Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Мемлекеттік қызмет || Мемлекеттік қызмет имиджі

Мемлекеттік қызмет имиджі

Мемлекеттiк қызмет — мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктердi атқару жөнiндегi мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы қызметi.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет қоғамдық процестердi реттейдi, мемлекеттiң тұтастығын қамтамасыз етедi және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерiн жүзеге асырады.

Мемлекеттiк қызмет үшiн имидждiң функционалдық және мәртебелiк мағынасы маңызды. Ол халық сенiмi деңгейiнiң көрсеткiшi және мемлекетпен жүргiзiлетiн өзгерiстердiң, басқару қызметi тиiмдiлiгiн қоғаммен бағалаудың критерийi болып табылады.

Қазiргi уақытта мемлекет мемлекеттiк қызметшiлердiң имиджiн жоғарылату қажеттiгiне қатысты мәселелерге көп көңiл бөледi.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызметшiлерiнiң оң имиджiн қалыптастыру және нығайту мемлекеттiк жүйенi дамытудағы басымды бағыттардың бiрi болып табылады.

Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi даму Стратегиясында ұзақ мерзiмдi басымдықтардың бiрi болып кәсiптiк мемлекеттi құру белгiленген. Жоғары бiлiктi мемлекеттiк қызметтi және басқарудың тиiмдi құрылымын құру iсiнде мiндеттердi жүзеге асыру, көбiнесе мемлекеттiк қызметшiнiң кәсiптiлiгiмен шартталады. Қазақстан Президентi Н.Назарбаев елдi тиiмдi басқару үшiн мемлекеттiк қызметшiге тән негiзгi сапаларды белгiледi. Бұл — жоғары моральдық жауапкершiлiк, кәсiптiк бiлiм, оларды тәжiрибеде қолдана бiлу, адалдық, әдiлдiк, белсендi өмiрлiк тұрғы. Мемлекеттiк қызметтегi әр адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезiнiп, өз елiнiң патриоты болу керек.

Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызметшiлерiнiң оң имиджiн қалыптастыру және нығайту мемлекеттiк жүйенi дамытудағы басымды бағыттардың бiрi болып табылады.

Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң оң имиджiн қалыптастыру атқарушы билiктiң имидж саясатына тығыз байланысты.

Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң оң имиджiне қойылатын негiзгi ережелер Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс Кодексiнде белгiленген, онда «мемлекеттiк қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенiм бiлдiру болып табылады және мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-этикалық бейнесiне жоғары талаптар қояды» деп айтылған.

Мемлекеттiк қызметшiлерiнiң оң имиджiн қалыптастыру — қиын және ұзақ процесс. Мемлекеттiк қызметшiнiң жұмысы және мiнезi көзге көрiнедi. Оның имиджi — мемлекет имиджiнiң бөлiгi. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмысы бойынша, атап айтқанда ауылдық округтер әкiмдерiнiң және тұтасымен мемлекеттiк органдардың барлық басшыларының қызметi бойынша билiктiң iс-әрекетi, жай адамдардың мұқтаждықтарына көңiл бөлуi бағаланады. Осы жерде мемлекеттiк қызметшiнiң иығына үлкен жауапкершiлiк артылады және бiлiктiлiктен басқа жоғары адамгершiлiк қасиеттерге ие болу керек. Әсiресе қазiргi жаңа ақпараттық технологиялар және БАҚ еркiндiгi кезеңiнде. Мемлекеттiк қызметтiң имиджiн көтеру қажет, себебi мемлекеттiк қызметшi рангына үмiттенетiн адамдар халық алдындағы жауапкершiлiктi нақты сезiнулерi керек.

31.07.2017 10:29

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика