретiн жағымсыз әсерлер мен күйзелiстерден оқшаулайтын кез келген амал-әдiстер тиiмдi. Келесi ережелердi ұғып алған пайдалы:

  1. аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегi барлық бұлшық еттердi кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
  2. барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседi;
  3. iшiңiзден оқыған кiтаптарыңызды, өлеңдерiңiздi, әндерiңiздi есiңiзге түсiрiңiз, жүйелi түрде әр түрлi дерексiз проблемаларды (математикалық есептердi шығарыңыз, шетел сөздерiн есiңiзге түсiрiңiз және т.б.) ойлап алыңыз. Сiздiң ақыл-ойыңыз жұмыс iстеуi керек.
  4. егер мүмкiндiк боласа, қолыңызға түскеннiң бәрiн, тiптi оның мәтiнi сiзге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-естi сақтауға көмектесетiн осы үдерiстiң өзi маңызды.
  5. Болып жатқан жағдайларды жүрегiңiзге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейiн iстiң сәттi аяқталатынына сенiңiз. Қорқыныш, торығу мен селқостық — бұл үшеуi сiздiң негiзгi жауыңыз, оның бәрi — өз iшiңiзде жатыр.

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегi тұрғындардың iс-қимылдары жөнiндегi жаднама

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiрудi бастау туралы ақпаратты үйiңiзде естiсеңiз:

  1. ауа-райына қарай киiнiңiз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрдi, газды, суды ажыратыңыз, пештегi (алау ошақтағы (камин) отты сөндiрiңiз;
  3. көшу кезiнде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетiңiз;
  4. кiреберiс есiктi құлыпқа жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiрушiнiң командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейiн ғана қайта оралыңыз.

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естiсеңiз:

  1. асықпай және дүрлiкпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кiлтпен жабылатын үстел жәшiктерiне жинаңыз;
  2. өзiңiзбен бiрге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндiрiңiз;
  4. есiктi кiлттеп жабыңыз және көшiру тәсiлiнде белгiленген бағытпен жүрiңiз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiру басшысының командасын орындаңыз.

Мүлiктi жария ету бойынша атқарылған жұмыс туралы

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес мүлiктi жария ету бойынша жұмыс Мамлют ауданы әкiмiнiң 2014 жылғы 02 қыркүйектегi шешiмiмен құрылған Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы комиссиямен жүзеге асырылады.

Мүлiктi жария етудiң өткен мерзiмiнде мүлiктi жария етуге 3 өтiнiш берiлдi, оларды жұмыс тәртiбiнде қарастырып, Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссиямен өтiнiш иелерiне төмендегi шешiмдер берiлдi:

1. Дундуа Отари Автандиловичтiң 2014 жылғы 2 желтоқсандағы өтiнiшiне.

№ 1 базар ғимаратын жария ету туралы, бағалау құны 5 млн. теңге, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңының 3 бабына 1 тармағына 5 тармақшасына сәйкес комиссия мүлiктi жария етуден бас тартты, мүлiктi жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиiстi базар ғимараты жер учаскесiнiң нысаналы тағайындауына сай емес. Комиссия мүлiктi жария етуден бас тарту үшiн негiз болған себептердi жоюға және комиссияға өтiнiш беруге ұсыныс бердi.

2. Бехтольд Людмила Алексеевнаның 2014 жылғы 25 желтоқсандағы өтiнiшiне.

№ 2 тұрғын үйдi жария ету туралы, бағалау құны 1,5 млн. теңге, «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау мәселелерi бойынша толықтырулар енгiзу туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Заңының 3 бабына 1 тармағына 5 тармақшасына сәйкес комиссия мүлiктi жария етуден бас тартты, мүлiктi жария етуге Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан құрылыс нормаларына және ережелерiне сай келетiн, сонымен қатар мүлiктi жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиiстi ғимараттар (құрылыстар, имараттар) жатады, Мамлют ауданының әдiлет басқармасы басшысының 2015 жылғы 09 қаңтардағы №06-02/19 ақпаратына сәйкес тұрғын үй орналасқан жер учаскесi мүлiктi жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиiстi емес.

3. Краснов Виктор Викторовичтiң 2015 жылғы 17 ақпандағы өтiнiшi.

№ 3 пәтердi жария ету туралы, бағалау құны 20 мың теңге, мүлiктi жария етудi жүргiзу үшiн заңнама талаптарына сай емес, осыған байланысты өтiнiш қайтарылды.

Өтiнiш иелерiне осы шешiмдердi Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған сот тәртiбiнде шағымдануға құқығы бар екендiгi туралы түсiнiктеме берiлдi.

Мүлiктi жария ету бойынша атқарылған жұмыс туралы халықты ақпараттандыру мақсатында комиссиямен — БАҚ 15 мақала берiлдi, 4 семинар, 1 — ашық есiк күнi өткiзiлдi, Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң интернет ресурсында 12 мақала орналастырылды.

Мүлiктi жария ету жөнiндегi
комиссия хатшысы

Мамлют ауданының қоғамдық кеңесi 2016 жылдың 14 наурызында сағат 11.00-де Мамлют ауданы мәслихаты депутаттарының мәжiлiс залында (А. Құнанбаев қ., 5, 2 қабат) төмендегi нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша қоғамдық тыңдауды өткiзедi:

  1. 2016 жылға Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының аумағында тұратын нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тiзбесiн белгiлеу және нысаналы топтарды анықтау туралы.
  2. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзудiң қосымша тәртiбiн регламенттеу туралы.
  3. Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң «Мамлют аудандық мәслихаттың «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 49/2 шешiмiн iске асыру туралы» қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы.

«Ашық есiк күнi» акциясын өткiзу туралы

2016 жылдың 25 ақпанында сағат 9-00-ден 18-30-ге дейiн, түскi үзiлiспен Мамлют ауданы Мамлютка қ. Ленин к. 40 үй, № 8 каб мекенжайы бойынша Мамлют ауданы бойынша мүлiктi жария ету комиссия Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасымен бiрге екiншi деңгейдегi банк және «Қазпошта» АҚ өкiлдерiнiң қатысуымен «Ашық есiк күнiн» акциясын аудан халқына мүлiктi жария ету мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмысын жүргiзу үшiн өткiздi. Қабылдауда 20 адам болды.

Қойылған сұрақтардың iшiнде мүлiктi жария ету, оны жүргiзу мерзiмдерi мен жария етуге жататын мүлiк, шет елдегi ақша мен үйлердi жария ету ережелерi туралы сұрақтар болды.

Барлық қойылған сұрақтарға толық жауаптар берiлдi. Соңында мүлiктi жария ету жөнiнде әр түрлi ескертулер табыс етiлдi.

«Ашық есiк күнi» акциясын өткiзу туралы

Мамлют ауданының әкiмдiгi
жанындағы мүлiктi жария ету
жөнiндегi комиссияның хатшысы
Е. Самарханұлы

«Ырыс» қаржыландыру бағдарламасы

Бағдарламаның мақсаты: IҚМ 50 бастан 100 басқа дейiнгi сүттi-тауарлы фермаларды құру және кеңейту.

Мақсатты топ: шаруа қожалықтары мен фермерлiк шаруашылықтар, жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар.

Мақсатты бағыттау:

  • сүттi бағыттағы IҚМ асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу;
  • инвестициялық салымдарда ауыл шаруашылығы кешенi субъектiлерiнiң шығындардың бөлiгiн қайтару бойынша субсидиялау Ережелерiне сәйкес, субсидиялауға кiретiн қажеттi ауылшаруашылық техникасы мен сүттi-тауарлы фермаларға арналған құрал-жабдықтарын сатып алу;
  • айналымдық капиталды толықтыру.

Қаржылық инструмент:

  1. қарыз/ жаңартылмайтын несие жүйесi — сүттi асыл тұқымды IҚМ аналық басын сатып алуға;
  2. қарыз/ жаңартылмайтын несие жүйесi/ лизинг — қажеттi техника мен құрал-жабдықтарды сатып алуға;
  3. зарыз/ жаңртылмайтын несие жүйесi — жалпы көлемi қарыз/ несие жүйесi/ лизинг сомасынан 15% аспайтын айналымдық капиталды толықтыруға.

Қарыздың максималды сомасы: 60 (алпыс) миллион теңгеге дейiн.

Сыйақы үстемесi:

  1. жылдық 4% — сыйақы үстемесiн субсидиялаумен;
  2. жылдық 11% — сыйақы үстемесiн субсидияланбаған жағдайда.

Тиiмдi сыйақы үстемесi:

  1. сыйақы үстемесiн субсидиялаумен жылдық 4,1% аспайды;
  2. сыйақы үстемесiн субсидияланбаған жағдайда 11,7% аспайды.

Қарыз/несие жүйе/ лизингтiң мерзiмi:

  1. 84 (сексен төрт) айға дейiн;
  2. айналымдағы капиталды толықтыруға 24 (жиырма төрт) айға дейiн.

Лизинг үшiн мерзiмдi есептеу тараптар лизинг затын тапсыру-қабылдау актiсiне қол қойған күннен есептеледi.

Негiзгi борышты өтеу мерзiмдiлiгi: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда бiр рет/ жылына бiр рет, мерзiмнен бұрын жартылай/толық қайтару мүмкiндiгiмен.

Сыйақыны өтеу мерзiмдiлiгi: ай сайын/ тоқсан сайын/ жарты жылда 1 рет, несиелендiру мерзiмi кезiндегi нақты қолданылған уақытты ескере отырып есептелген сыйақы көлемiн мерзiмнен бұрын төлеу мүмкiндiгiмен.

Негiзгi борышты өтеу бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:

  • 24 (жиырма төрт) айдан аспайды;
  • айналымдағы капиталды толықтыру үшiн қарыздар бойынша 12 (он екi) айдан аспайды.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңiлдетiлген мерзiм:

  • 12 (он екi) айдан аспайды;
  • айналымдағы капиталды толықтыру үшiн қарыздар бойынша 6 (алты) айдан аспайды.

Лизинг бойынша бастапқы жарнаның көлемi: бастапқы жарна ақшалай қаражат түрiнде Лизинг заты бағасының 15% кем емес.

Қамту: Қоғамның Кепiлдiк саясатына сәйкес.

Қарыз алушыға қойылатын негiзгi талаптар:

  1. төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылық;
  2. несие өтiнiшiн берген/қаралған күнiне бюджетке салықтық және басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
  3. соңғы есептi күнге (өтiнiш беретiн айда) ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
  4. несиелеуге болатын несиелiк тарих (несие тарихы бар болса);
  5. мал ұстауға қажеттi инфрақұрылымның болуы (елдiмекеннен тыс жер телiмде орналасқан электр, сумен қамтамасыз етiлген сүттi-тауарлы миниферма);
  6. жем-шөп базасымен қамтылу (жайылым, егiстiк, шөп шабатын жерлердiң болуы, оның iшiнде бiрлескен қызмет туралы келiсiм-шарттар бойынша);
  7. шаруашылықта ветеринарлық-санитарлық сау жағдайының болуы;
  8. өзiндiк IҚМ аналық басының болуы, несие қаржысына сатып алынатын мал санына арақатынасы 1:5.

Жобаға қойылатын негiзгi талаптар:

  1. сатып алынатын мал сүттi бағытта болуы тиiс;
  2. сатып алынатын асыл тұқымды сүттi iрi қара малдың жасы жабдықтаушыда карантинге қойылған уақытта: тайыншалар — 12 айдан 18 айға дейiн (қоса есептегенде); құнажындар — 26 айға дейiн (қоса есептегенде) болуы тиiс.
  3. IҚМ 50-ден 100-ге дейiн аналық мал басына арналған, құрылған сүттi-тауарлы миниферманың болуы, ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң ұсынылған талаптарына сәйкес;
  4. электрқамтудың қосымша көзiнiң (тиiстi қуаттылықтағы дизель-генератор) және малды суаратын су қоймасының болуы;
  5. сиырларды еркiн жайылатын алаңдары бар мал қорада ұстау;
  6. меншiктегi және сатып алынатын малдың идентификациялауы, ауыл шаруашылық малды идентификациялау ережелерiне сай;
  7. штатта ветеринардың болуы немесе ветеринария саласында аттестациядан өткен кәсiпкерлiкпен айналысатын жеке және заңды тұлғалардан ветеринарлық қызмет алуы шарт;
  8. сүттi асыл тұқымды бұқа-өндiрушiнiң аналық мал басына 1:30 арақатынасымен болуы, немесе қолдан ұрықтандыруды өткiзу туралы мамандандырылған ұйымдармен келiсiм-шарттың болуы;
  9. меншiктегi асыл тұқымды бұқа-өндiрушiлер сүттi тұқымды болу керек, асыл тұқымдылығын дәлелдейтiн куәлiк пен ветеринарлық төлқұжат болуы керек;
  10. қолдан ұрықтандыруда сүттi асыл тұқымды бұқаның тұқымы болу керек;
  11. несиелеудiң толық мерзiмi бойынша аналық мал басының саны қарыздық қаражатқа сатып алынған мал басы санына тең сақталуы тиiс;
  12. сүт өнiмдерiн қабылдайтын ұйымдармен кемiнде 1 жылға өнiмдi өткiзу туралы келiсiм-шарт болуы керек, Қарыз алушы бiр ауысымда 500 литр сүттi өндей алатын құрал- жабдығы болып, сүт өндеумен өзi айналысқан жағдайды қоспағанда;
  13. құрал-жабдықтарды, техниканы, сүттi IҚМ аналық мал басын жеткiзушiлермен ниет туралы келiсiм-шарттардың болуы.

«Сүт қабылдау пунктерiн ашу және дамыту» бағдарламасы:

Мақсаты: Сүт қабылдау пунктерiн ашу және дамыту.

Мақсатты бағыттау:

  • сүт қабылдау пунктi үшiн техника және/немесе құрал-жабдықтар сатып алу;
  • қарыз сомасының 25%-нан артық емес мөлшерде айналым капиталын толықтыру.

Қарыз сомасы: жобаны қаржыландыру туралы жағымды шешiм қабылданған жылы үшiн Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген айлық есептiк көрсеткiштiң сегiзмыңдық деңгейге дейiн.

Ставка үстемесi:

  1. жылдық 7% — сыйақы үстемесi субсидияланған жағдайда;
  2. жылдық 14% — сыйақы үстемесi субсидияланбаған жағдайда.

Қарыз мерзiмi: техника және/немесе құрал-жабдықтар сатып алу үшiн 48 айға дейiн, айналым капиталын толықтыру үшiн 24 айға дейiн.

Негiзгi борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңiлдетiлген мерзiм: техника және/немесе құрал-жабдықтар сатып алуға 12 айдан артық емес; айналым капиталын толықтыруға 6 айдан артық емес.

Жобаға қойылатын негiзгi талаптар:

  • тек қана жаңа техника мен жабдықтар алынады;
  • қажеттi ғимараттың бар болуы немесе сүт қабылдау пунктңн салу үшiн қажеттi қаражаттың бар болуы;
  • сүттi қайта өңдейтiн ұйыммен кемiнде 1 жылға өнiмдi өткiзу туралы келiсiм-шарт болуы керек;
  • сүт қабылдау пунктi сүттi ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден сүттi қайта өңдейтiн зауыттан 50 шақырым қашықтықта қабылдау керек;

Негiзгi шарттар: несие беру кезiнде басымдық сүттi қайта өңдейтiн жобаларға берiледi.

Контакты: АО «Фонд финансовой поддержки с/х», тел., факс: 8(7152) 46-51-48; эл. адрес: sko@fagri.kz

Ашық есiк күнi

2016 жылы 25 ақпанда сағат 09-00-ден 18-30 дейiн, түскi үзiлiспен Мамлют ауданы Мамлютка қаласы Ленина көшесi 40 үй №8 кабинетте Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi жанында мүлiктi жария етуге байланысты рақымшылық жасауға арналған комиссия Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы мен облыстың екiншi деңгейдегi банк өкiлдерiнiң қатысуымен, аудан тұрғындары арасында мүлiктi заңдастыру мәселелерi жөнiнде ақпараттық-түсiндiрмелiк жұмыс жүргiзу үшiн «Ашық есiк күнi» өткiзедi. Сiздердi қатысуға және қажет ақпаратты алуға шақырамыз.

Қосымша ақпаратты Сiздер мына телефон нөмiрi бойынша аласыздар: 8 (71541)21031.

Аудан әкiмiнiң 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 26 шешiмiмен Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi жанында мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссиясына өзгерiстер енгiзiлдi

Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссияның құрамы

Ғаббасов Рустам Алтайұлы Мамлют аудан әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы
Биктимиров Амир Камильевич Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары
Еркін Самарханұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют аудан әкімнің көмекшісі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Нұралина Әйгерім Ғалымқызы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әділет басқармасының басшысы (келісім бойынша)
Есмұқанов Самат Аманбайұлы Мамлют ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (келісім бойынша)
Уразов Ержан Бейсенұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының жер қатынастары бөлімі басшысы
Смаилов Сейілбек Қайыржанұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы (келісім бойынша)
Бикина Зейняп Халиуловна Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы (келісім бойынша)
Әмірин Қайсар Өмірбайұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы
Кенжибаев Қуандық Серікұлы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданынң құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы
Бектасов Жамбыл Зикенұлы Солтүістік Қазақстан облысының жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының Мамлют аудандық филиалының басшысы
Иржанова Айнагүл Сәбитқызы Мамлют ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімнің меңгерушісі

Мүлiктi жария етудегi барлық сұрақтар бойынша келесi мекенжайға хабарласыңыздар: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к-сi, 12, №7 бөлме, жұмыс тел.: 87154121031.

Мүлiктi жария ету

Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 30 маусымындағы «ҚР-ның азаматтарына, оралмандарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қабылданды. Мүлiктi жария ету мерзiмi 2016 жылдың 31 желтоқсанында дейiн ұзартылды.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария етудi Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi жанында мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия өткiзедi. Орналасқан мекен жайы: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к-сi, 12, №7 бөлме, жұмыс тел.: 87154121031.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi жария етудi Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы жүргiзедi.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегi мүлiктi жария етудi өткiзу жөнiнде сұрақтармен Мамлют ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасына хабарласуға болады. Мекен-жайы: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Ленин к-сi, 40, №1 бөлме, жұмыс тел.: 87154121698.

Мүлiктi жария ету жөнiндегi
комиссия хатшысы

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды жергiлiктi бюджеттен субсидиялау үшiн ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерден, жеке және заңды тұлғалардан, бiрiншi және екiншi деңгейдегi семiрту алаңдарынан малды семiрту бойынша қызметтердi алушылар, өндiрудiң бiрiншi деңгейдегi алаңдарға семiрту үшiн жас бұқалардың жеткiзудi жүзеге асыратын, сонымен қатар мемлекеттiк ветеринария мекемелерiне, жеке қосалқы шаруашылықтан құралған жалпы табында өндiрушi бұқаларды қолдануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттiк ветеринария мекемелерiне және жасанды ұрықтандыру бойынша қызметтердi көрсетушiлерге, асыл тұқымды малдық салмағы және ауыл шаруашылығы жануарларының өнiм сапасын жоғарлату, мал тағамдарын арзандату ауыл шаруашылығы өнiмiнiң өз бағасының төмендеуi мақсатында мал шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламаларына қатысу үшiн ауыл шаруашылық тауарөндiрушiлерден өтiнiмдердi қабылдауы басталуы туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 20 шiлдедегi № 3-1/671 бұйрығы.

Тауарөндiрушiлер сәйкес негiздердiң пайда болуына қарай «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ-не «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында» көрсетiлген бағыттарға сәйкес субсидиялауға жататын, нақты көлемдерге субсидия алуға өтiнiмдердi тапсыруға.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығы, Қазақстанның күнделiктi жалпы ұлттық «Казахстанская правда» сейсенбiлiк газетiнде 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (27875) жарияланған.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрiнiң «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 20 шiлдедегi № 3-1/671 бұйрығы Қазақстан Республикасының «Әдiлет» нормативтiк құқықтық актiлерi ақпаратттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған.

Қосымша ақпараты «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ-де алуға болады.

Байланыс телефондары 87154121975(21678), e.mail: maml-osh@sko.kz

Ауыл шаруашылық тауарөндiрушiлер назарына!

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ Қазақстан Республикасы АШМ 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 бұйрығына өзгерiстер және толықтырулар енгiзу туралы ҚР АШМ 2015 жылғы 3 маусымдағы № 4-2/514 бұйрығын орындау мақсатында 2015 жылғы екiншi және үшiншi репродукция егiс тұқымдарын субсидиялдауға қатысуға ауданның ауыл шаруашылығы тауарөндiрушiлерден өтiнiмдердi қабылдаудың басталуы туралы хабарлайды. Өтiнiмдер 2015 жылдың 9 қазанынан 20 қазанына дейiн қабылданады.

Өтiнiмдердi қабылдауды «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ жүргiзедi.

Жұмыс күндерi сағат 9:00 ден 18:00 дейiн, үзiлiс сағат 13.00 ден 14.00 дейiн. Мекенжай: Мамлютка қаласы А. Құнанбаев көшесi, 5.

Жария ету: соңғы науқан

2014 жылғы 1 қыркүйекте елiмiзде «Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұрұға ықтиярхаты бар тұлғалардың мүлiктi жария етуiне байланысты оларға рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресми түрде капитал мен мүлiктi жария ету басталды.

Мүлiктi жария ету дегенiмiз — табысты жасыру мақсатында заңды экономиқалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген, не тиесiлi емес тұлғаға ресiмделген, мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi. Ел Президентi Н.Ә. Назарбаев мүлiктi жария етудiң соңғы мүмкiндiгiн пайдалануға шақырды және жария ету бойынша өткiзiлiп отырған науқан соңғы болатынын хабарлады.

«Бұған дейiнгi талпыныстарға қарағанда, бұл науқан жалпыға бiрдей дерлiк мағлұмдау енгiзiлгенге дейiн әрекет етуi тиiс. Бағдарламаның жылдамдығын, құпиялылығын, объективтiлiгiн, нарықтылығын қамтамасыз ету қажет», — дедi Мемлекет басшысы.

Қазақстанда жария ету екi мәрте өткiзiлдi. 2001 жылы ақшаны жария ету екi өттi. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң деректерi бойынша оның барысында заңды айналымға 480 миллионнан астам АҚШ доллары қайтарылды.

2006-2007 жылдары ақшадан басқа жылжымалы және жылжымайтын мүлiк те жария өтiлдi. Ақша түрiнде науқаннан түскен пайда шамамен 845 миллиард теңгенi немесе 7 миллиардқа жуық АҚШ долларын құрады, яғни сол жылдың ЖIӨ-iне шаққанда 8,3 пайыз болды. Екiншi науқанның тағы бiр ерекшелiгi жария еткенi үшiн алым жиналды. Соның арқасында ел бюджетiне шамамен 60 миллиард теңге түстi.

Бұл жария ету науқанының ерекшелiгi — жария ету науқанының бiрiншiсiнде тек банк шоттарындағы ақшаны көрсету мақсаты көзделсе, бүгiнгi жария ету науқанында жария өтiлетiн ақша табыс болып танылмайды, оларға ешқандай салық салынбайды, бiрақ бұл ақша банк шоттарына түсуi және экономика барысында, атап айтқанда, бес жыл iшiнде жұмыс iстеуi керек немесе олар заңды инвестициялық құралдарға жiберiлуi мүмкiн.

Жария ету нәтижелерiнен сыртқы және iшкi қор көздерiнен жұмыс iстемейтiн қаражат түсiмiн күтуде, ол экономиканы кредиттеудi арттыруға, келеңкелi айналым көлемiн азайтуға негiз болады, сондай-ақ, Қазақстан азаматтары үшiн де, жалпы ел экономикасының дамуы үшiн оң әсер ететiн бюджет түсiмдерiнiң ұлғаюына жол ашады.

Мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия хатшысы

Демалыс түрлерi және оларды беру тәртiбi

ҚР Конституциясында қызметкердiң демалуына құқығы бекiтiлiген: «Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi» (24-б.).

Қазақстан Республикасында Еңбек кодексi осы құқықты бекiтедi және демалыс беру тәртiбi мен түрлерiн реттейтiн мақалалардан тұрады (100-б.-114-б.).

ҚР еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлерi:

  1. жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
  2. әлеуметтiк демалыстар берiледi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлерi берiледi:

  1. жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы;
  2. ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.

Әлеуметтiк демалыс деп ана болуға, балалардың күтiмiне, өндiрiстен қол үзбей бiлiм алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату түсiнiледi.

Қызметкерлерге әлеуметтiк демалыстардың мынадай түрлерi:

  1. жалақы сақталмайтын демалыс;
  2. оқу демалысы;
  3. баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар берiледi.

Егер қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы берiледi.

Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары:

  1. ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары берiледi;
  2. бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары берiледi.

Қызметкерлердiң өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ең төменгi ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленуi мүмкiн.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздiксiз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделi, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшiн көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгiленуi мүмкiн.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, еңбек демалысы күндерiне тура келетiн мереке күндерi есепке алынбай, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейдi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:

  1. нақты жұмыс iстелген уақыт;
  2. қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
  3. қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
  4. қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.

Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 213-бабында белгiленедi. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстiң 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстiң 108 және 109-баптарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ауыстырылады, ұзартылады, үзiледi. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берiлген жағдайда — ол берiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:

  • қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыста болған;
  • егер бұл үшiн заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттiк мiндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бiр бөлiгi ауыстырылады.

Жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызметкердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi, жүктi әйелдердi және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берiлмейдi.

Еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде оған жалақы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады. Жұмыс берушi: неке тiркелген; бала туылған; жақын туыстары қайтыс болған; еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезiнде қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi. Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервтi даярлау бағдарламасынан өту үшiн оқу демалыстары берiледi. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.

Жүктi әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар:

  1. жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс;
  2. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс;
  3. бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс берiледi.

Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.

Еңбек демалысын екi жыл бойы қатар бермеуге тыйым салынады.

СҚО Мемлекеттiк еңбек
инспекциясы басқармасының
мемлекеттiк инспекторы
Ж.Н. Туралинов

Қазақстанда жеке куәлiк пен төлқұжатты ауыстыру жалғасуда

2015 жылдың 13 тамызына дейiн ескi үлгiдегi жеке куәлiк ЖСН жәрәмсiз болып табылады. Соған байланысты, Қазақстан Республикасы азаматына (қатаң түрде) жаңа куәлiк қызметiне ауыстыруға ұсынуға болады.

Жеке куәлiк жаңа үлгiсi «Қазақстан Республикасы халқын құжаттандырудың әрбiр сұрағы туралы» үкiметтiң қаулысын бекiту «Электронды үкiметтi» мемлекеттiк бағдарламасын ресiмдеу. 2009 жылдың 8 қыркүйегiнен бастап шығады.

Соның iшiнде, шағын сызбаның чипi мiндеттенедi. Барлық нақты құжаттыны электронды түрде енгiзу құжат иесi туралы: жеке сәйкестендiру нөмiрi, заңды мекен-жайы, цифорлы фотосурет, оның жеке сәйкестендiруi нөмiрi автоматты түрде.

Қазақстан Республикасының жеке куәлiгi мен төлқұжаттың жаңа үлгiсi 10 жыл мерзiмге берiледi.

Ерте ауыстыру тәртiбi 25 пен 45 жаста, сондай-ақ жаңа мекен- жайға тiркелу бойынша керi қайтарылады.

Элекртонды жеке куәлiктiң заңды мекен жайы оның чипiнде, жәнеде оның жаңа мекен жай ақпараты жазылады.

Содан басқа, бүгiнгi күнде жеке куәлiк ауыстырылады, 2014 жылдың 23 қазанындағы үкiметiнiң қаулысына сәйкес болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматының жаңа жеке куәлiгiнiң келбетiн ауысуына байланысты, фотосуретiнiң қара- ақ түрi түрлi түстiге ауысылған, түрлi түстiге ауысылған, ашық және құжатты бақылау. Жеке куәлiктiң барлық дәрежесiн қорғауын сақтау, жәнеде жаңа элементтер қосылған. Құжатты қорғау қосымша элементiн енгiзу: жеке куәлiктiң құқықтық бөлiгi үй иесiнiң құжатының түрiн қорғау.

Халыққа қызмет көрсету орталығына келушiлер жаңа үлгiдегi жеке куәлiгi алуда чипте электронды үкiмдi қолтаңбаны жазу мүмкiндiгi бар, уәкiлге кезектен тыс электронды қызмет алуда (анықтама, лицензия, салық төлеу мен айыппұл және т.б.)

Ауыл шаруашылық тауарөндiрушiлер назарына!

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ Қазақстан Республикасы АШМ 2015 жылғы 06 сәәуiрдегi № 4-4/306 бұйрығымен бекiтiлген «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларына» сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялдауға қатысуға өтiнiмдердi қабылдауының мерзiмi 2015 жылдың 25 тамызына дейiн ұзартылғанын хабарлайды.

Өтiнiмдердi қадылдауды «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ жүргiзедi жұмыс күндерi сағат 9:00-ден 18:00 дейiн үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00 дейiн Мамлютка қаласы А. Құнанбаев көшесi 5 үй мекен жай бойынша.

Мүлiктi жария ету

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы», 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 29 тамыздағы № 959 қаулысы негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi жанында мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия құрылған.

Осы Заңның күшi 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейiн өздерiне тиесiлi болған және өздерi алған мүлiктi жария ететiн және жария еткен жария ету субъектiлерiне қолданылады.

Мүлiктi жария етуге төмендегiлер жатады:

  • ақша;
  • бағалы қағаздар;
  • заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi;
  • оған құқық немесе ол бойынша мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк тiркеуге жататын, басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк (ғарыш объектiлерiнен және магистральдық құбырлардың желiлiк бөлiгiнен басқа);
  • құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздерi орналасқан, жария ету субъектiсiне меншiк құқығында тиесiлi жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкес келетiн, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер (құрылыстар, ғимараттар);  — Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк жария етуге жатады.

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшiн құжаттарды тапсыру мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Барлық сұрақтар жөнiнде «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ мемлекеттiк-құқықтық бөлiмiнен анықтауға болады (бiрiншi қабат кабинет №2). Телефон: 2-12-05.

Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлердiң назарына!

«Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (этномофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2015 жылғы 06 сәуiрдегi № 4-4/306 бұйрығын орындау үшiн (ҚР ӘМ 2015 жылдың 26 маусымында тiркелген) (әрi қарай — бұйрық) және ҚР АШМ 2015 жылғы 15 шiлдедегi № 4-4-13/3179-И хаты негiзiнде, сонымен қатар осы субсидиялау қағидаларының күшiне енуiн ескере отырып, «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ ҚР ауыл шаруашылығы Министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген субсидиялау Қағидаларына сәйкес тапсырыстарды 2015 жылдың 10 тамызына дейiн қабылдауды жалғастырады.

Мекенжайы: Мамлютка қ., А. Құнанбаев к., 5.

Солтүстiк-Қазақстан көлiк прокуратурасының 2015 жылдың 1-жартыжылдығында атқарған жұмыс қорытындылары туралы ақпарат

2015 жылдың 1-жартыжылдығында Солтүстiк-Қазақстан көлiк прокуратурасының (бұдан әрi — прокуратура) қызметi көлiк аймағында заңдылықты нығайтуға бағытталды.

Прокуратурының негiзгi мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және көлiктегi кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек құқықтарын сақтау, көлiктiң барлық түрiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету болып табылды.

Әлеуметтiк-экономикалық салада 117 заң бұзушылықтар анықталып, оларды жою үшiн 44 прокурорлық ықпал ету актiлерi енгiзiлдi. 12 лауазымды тұлға тәртiптiк жауапкершiлiкке, 63 тұлға әкiмшiлiк жауапкершiлiктерге тартылды. 13 заңсыз актiлердiң күшi жойылды және өзгертiлдi. 282 азаматтардың конституциялық құқықтары қорғалды.

Көлiктегi кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек құқықтарын сақтау, еңбек қауiпсiздiк жағдайларын қамтамасыз ету және еңбек ақыны уақытылы төлеу мәселелерi тұрақты бақылауда болып келедi.

Сонымен бiрге, прокуратураның ұйғарымы бойынша «Петропавл қаласы халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлерiнiң 24 млн. теңгеден астам қарыз еңбек ақылары төлендi.

Экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету шаралар қабылданды. Прокуратураның бақылау актiлерi бойынша экологиялық ережесiн бұзған үшiн және қоршаған ортаға келтiрiлген зиян бойынша мемлекеттiк бюджетке 27 млн.теңге залалы өндiрiп алынды.

«Петропавл» ЛПДС «Уралтранснефтепродукт» ААҚ кәсiпорынның қызметiнде экологиялық заңнамасы бұзылғаны анықталды. Кәсiпорын жер учаскесiне рұқсат және құқық белгiлейтiн құжаттарсыз аршу жұмыстарын жүргiзген, сонымен бiрге рұқсат етiлетiн топтау нормаларын асырып, топырақ құнарлылығын қалпына келтiру талаптарын сақтамаған.

Аталған жәйт бойынша прокуратураның ұсынысын орындау негiзiнде Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Экология Департаментiнiң талап арызы бойынша қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды сомасы 23 млн. теңге өндiрiп алынды.

«СевКазЭнерго» АҚ-нан экологиялык рұқсатсыз қоршаған ортаға келтiрiлген залал өндiрiстiк коммуналды-тұрмыстық қалдықтар түрiнде 4 млн. теңгеден астам залал өндiрiп алынды.

Бұдан басқа, прокуратурамен салық заңнамасы бойынша жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, прокурорлық ықпал ету актiсiмен Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық Департаментiмен «СевКазЭнерго» АҚ-нан мемлекеттiк бюджетке қоршаған ортаға тыснормативтiк эмиссия ақысы 3 млн. теңгеден астам залал өндiрiлдi.

Сонымен қатар, кiрме жолдарын пайдалу кезiнде салық заңнамасын сақталуына жүргiзiлген талдау қорытындысы бойынша 10 кiрме жолдарының тармақиеленушiлерiнiң тарапынан салық және тағыда басқа төлем ақылары бойынша тұтас жиынтығы 74 млн-нан астам бережағы анықталды.

Прокуратураның ұсынысымен Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттiк кiрiстер Департаментiмен салық төлеушiлерден салық ақыларын төлеу жөнiнде шаралар қолданылуда.

Бұдан басқа, прокуратурамен қылмыстық iзге түсу органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрген залалды керi талап ету бойынша (регрестi) өндiрiп алу шаралары қолданылды.

Атап айтқанда, соттың шешемi бойынша азамат С-ға Петропавл стансасындағы iшкi iстер желелiк бөлiмнiң қызметкерлерiмен заңсыз iс-әрекеттер жасаған үшiн материалдық және моральдық зиянды өтеу үшiн мемлекеттiк қазынадан 1 млн. теңгеден астам ақша бөлiндi.

Ағымдағы жылы прокуратурамен 1 млн. теңгеден астам ақшаны кiнәлi полиция қызметкерлерiнен керi талап қою өндiрiп алу үшiн сотқа талап арыз берiлiп, №2 Петропавл қалалық сотымен прокурордың талап арызы толық көлемiнде қанағаттандырылды.

Прокурорлық қадағалауды күшейту және көлiк өңiрiнде заңдылықты нығайту бойынша жұмыс жалғасын таба бермек.  

Солтүстiк Қазақстан
көлiк прокуратурасы

Жұмыс берушiлердiң назарына!

2014 жылы жаңа «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексте еңбек қауiпсiздiгi саласында заңнаманы бұзғаны үшiн жұмыс берушiлер жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында жаңа құқық бұзушылықтар құрамы қарастырылған, өндiрiстегi жазатайым жағдайды тексерудi қамтамасыз етпегенi және өндiрiстегi жазатайым жағдай фактiн жасырғаны үшiн максимальды 400 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл қарастырылған.

Жаңа Қылмыстық кодексте еңбек заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк жалпы арттырылды (аз мөлшердегi айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыстар және қамау тағайындалады, сондай — ақ бас бостандығын шектеу мерзiмi 5 жылдан 7 жылға дейiн арттырылды).

Техникалық қауiпсiздiк ережелерiн ұйымдастыру немесе еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауапкершiлiк жүктелген тұлға техника қауiпсiздiгi немесе еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны және оның салдары екi немесе одан да көп тұлғалардың қазасына әкелгенi үшiн жетi жылға дейiн бас бостандығынан шектеледi немес сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Осыған байланысты Сiздiң назарыңызды еңбек заңнамасының және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзуды болдырмауға аударамыз.

Құрметтi Мамлют ауданының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының 2014 жылдың 30 маусымындағы «ҚР-ның азаматтарына, оралмандарға және ҚР-да тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңына сәйкес, елiмiзде 2014 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап мүлiктi жария ету акциясы басталды.

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшiн құжаттарды тапсыру мерзiмi 2014 жылғы 1 қыркүйектен басталады және 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Қазақстан Республикасының аумағында тұрған жылжымайтын мүлiктi жария етудi Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмдiгi жанында мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссия өткiзедi. Орналасқан мекен жайы: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Сәбит Мұқанов к-сi, 12, №7 бөлме, жұмыс тел.: 87154121031.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiктi жария етудi Мемлекеттiк кiрiстер басқармасы жүргiзедi.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлердегi мүлiктi жария етудi өткiзу жөнiнде сұрақтармен Мамлют ауданы бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасына хабарласуға болады. Мекен-жайы: СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қ., Ленин к-сi, 40, №1 бөлме, жұмыс тел.: 87154121698.

Мамлют ауданының әкiмдiгi жанындағы мүлiктi жария ету жөнiндегi комиссияның құрамы

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 30 маусымдағы № 213-V ҚРЗ

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы бойынша мал шаруашылығы саласын субсидиялау бағдарламаларына қатысу үшін ауыл шаруашылық тауарөндірушілерден өтінімдерді қабылдауы басталуы туралы хабарландыру

2013 арналған «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін, ағымдағы нысаналы трансферттер» 222 республикалық бюджеттік бағдарламасының, «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға» 102 кіші бағдарламасының нысаналы, ағымдағы трансферттері бойынша нәтіжелері туралы келесім № 10

222 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығын дамытуға берілетін, ағымдағы нысаналы трансферттер», республикалық бюждеттік бағдарламасының 101 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін нысаналы, ағымдағы трансферттер» кіші бағдарламасының нысаналы, ағымдағы трансферттері бойынша нәтіжелері туралы 2013 жылға арналған келесім № 9

  1. Мамлют ауданында 2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
  2. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлердің үгіттік басылым материалдарын Мамлют ауданы бойынша орналастыру орындарын белгілеу туралы
  3. «2011 жылы көктемгі егістің оңтайлы мерзімдерін және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге субсидияланған басымды ауыл шаруашылық дақылдардың әрбір түрі бойынша субсидиялар алушылар тізіміне енгізуге тапсырыстарды ұсыну мерзімдерін белгілеу туралы» 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 қаулысына өзгертулер енгізу туралы
  4. Мамлют ауданы бойынша азаматтардың тіркеуін ұйымдастыру туралы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің 2010 жылғы 9 қарашадағы

29.03.2017 09:42

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика