Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Мамлют ауданының анықтамалық ақпараты

Мамлют ауданының анықтамалық ақпараты

Мамлют ауданы туралы анықтамалық ақпарат

Өндiрiс

Өндiрiстiк өнiм өндiрiсi 2015 жылдың қаңтары-желтоқсанында 1492,3 млн. теңгенi, физикалық көлем индексi 2014 жылдың қаңтары-желтоқсаны деңгейiне — 100,8% құрады.

Өндiрiс Өндiрiс

Өндiрiстiк өнiмдi негiзгi өндiрушi болып «Мамлют ұн үгу комбинаты» ЖШС табылады. 2015 жылы серiктестiкпен 18 мың тонна ұн өндiрiлдi. Майлы дақылдар алаңының көбеюiне байланысты, серiктестiкпен зығыр мен рапсты кептiруге және сақтауға қабылдау жүргiзiледi.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы2015 жылдың қаңтары-желтоқсанында ауыл шаруашылығының вал өнiмiнiң көлемi 12066,4 млн. тенге құрады 2014 жылдың қаңтары-желтоқсаны деңгейiне.физикалық көлем индексi — 111,4%

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша егiстiк алаңы 197,0 мың га құрады, соның ШҚ және ФҚ жерлерi — 39,0 мың га немесе 19,8%. Аудан бойынша ауылшаруашылық жерлер алаңы 273535 га, соның iшiнде егiстiк 197021 га.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша iрi қара малдың жалпы саны 17,0 мың бас 2014 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейiне 103,2%, с.i. сиыр — 8,1 мың бас, 2014 жылғы ұқсас мерзiмге 101,9%.

Ауылдық елдi мекендердегi мал басы: 2016 жылғы 1.01. жағдай бойынша iрi қара мал 10555 бас. Сиыр саны 5163 бас. Жылқы басы 3314. Қой және ешкi саны 13394 бас. Шошқа саны 7796 бас. Барлық түрлi құс саны 84329 бас.Ауыл шаруашылығы

Ет және жұмыртқа өндiрiсi (тiрiдей) өткен жылғы деңгейде қалды және сәйкесiнше 4,0 мың тонна және 9,3 мың дана құрады. Сүт өндiрiсi 2,1% көбейдi және 23,4 мың.тонна құрады.

Барлығы 2015 жылдың қаңтары-желтоқсанында өңдеу кәсiпорындарымен аудан аумағында 5205 тонна сүт немесе 2014 жылдың ұқсас мерзiмiне 100,1% құрады, ет — 884 тонна немесе 2014 жылдың ұқсас мерзiмiне 100,2%.

Жылқы басы 2014 жылдың ұқсас мерзiмiне 2,3% көбейдi және 4,7 бас құрады, қой және ешкi -7,3% (16,5 мың бас).

Шошқа басы 2014 жылдың ұқсас мерзiмiне 4,6% көбейдi және 11,1 мың бас құрады, құс саны 2014 жылдың ұқсас мерзiмiне 24,6% көбейдi және 120,9 бас құрады.

Шағын бизнес

Шағын бизнес2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 1455 шағын бизнес субъектiлерi тiркелген.

2015 жылдың қаңтары-желтоқсанында бөлшектiк сауда айналымы 4077,5 млн. теңге немесе 2014 жылдың ұқсас мерзiмiне 104,7% құрады.

2016 жылдың 1.01. шағын және орта кәсiпкерлiктiң белсендi кәсiпорындар саны 72 немесе 2014 жылдың ұқсас мерзiмiне 101,4% құрады.




Құрылыс

Құрылыс2015 жылдың қаңтары-желтоқсанында 3001 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгiзiлдi -өткен жылғы деңгейге 73% (2015 жылы тұрғын үй құрылысына бюджет қаражаты бөлiнбеуiне байланысты).

Тұрғын үй құрылысына 119,9 миллион теңге инвестицияланды немесе 2015 жылдың ұқсас мерзiмiне 105,3%.

Аудан бойынша құрылыс жұмыстарының көлемi 835,84 млн. теңге немесе 2014 жылдың қаңтары-желтоқсаны деңгейiне 162,6%.

 

Инвестициялар

2015 жылдың қаңтары-желтоқсанында негiзгi капиталға инвестициялар 2187,8 млн. теңге құрады, бұл өткен жылдың ұқсас мерзiмiне 117,9% жоғары (нақты бағалар индексiн ескере отырып). Негiзгi капиталға инвестициялардың ФКИ 217,9% құрады. Соның 140,0 млн. теңге — республикалық бюджет, 276,5 млн. теңге — жергiлiктi бюджет, 1508,9 млн. теңге — жеке қаражат, банк несиелерi — 5,4 млн. теңге, басқа қарыз қаражат — 257,0 млн. теңге.

Еңбек нарығы және әлеуметтiк қорғау

2016 жылдың 1 қаңтарына халықтың экономикалық белсендi саны 15 жас және одан жоғары аудан халқынан 12800 адамды құрады (67,8%). Ресми тiркелген жұмыссыздар саны 2015 жылдың аяғына халықтың экономикалық белсендi санына 0,2% құрады.

2015 жылы 18 жасқа дейiнгi мемлекеттiк жәрдемақыларды төлеуге аудандық бюджеттен 4,8 млн. теңге бөлiндi.

Өмiр сүру минимумынан төмен тұратын аз қамтылғандар саны 2016 жылдың 1 қаңтарына 451 адам және 2014 жылғы сәйкес мерзiм көрсеткiшiмен салыстырғанда 85 адамға азайды.

2015 жылдың қаңтары-желтоқсанында года аудан бойынша орта айлық жалақы 68518 теңге құрады, бұл 2014 жылғы сәйкес мерзiм көрсеткiшiмен салыстырғанда 3,2% жоғары, соның iшiнде ауыл шаруашылығында — 79722 теңге немесе 2014 жылдың сәйкес мерзiмiне 113,5%.

Демография

2015 жылдың 1 желтоқсанына халық саны 18882 адам немесе облыс халқының жалпы санына 3,33 пайыз, бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 617 адамға аз (19559 адам).

Сумен қамту

Сумен қамту2016 жылғы 01.01. жағдай бойынша ауданның 41 елдi мекенiнен, суды топтық су құбырынан — 13 елдi мекен, жергiлiктi көздерден — 23, су әкелiнедi — 5.

 

 

 

 

Жолдар

ЖолдарМамлют ауданы бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 398,5 км құрайды, соның iшiнде 93 км республикалық маңызды, 105 км облыстық, 200,5 км аудандық маңызды.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде 2015 жылы Андреевка, Қызыләскер Ленино, Новомихайловка ауылдарында 3,596 млн. теңге сомаға көшелер жарықтандырылды, Афонькино, Дубровное, Краснознаменное, Леденево ауылдарында ауыл iшiндегi жолдардың 3,711 млн. теңге сомаға ағымдағы жөндеуi жүргiзiлдi, Белое, Воскресеновка ауылдарында 1440,0 млн. теңге сомаға аулалық ойын алаңдары орнатылды, жалпы сома 8,747 млн. теңге.

Атауы
1. Автомобиль жолдары жүйесі барлығы 398,5 км
соның ішінде республикалық маңыздағы жолдар 93 км
облыстық маңыздағы жолдар 105 км
аудандық маңыздағы жолдар 200,5 км
автожолдардың жалпы жүйесінен асфальтобетонды жабумен жолдар 111 км немесе 55,4% жолдардың жалпы ұзындығынан
гравийлік жабумен 9 км немесе 4,5% жолдардың жалпы ұзындығынан
топырақты жолдар 80,5 км немесе 40,1% жолдардың жалпы ұзындығынан
2. Магистральды су құбырының ұзындығы 93,8 км
3. Су тарату жүйесінің ұзындығы 77,8 км
4. Топтық су құбырларына қосылған 41
соның ішінде:
магистральды су құбырын пайдаланады 13 елді мекендер
суды тазарту жүйесімен сумен қамудың локальды көздері 7 елді мекендер
терең скважиналардан су тарату жүйелерімен 4 елді мекен
терең скважиналардан 3 елді мекен
тасылатын су 5 елді мекен
құдықтардан 9 елді мекен
ашық су қоймаларынан 0 елді мекен
5. Аудан аумағынан өтеді: 1 қала аралық облысаралық бағыт, 11 облыс ішілік, 1 қала аралық бағыттар ауылдарды қамтиды, қамтамасыз ету — 92,7%, бұдан басқа Мамлютка қаласында жолаушыларды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін такси қызметі жұмыс істейді.
6. Ауданда барлығы қазандықтар 28, соның 13 локальды және 15 автоматтандырылған, білім, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерін жылумен қамтиды.

Аудан аумағынан ұзындығы 20 км Оңтүстiк Орал темiржолы өтедi, ол аудандық орталық Мамлютка қаласын облыстық орталықпен және Ресей Федерациясымен байланыстырады.

Барлық елдi мекендермен телефон байланысы бар, телефон байланысымен қамтамасыз ету 100% құрайды, қосымша халықтың 100% ұялы байланысты пайдаланады.

Бiлiм

БiлiмБiлiм объектiлерiнiң құрылымына кiредi: 30 мектеп (соның iшiнде 8 бастауыш, 2 негiзгi, 18 орта, 1 мемлекеттiк тiлде оқытатын қазақ мектеп-интернаты және 1 санаторлық мектеп-интернат), 18 шағын орталық, 4 мектепке дейiнгi шағын орталық, 1 балабақша, 8 мектептер жанындағы интернаттар, 1 өнер мектебi, 1 дене шынықтыру дайындығының балалар-жасөспiрiмдер клубы, 1 балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi, 1 сауықтыру лагерi.

 

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтауМамлют ауданының денсаулық сақтау жүйесi емдеу алдын алу ұйымдары жүйесiмен ұсынылған, оның құрамына аудандық орталық аурухана, 7 ФАП және 23 медициналық пункт кiредi.

Аудан бойынша кереуеттер саны -65, терапия бөлiмшесi — 30 кереует, хирургия бөлiмшесi-20 кереует, гинекология бөлiмшесi — 5 кереует. балалар бөлiмшесi — 10 кереует.

Амбулаторлық-емханалық ұйымдардың дәрiгерлерiне бару — 1440 құрайды. Емдеу алдын алу ұйымдарында 23 дәрiгер және 143 орта медициналық жұмысшылар жұмыс iстейдi.

Аудандық орталық ауруханаға 6 дәрiгер жетiспейдi — (жалпы тәжiрибе дәрiгерi, дерматовенеролог, УЗИ дәрiгерi, фтизиатр, онколог, психиатр). 2015 жылдың тамызынан бастап терапия бөлiмшесiне дәрiгер терапевт жұмысқа қабылданды. 2015 жылдың 01 қазанынан бастап ауруханаға 5 жас маман қабылданды. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап жұмысқа дәрiгер эпидемиолог жұмысқа қабылданды. 2016 жылдың қаңтарынан бастап бөлiмше меңгерiшiсi қабылданды. Барлық медициналық пункттер орта медициналық жұмысшылармен жинақталған. Новодубровное а. МП қоса атқарушымен жинақталған.

Медициналық-демографиялық жағдай

Медициналық-демографиялық жағдай2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейiн ауданда — 250 бала туды, 1 мың халыққа туу көрсеткiшi — 12,9 құрады. 2014 жылдың ұқсас мерзiмiнде 252 бала туды, 1 мың халыққа туу көрсеткiшi — 12,4 құрады.

2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейiн 286 адам өлдi, өлiм көрсеткiшi 1 мың халыққа — 14,7 құрады. 2014 жылдың ұқсас мерзiмiнде 256 адам өлдi, өлiм көрсеткiшi 1 мың халыққа — 12,6 құрады.

Ана өлiмi тiркелмеген.

2016 жылдың қаңтарында бала өлiмi тiркелмеген, 2014 жылдың ұқсас мерзiмiнде бала өлiмi тiркелмеген.

Халықтың табиғи өсуi 2015 жылы: -1,8.

Халықтың табиғи өсуi 2014 жылы: +0,4.

Туберкулезбен ауру: 2015 жылы 100 мың халыққа 10,4 (2 жағдай), 2014 жылы туберкулезден өлу 5,1 құрады (1 жағдай).

Онкологиялық аурулардан өлу 2016 жылдың 01 ақпанына 2 жағдай тiркелген, 100 мың халыққа — 10,3.

2015 онкологиялық аурулардан өлудiң — 26 жағдайы тiркелген, 100 мың халыққа — 133,5 облыстық көрсеткiш — 137,5.

Ұлттық бiрыңғай денсаулық сақтау жүйесi енгiзiлген. Ауруханада госпитализациялау бюросы порталы онлайн тәртiбiнде жұмыс iстейдi. 2016 жылдың 01 ақпанына госпитализациялау бюросы арқылы — 41 науқас өттi, оның iшiнде ең көп сан облыстық ауруханаға — 30 адам, кардиологиялық орталыққа — 5 адам, балалар ауруханасына — 5 бала, перинаталдық орталыққа -1 жүктi әйел. 2015 жылы госпитализациялау бюросы арқылы — 374 науқас өттi, оның iшiнде облыстық ауруханаға — 224 адам, кардиологиялық орталыққа — 67 адам, балалар ауруханасына — 77 бала, перинаталдық орталыққа — 6 жүктi әйел.

Медициналық-демографиялық жағдай2013 жылы әлеуметтiк маңызды аурулардың электрондық тiркелiмi құрастырылған (туберкулез, кеңсе — тiркелiмi, гепатиттiк аурулар тiркелiмi, қант диабетi тiркелiмi, жүктiлер тiркелiмi) халықты бекiту тiркелiмi.

2014 жылы АЕЖ (амбулаториялық-емханалық жәрдем) АЖ енгiзiлген.

ҚР денсаулық сақтау Министрлiгiнiң 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығы бойынша 2016 жылы халықтың жеке санаттары скринингтiк алдын алу тексерiстерiн өтедi.

Мәдениет

Мәдениет мекемелерiнiң жүйесiне 11 клуб және мәдениет үйлерi, 16 кiтапхана, соның iшiне 14 ауылдық кiтапхана кiредi.

Мәдениет«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберiнде Новомихайлов ауылдық клубының шатыры және фасад бөлiгi 6,5 млн. теңге сомаға жөнделдi. Дубровное ауылында бос уақытты өткiзу орталығы ашылды.

2015 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 70 жылдығын мерекелеуге дайындық шеңберiнде «Достық» саябағында кеңес одағы және социалистiк еңбек ерлерiнiң Аллеясы орнатылды.

Спорт

СпортЕлбасының 30 пайыз халықтың спортпен айналысуын қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмасын жүзеге асыру жұмысы жалғастырылуда.

Бүгiнгi күнi 49 дене шынықтыру ұжымы, 105 спорт имараттары жұмыс iстейдi.

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 105 спорт имараттары, соның 78 ауылда жұмыс iстейдi.

Жылдан-жылға дене шынықтыру және спортпен айналысатындар саны көбеюде, қамту пайызы 28 құрайды. Ауданда 15 спорт шеберi бар.Спорт

 

 

 

 

 

 

 

08.02.2016 12:34


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика