Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Аудан әкімінің аппараты || Мамлют ауданы әкiмi аппараты туралы ереже

Мамлют ауданы әкiмi аппараты туралы ереже

Қазақстан Республикасының Заңы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»

Солтүстiк Қазақстан облысы
Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң
2012 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 513 қаулысымен бекiтiлдi

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (әрi қарай — Аппарат) аудан әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдаулы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган болып табылады.

2. Аппараттың ведомстволары жоқ.

3. Аппарат өз қызметiн Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге нормативтiк құқықтық актiлерге, осы Ережеге сәйкес iске асырады.

4. Аппарат мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлдегi атауымен өзiнiң мөрлерi және мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында есепшоттары болады.

5. Аппарат өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға түседi.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, аппарат мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың бiр жағы болуға құқықты.

7. Аппарат өз құзырындағы мәселелер бойынша аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

8. Аппараттың құрылымы және штаттық санының лимитi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекiтiледi.

9. Аппараттың мекен-жайы: 150900 Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi, 12.

10. Аппараттың толық атауы: «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi.

11. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Аппараттың қызметiн қаржыландыру аудандық бюджет қаражатынан iске асырылады.

13. Аппараттың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындауда аппаратқа кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.

Егер Аппаратқа қызметке кiрiс әкелетiн заң актiлерiмен құқық берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджет кiрiсiне енгiзiледi.

2. Аппараттың миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

14. Аппараттың миссиясы: Мамлют ауданы әкiмiнiң қызметiн ақпараттық-талдаулы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

15. Аппараттың мiндеттерi:

  • Мамлют ауданы әкiмiнiң, Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң және Мамлют ауданы әкiмi аппаратының қызметiн құжаттамалық қамтамасыз ету;
  • құжаттармен жұмыс iстеу нысандарын және әдiстерiн жетiлдiру;
  • iс жүргiзудiң бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты, олардың орындалуын бақылауды және ведомстволық мұрағатқа тапсыру үшiн дайындауды ұйымдастыру;
  • электрондық құжат айналымы жүйесiн енгiзуге жағдай жасау және құжат айналымының көлемдерiн қысқарту;
  • басшылық ететiн мәселелер бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау;
  • бюджет саясаты және бюджет аралық қатынастар, экономикалық, қаржылық және салық саясаты мәселелерi жөнiнде ұсыныстарды дайындау;
  • мемлекеттiк жоспарлау Жүйесiн және Мамлют ауданының жергiлiктi атқарушы органдары қызмет тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалауды жүзеге асыру;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң бiрiншi орынбасарына Мамлют ауданының әкiмiмен белгiленген комиссиялардың және жұмыс топтарының қызметiн қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулыларының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi тапсырмаларының, Мамлют ауданы әкiмi мен әкiмдiгiнiң басшылық ететiн мәселелер бойынша актiлерiнiң орындалуын бақылау, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасарлары мен аппараттың қызметiнде заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аппараттың мүлiктiк және өзге заңды құқықтарын құқықтық құралдармен қорғау;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын насихаттау және түсiндiру;
  • қылмыспен, сыбайласқан жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртiптi және заңдылықты қолдау мәселелерi жөнiнде мемлекеттiк, құқық қорғау органдарымен және қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасты ұйымдастыру;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, басқа заңды түрдегi құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысу;
  • норма шығаруды жетiлдiру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • нормативтiк талаптарға сәйкес қызметтiк кабинеттердi, отырыс залдарын техникалық жарақтандыру;
  • мекеменiң қызметi және оның мүлiк жағдайы туралы толық және нақты ақпаратты қалыптастыру;
  • мекеменiң шаруашылық операцияларын дұрыс iске асыру мақсатында мүлiк пен мiндеттемелердiң болуына, қозғалысына есептi қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау үшiн мемлекеттiк органдарды қажет ақпаратпен қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасында «электрондық үкiмет» мемлекеттiк бағдарламаларын қалыптастыру және дамыту, Қазақстан Республикасында 2010–2014 жылдары ақпараттық және коммуникациялық технологияларды дамыту жөнiндегi бағдарламаның iс-шаралар жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
  • жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердi ақпараттандыру бойынша жұмысты үйлестiру;
  • жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн құру, енгiзу және қолдану процестерiн үйлестiру;
  • мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
  • жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлеттi және басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасын үйлестiру;
  • мемлекеттiк қызмет үшiн кадрлар әлеуетiн құрастыру;
  • ұсынылған хаттамаларға сәйкес жұмыс және өзге кеңестер, жұмыс сапарлары барысында берiлген Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, әкiмдiктiң қаулыларын, Мамлют ауданы әкiмiнiң шешiмдерiн, өкiмдерiн және тапсырмаларын орындауды тексеру және бақылаудың тиiмдi жүйесiн құру және ұйымдастыру;
  • орындаушылық тәртiптi нығайту, Мамлют ауданының әкiмi, селолық округтер мен Мамлютка қаласы әкiмдерiнiң аппараты жұмысшыларының бақылауды ұйымдастыру және құжаттарды орындау iсiнде жауапкершiлiктi арттыру;
  • Мамлют ауданының әкiмi тапсырмаларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi сызбаларды, ұсыныстарды, әдiстемелiк құралдарды әзiрлеу;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң жұмысын ақпараттық-талдаулы қамтамасыз ету;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң жұмысын ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету;
  • визиттердi және ресми делегацияларды қабылдауды, мерейтой iс-шараларын және кездесулердi дайындау;
  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк сатып алуларды ұйымдастыру және өткiзу процедурасын орындау;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң қызметiн материалдық-техникалық және көлiктiк қамтамасыз ету;
  • аппараттың балансында тұрған ғимараттарды және имараттарды, тұрғын үйлердi ұстауды, күрделi және ағымдағы жөндеудi қамтамасыз ету;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi ғимаратында өткiзу режимiн, мүлiктiң сақталуын, Мамлют ауданының әкiмдiгi ғимаратындағы мемлекеттiк органдарға бекiтiлген аумақтарды көркейту және көгалдандыруға байланысты iс-шараларды жүзеге асыру.

16. Аппараттың функциялары:

  • Мамлют ауданы әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерi, Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң қаулылары жобаларын ресiмдеу, дайындау тәртiбiн қамтамасыз етедi;
  • Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң отырыстарын дайындауға және өткiзуге, әкiмдiк мүшелерi үшiн материалдарды қалыптастыруға қатысады, хаттаманы ресiмдейдi;
  • қызметтiк корреспонденцияның тiркеуiн және өтуiн қамтамасыз етедi;
  • хаттар мен өтiнiштерге есеп жүргiзудi және қарастыруды қамтамасыз етедi, азаматтарды қабылдау жұмысын ұйымдастырады, осы жұмыстың жағдайын талдайды және басшылықты өз уақытында хабарландырады;
  • iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес шығыс корреспонденцияны дұрыс ресiмдеуге, барлық деректемелердiң болуына, тiлдер туралы заңнаманың және басқа нормативтiк құқықтық актiлер талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
  • iстер номенклатурасын әзiрлейдi және жетiлдiредi;
  • iс жүргiзу жөнiндегi нұсқаулық-әдiстемелiк материалдарды әзiрлейдi;
  • құжаттармен жұмыс iстеу нысандарын және әдiстерiн жетiлдiру, орындау тәртiбiн жоғарылату жөнiндегi iс-шараларды әзiрлейдi;
  • бөлiм жұмысшыларының бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады, iс жүргiзу мәселелерi жөнiндегi семинар-кеңестер және кеңестер өткiзедi, iс жүргiзудi ұйымдастыруда ауданның атқарушы органдарына, қала және селолық округтер әкiмдерiнiң аппараттарына тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсетедi;
  • Мамлют ауданының басшылығымен кiрiс құжаттарды өз уақытында қарастыруды ұйымдастырады, қол қоюға ұсынылатын құжаттардың ресiмделуiне бақылауды жүзеге асырады;
  • белгiленген мерзiмдерде бақылау құжаттарының орындалуын бақылайды, құжаттарды орындау қорытындылары туралы Аппарат басшысын хабарландырады;
  • құрылымдық бөлiмшелерде iстердiң дұрыс ресiмделуiне және құрастырылуына бақылауды жүзеге асырады, құжаттарды сақтауға және жоюға iрiктеу мақсатында құжаттардың құндылығын сараптауды ұйымдастырады;
  • белгiленген тәртiпте мұрағатқа тапсырғанға дейiн iстердiң жедел сақталуын және қолданылуын қамтамасыз етедi;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң елтаңбалық мөртабанын, Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң отырыс хаттамаларын, Мамлют ауданы әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқаларын, басқа құжаттарды сақтайды, тапсырысты, бланк өнiмдерiне, конверттер мен мөртабандарға есеп жүргiзудi және берудi, қамтамасыз етедi;
  • электрондық құжат айналымы жүйесiндегi жұмысты үйлестiрудi жүзеге асырады;
  • «Электрондық мұрағат» мәлiметтер базасында Мамлют ауданының басшылығымен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң көшiрмелерiн енгiзедi және жүйелейдi;
  • Мамлют ауданының, селолық округтер мен Мамлютка қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуына мониторинг жүргiзедi;
  • өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiн жақсартуға бағытталған iс-шараларды жүзеге асыру және қабылданған шаралар туралы ақпаратты жинақтау және дайындау;
  • Мамлют ауданының атқарушы органдары мен орталық мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң экономикалық жоспарлау және даму, бюджет және бюджет аралық қарым-қатынастар, қаржылық және салық саясаты мәселелерi бойынша қызметiн үйлестiру;
  • Бюджет және салық саясаты мәселелерi жөнiнде облыстық және аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнен түсетiн ұсыныстарды басшылық ететiн бөлiмдермен қарастырылуын, сонымен қатар басшылық ететiн мәселелер жөнiнде жеке және заңды тұлғалардан түсетiн үндеулер мен өтiнiштердiң қарастырылуын бақылау;
  • стратегиялық бағдарламалық құжаттарды әзiрлеуде және мониторинг жүргiзуде басшылық ететiн жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн бақылау;
  • аумақтарды дамыту Бағдарламасын, Мамлют ауданы әкiмi аппаратының стратегиялық жоспарын, Мамлют ауданы әкiмi аппаратының операциялық жоспарын әзiрлеуге қатысу, Мамлют ауданы әкiмi аппаратының стратегиялық және операциялық жоспарларына мониторинг жүргiзу;
  • басшылық ететiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың, қала мен селолық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарының қызмет тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру;
  • бағыттар бойынша жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың, қала мен селолық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарының қызмет тиiмдiлiгiн бағалау қорытындылары туралы сараптама қорытындысын құрастыру;
  • комиссиялардың, жұмыс топтарының ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыру;
  • комиссиялардың, жұмыс топтарының құзырына кiретiн мәселелер жөнiнде жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк органдардың, қала мен селолық округтердiң жергiлiктi атқарушы органдарымен қарым-қатынас жасау;
  • Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiне, Қазақстан Республикасы Үкiметiне, орталық мемлекеттiк органдарға және Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiне басшылық ететiн мәселелер туралы ақпараттарды дайындау, сонымен қатар бөлiм қызметi саласына кiретiн мәселелер жөнiнде облыс әкiмi мен Мамлют ауданы әкiмiнiң актiлерiн орындау;
  • Мамлют ауданы әкiмi аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң қызмет тиiмдiлiгiн бағалауды жүзеге асыру;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi, аппарат басшысы бұйрықтарының және құқықтық түрдегi басқа құжаттардың жобаларын заңнама талаптарына сәйкес, соның iшiнде олар басқа құрылымдық бөлiмшелермен әзiрленген жағдайда келiсу жолымен тексерудi жүргiзу;
  • Мамлют ауданы әкiмдiгi мен әкiмiнiң, аппараттың мүдделерiн белгiленген тәртiпте соттарда, сонымен қатар басқа органдарда қызметтiң құқықтық мәселелерiн қарастыруда ұсынады;
  • шаруашылық қарым-қатынастарды реттейтiн шарттар мен құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысады;
  • Мамлют ауданының жергiлiктi атқарушы органдарына, селолық округтер мен Мамлютка қаласы әкiмдерiнiң аппараттарына құқықтық мәселелер жөнiнде құқықтық көмек көрсетедi;
  • заңмен қарастырылған жағдайларда құзырға жататын құқықтық мәселелер жөнiнде түсiнiктемелер дайындайды;
  • Мамлют ауданының атқарушы органдарының және аппараттың жұмысшыларына құқықтық мәселелер жөнiнде кеңестер бередi;
  • Мамлют ауданының әкiмiне, оның орынбасарларына және аппарат басшысына қолданыстағы заң туралы анықтамалық материалдарды дайындайды;
  • Мамлют ауданының атқарушы органдарының, селолық округтер мен Мамлютка қаласы әкiмдерi аппараттарының құқықтық жұмысына әдiстемелiк басшылықты iске асырады, осы жұмыстың жағдайын тексередi;
  • жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастырады;
  • жалпы құқықтық оқуды ұйымдастырады және өткiзедi;
  • құқық қорғау бағытындағы аймақтық бағдарламалардың әзiрлеуiн ұйымдастырады;
  • қылмыспен, сыбайласқан жемқорлықпен күрес, құқықтық тәртiптi және заңдылықты қолдау мәселелерi жөнiнде сәйкес аймақтық бағдарламаларды орындау шеңберiнде құқық қорғау органдарының қарым-қатынасын қамтамасыз етедi;
  • бiрiншi басшының тапсырмасы бойынша Мамлют ауданы әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлейдi;
  • Мамлют ауданы әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн сыбайласқан жемқорлыққа қарсы сараптамаға жiбередi;
  • Қазақстан Республикасы Үкiметiмен белгiленген тәртiпте Мамлют ауданы әкiмдiгi мен әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне тұрақты негiзде мониторинг жүргiзедi;
  • Мамлют ауданының атқарушы органдарында, селолық округтер мен Мамлютка қаласы әкiмдерi аппараттарында құқықтық жұмыс туралы ақпаратты және өзге материалдарды талдайды, солар бойынша анықтамалар құрастырады және қажеттiгiнше Мамлют ауданының әкiмiн хабарландырады, Мамлют ауданының әкiмдiгiнде, жедел кеңестерде қарастыруға мәселелердi енгiзедi, айқындалған кемшiлiктердi жою және құқықтық жұмысты жетiлдiру жөнiнде шаралар қабылдайды;
  • ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының заңды қызметтерiнiң жұмыс тәжiрибесiмен алмасуын ұйымдастырады, құқықтық мәселелер жөнiнде семинарлар өткiзедi;
  • бухгалтерлiк есептiлiктi дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
  • құжаттардың өз уақытында және дұрыс ресiмделуiне, жасалатын операциялардың заңдылығына алдын ала бақылауды жүзеге асырады;
  • негiзгi құралдардың, құндылығы аз және тез тозатын заттардың және басқа материалдық құндылықтарды сақтау орындарында сақталуына және пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
  • кәсiпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен мiндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын орындау процесiнде пайда болатын есептеулердi өз уақытында жүргiзу;
  • ашылған кредиттерге және олардың мақсатты тағайындалуына сәйкес мiндеттемелер және төлемдер бойынша, белгiленген тәртiпте енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып, бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландырудың бекiтiлген жоспарлары бойынша қаражаттың дұрыс және үнемдi шығыстарын, сонымен қатар ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау;
  • саяси және әкiмшiлiк қызметшiлерге, сонымен қатар штаттан тыс жұмысшыларға жалақыны уақытында есептеу және төлеу;
  • ақша қаражатын, есептеулердi және материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысу және жүргiзу, түгендеу қорытындыларын уақытында және дұрыс белгiлеу және оларды есепте көрсету;
  • бухгалтерлiк құжаттарды, мiндеттемелер және төлемдер бойынша бюджеттiк бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларына есеп жүргiзу тiзбесiн, оларға есептеулердi сақтау, сонымен қатар оларды мұрағатқа белгiленген мерзiмде тапсыру;
  • республикалық бюджеттен сайлау компаниясы уақытында қаржыландыру және есеп беру;
  • белгiленген мерзiмдерде бухгалтерлiк есептiлiктi құрастыру және тапсыру;
  • «Электрондық үкiметтi» дамыту және «мемлекеттiк қызметтердi көрсету» мәселелерi жөнiндегi Жарлықтарды, Қазақстан Республикасы Президентi және Үкiметiнiң басқа заң актiлерiн, облыс әкiмiнiң және Мамлют ауданы әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • электрондық қызметтердi көбейту PR-стратегиясын, «электрондық үкiмет», «электрондық әкiмдiк» бастамасын жүзеге асыру;
  • «электрондық үкiметтi» енгiзу мәселелерi жөнiнде халықаралық ғылыми-тәжiрибелiк конференцияларды, семинарларды өткiзу бойынша ұсыныстар дайындау;
  • Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының ресми интернет-ресурсының жұмыс iстеуi және дамыту бойынша ұйымдастыру жұмысын iске асыру;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Жарлықтарын, Президенттiң қаулыларын, өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын облыс әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiн орындауда жергiлiктi атқарушы органдарға тәжiрибелiк көмек көрсету;
  • Мамлют ауданының мемлекеттiк органдарының электрондық құжат айналымының Бiрыңғай жүйесiн енгiзудi ұйымдастыру;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң аппаратында ақпараттық технологияларды енгiзу бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң аппаратында ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң аппараты жұмысшыларының Ақпараттық жүйелермен жұмыс iстеуге оқыту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету прцедураларының сақталуына мониторинг жүргiзу;
  • мемлекеттiк қызметтi электрондық форматқа аудару жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу;
  • халыққа қызмет көрсету Орталықтары үшiн Интеграцияланған ақпараттық жүйеде жұмысты ұйымдастыру;
  • Мамлют ауданының мемлекеттiк атқарушы органдарының «Мемлекеттiк қызметтердi көрсету» бағыты бойынша қызмет тиiмдiлiгiн жыл сайын бағалауды жүргiзу;
  • аппараттың жұмысын жоспарлауды, Мамлют ауданы әкiмiнiң жергiлiктi атқарушы және өкiлеттi органдармен ұйымдастыру және ақпараттық байланысын жүзеге асырады, Мамлют ауданының әкiмiн аудандағы жағдай туралы үнемi ақпараттандырады;
  • аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамыту жағдайын зерделеу және талдау. Мамлют ауданының әкiмiне, аппарат басшысына болжау-талдау материалдарын, айқындалған проблемаларды шешу жөнiндегi қорытындылар мен ұсыныстарды ұсыну;
  • қолданыстағы заңмен қарастырылған бөлiкте Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентi, жергiлiктi өкiлеттi органдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының депутаттарының сайлауын, референдумдарды ұйымдастыруға қатысу;
  • Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарымен, Мамлют ауданының жергiлiктi өкiлеттi органдарымен және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен, қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынасты жүзеге асыру;
  • басшылықтың тапсырмасы бойынша аппаратқа түскен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру;
  • мемлекеттiк қызметшiлердiң сапалық құрамына талдау жүргiзу, басқарушы лауазымдарға тұлғаларға құжаттарды ресiмдеу;
  • оқуды, қайта даярлауды және бiлiктiлiктi жоғарылатуды ұйымдастыру, мемлекеттiк наградалармен, өзге айрықша белгiлермен марапаттауға ұсынылатын азаматтарға материалдарды ресiмдеу;
  • Қазақстан Республикасы Президентi мен Парламентiнiң актiлерiн, облыс әкiмiнiң, Мамлют ауданы әкiмiнiң шешiмдерiн және өкiмдерiн селолық округтер мен Мамлютка қаласының әкiмдерiмен, Мамлют ауданының атқаруы органдар басшыларымен орындау барысын тексеру. Қажеттiгiнше Мамлют ауданының әкiмiне, Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң отырысына қолданыстағы заңның және басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларын орындауға кедергi жасайтын себептердi жою жөнiнде мәселелер мен ұсыныстарды қарастыруға енгiзу;
  • Елбасының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, жоғары тұрған органдардың орындау үшiн нақты шаралар қабылдауды талап ететiн басқа құжаттарын есеп жүргiзу;
  • жалпы бөлiмге түсетiн Елбасының, Президент Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң тапсырмаларын, әкiмдiктiң қаулыларын, облыс әкiмi мен Мамлют ауданы әкiмiнiң шешiмдерiн, өкiмдерiн және тапсырмаларын орындау барысына бақылау жүргiзу;
  • жоғары тұрған органдардың құжаттары бойынша Мамлют ауданы әкiмiнiң бақылау тапсырмаларының тiзбесiн, сонымен қатар аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi мен Мамлют ауданының атқарушы органдары басшыларының бақылау құжаттарын орындау мерзiмдерi туралы анықтама-ескертулердi ай сайын құрастыру;
  • бақылау құжаттарын орындау туралы талдау қорытындылары бойынша аппарат басшысын Мамлют ауданы, селолық округтер мен Мамлютка қаласы әкiмдерiнiң аппараттарындағы орындаушылық тәртiбi туралы хабарландыру, нұсқалған мәселелер жөнiнде шолу анықтамаларын дайындау;
  • жалпы бөлiмге бақылау үшiн түскен Мамлют ауданы әкiмдiгi қаулылары мен әкiмнiң шешiмдерiне есеп жүргiзу жүйесiн әзiрлеу, оларға бақылауды қамтамасыз ету, аппаратта орындау тәртiбiн жетiлдiру және жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды енгiзу;
  • аппарат басшысына жедел шешiмдердi қабылдау үшiн құжаттарды орындау мерзiмдерiн бұзу туралы ақпаратты ұсыну;
  • Мамлют ауданы, селолық округтер мен Мамлютка қаласы әкiмдерi аппараттарының, Мамлют ауданының атқарушы органдарының жұмысшыларымен бақылау құжаттарын орындау және бақылауды ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде тәжiрибелiк және әдiстемелiк көмек көрсету;
  • бiлiм, денсаулық сақтау, iшкi саясат, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, мемлекеттiк тiл, мұрағат iсi жағдайына талдау жасау;
  • басшылық ететiн мәселелер жөнiнде жоғары тұрған органдарға ақпаратты дайындау;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң басшылық ететiн мәселелер жөнiнде, Мамлют ауданы әкiмiнiң аппарат басшысына талдау анықтамаларын, ақпараттарды, жазбаларды дайындау;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, облыс әкiмi мен Мамлют ауданы әкiмiнiң, әкiмдiгiнiң басшылық ететiн салалар бойынша актiлерiнiң орындалуын бақылау, оларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • әлеуметтiк-мәдени бағытындағы аудандық комиссиялардың жұмысын ұйымдастыру;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң, оның орынбасарларының қатысуымен кеңестердi, кездесулердi, спорттық және басқа көпшiлiк әлеуметтiк-мәдени бағытындағы iс-шараларды ұйымдастыру;
  • ұлттық және кәсiптiк мерекелердi өткiзудi ұйымдастыру;
  • заңды және жеке тұлғалардың өтiнiштерiн қарастыру;
  • Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң қаулылары, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң жобаларын қарастыруға енгiзу және әзiрлеу;
  • мемлекеттiк ұлттық саясатты жүзеге асыруға, қазақстандық патриоттықты қалыптастыруға жағдай жасау;
  • этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде азаматтық қоғам институттарымен қарым-қатынас жасау;
  • Мамлют ауданында этносаралық қарым-қатынастар жағдайына, мемлекеттiк тiлдi дамытуға мониторинг жүргiзу;
  • Мамлют ауданында этносаралық келiсiмге жағдай жасайтын аудандық ғылыми-практикалық конференцияларды, басқа iс-шараларды және акцияларды өткiзу;
  • ресми делегацияларды қабылдауға, мерейтой iс-шараларын дайындауға қатысу;
  • аудан әкiмi аппаратының қызметiн материалдық-техникалық, көлiкпен қамтамасыз етуге және жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзу;
  • Мамлют ауданы әкiмi аппаратының балансында тұрған мекемелер мен тұрғын үйлердiң материалдық-техникалық жағдайына, әкiмшiлiк ғимараттарды ұстауға бақылауды қамтамасыз ету.

17. Аппараттың құқықтары және мiндеттерi:

  • Мамлют ауданы әкiмi аппаратының құзырына жататын мәселелер жөнiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызмет хат алмасуды жүргiзу;
  • Мамлют ауданының атқарушы органдарынан, төмен тұрған әкiмдерден, жеке лауазымды тұлғалардан олардың қызметi жөнiнде қажет құжаттарды, ақпараттарды, түсiнiктемелердi сұрату және алу, Мамлют ауданының атқарушы органдарының, әкiмдер аппараттарының жұмысшыларын Мамлют ауданы әкiмi мен әкiмдiгiнiң құзырына жататын мәселелердi шешуге қатысу;
  • аудандық әкiмдiк пен мәслихаттың, аудандық, аумақтық және өзге атқарушы органдардың алқа отырыстарына қатысу;
  • аппаратқа жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау.

3. Аппараттың қызметiн ұйымдастыру

18. Аппаратты басқару бiрiншi басшымен жүзеге асырылады, ол Аппаратқа жүктелген мiндеттердi және жеке функцияларды орындауға дербес жауапкершiлiк тартады.

19. Аппараттың бiрiншi басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

20. Аппараттың бiрiншi басшысының орынбасарлары болмайды.

21. Аппараттың бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi және мiндеттерi:

  • Мамлют ауданы әкiмi аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады және аппаратқа жүктелген функциялар мен мiндеттердi орындауға дербес жауапкершiлiк тартады;
  • Аппаратта мемлекеттiк қызмет туралы заңының орындалуын бақылайды;
  • ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;
  • Аппарат қызметкерлерiмен сыбайласқан жемқорлыққа қарсы заңның сақталуына дербес жауапкершiлiк тартады;
  • Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады және бағыттайды, олардың өзара қарым-қатынасын үйлестiредi;
  • Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң бос әкiмшiлiк лауазымдарына конкурстарды ұйымдастырады. Солардың қорытындылары бойынша Аппараттың құрылымдық бөлiмшесiнiң басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстарды әкiмнiң қарастыруына енгiзедi, Аппараттың қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және босатады, Аппараттың кадрлар резервiн қалыптастырады, Мамлют ауданы әкiмi аппаратының аттестациялық комиссиясын құрастырады және басқарады;
  • Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң бекiтуiне Аппарат туралы Ереженi, штаттық санның құрылымы мен лимитiн ұсынады, қосымша ақыларды, еңбекақы қорын үнемдеу шегiнде мемлекеттiк қызметшiлердi материалдық мадақтауды (сыйақы) белгiлейдi;
  • аппараттың құзыры шегiнде қызметтiк құжаттамаға қол қояды;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң аппаратында iшкi еңбек тәртiбiн белгiлейдi;
  • Мамлют ауданының әкiмiне штаттық кестенi бекiтуге ұсынады;
  • Мамлют ауданының әкiмдiгi мен әкiмiне қарастыруға нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын және басқа құжаттарды келiседi және ұсынады;
  • Мамлют ауданы әкiмiнiң сәйкес орынбасарларымен келiскен соң Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмыс жоспарларын бекiтедi;
  • Аппараттың iшкi бақылау қызметiнiң бақылау iс-шаралар жоспарын бекiтедi;
  • қолданыстағы заңға сәйкес Аппараттың қызметкерлерiн мадақтайды және оларға тәртiптiк жазалар қолданады;
  • Аппараттың шығыс сметасын бекiтедi, бюджетпен қарастырылған қаражатты иеленедi;
  • Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;
  • Мамлют ауданының әкiмiне перспективалық жоспарлау және Аппараттың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру;
  • жеке құрам бойынша бұйрықтар шығарады, Аппараттың қызметшiлерiн iссапарларға жiбередi;
  • Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы мемлекеттiк басқару Академиясына мемлекеттiк қызметшiлер кадрларының оқуын, дайындауды, қайта даярлауды және бiлiктiлiгiн жоғарылатуды қамтамасыз етедi;
  • Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн жоғарылату жөнiндегi Аймақтық орталықтың жұмыс жоспарын бекiтедi;
  • Аппаратты мемлекеттiк органдарда, өзге ұйымдарда ұсынады;
  • Мамлют ауданының әкiмiмен жүктелген өзге функцияларды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес Аппараттың бiрiншi басшысы болмаған уақытта өкiлеттiктi орындау.

22. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.

23. Аппарат басшысына Мамлют ауданының әкiмi басшылық етедi және жұмыс iстейдi.

24. Аппараттың құрылымын құрылымдық бөлiмшелердiң басшысы (бөлiмдер), облыс әкiмiнiң инспекторлары мен бас мамандар, аппараттың өзге лауазымдық тұлғалары құрайды.

25. Құрылымдық бөлiмшелердi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес Аппарат басшысының ұсынысы бойынша Мамлют ауданының әкiмi лауазымға тағайындайтын және босататын басшылар басқарады.

26. Аппараттың қызметкерлерi болып Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес Мамлют ауданының әкiмi лауазымға тағайындайтын және босататын Аппараттың мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметкерлерi табылады.

27. Мамлют ауданы әкiмдiгiн, әкiмiн және Аппаратты материалдық-техникалық, шаруашылық-тұрмыстық қамтамасыз ету бөлiмшелермен құрылымдық бөлiмшелерiмен жүзеге асырылады.

28. Аппарат қызметкерлерiнiң жалақы және еңбекақы төлеу шарттары Қазақстан Республикасының еңбек және мемлекеттiк қызмет туралы қолоданыстағы заңына сәйкес белгiленедi.

29. Зейнетақы жасына жеткен Аппарат қызметкерлерiн зейнетақылық қамтамасыз ету мемлекеттiк қызмет және зейнетақылық қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңға сәйкес жүзеге асырылады.

4. Аппараттың мүлкi

30. Аппараттың Қазақстан Республикасы заңымен қарастырылған жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.

Аппараттың мүлкi оған меншiк иесi тапсырған мүлiктен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған жеке қызмет нәтижесiнде сатып алынған мүлiктен (ақша қаражатын қоса) қалыптасады.

31. Аппаратқа бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

32. Егер Қазақстан Республикасының заңымен өзге белгiленбесе, Аппарат оған бекiтiлген мүлiктi және оған қаржыландыру жоспары бойынша қаражат есебiнен берiлген мүлiктi өздiгiнен немесе өзге тәсiлмен оқшаулауға құқықты емес.

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

33. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату (бiрiктiрi, қосу, бөлу, ажырату, қайта ұйымдастыру) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүргiзiледi.

34. Таратылғаннан кейiн Аппараттың мүлкiн бөлу тәртiбi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жүргiзiледi.

35. Аппараттың Ережесiне өзгерiстер және толықтырулар енгiзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жүргiзiледi.

36. Аппараттың филиалдары және өкiлдiктерi болмайды.

6. Аппараттағы жұмыс тәртiбi және қарым-қатынастар

37. Аппараттың құрылтайшысы және уәкiлеттi органы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгi болып табылады.

Құрылтайшының мекен-жайы: индекс 150900, Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесi, 12.

Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешiм қабылдайды, Ереженi бекiтедi, өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi.

38. Аппарат пен уәкiлеттi орган арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес белгiленедi және реттеледi.

39. Аппарат әкiмшiлiгi арасындағы қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес жүргiзiледi.

40. Аппараттың жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 18.00-ге, аптасына бес күн, демалыс күндерi кесте бойынша, түскi үзiлiс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн.

16.08.2017 17:39

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика