Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Мәдениет және тілдерді дамыту

Мәдениет және тілдерді дамыту

15 ақпан Мамлютка қаласының «Жастар» стадионында «Солтүстік-2017» спорттық мереке сайысы өткізілді. Жүргізушілер барлық көрермендермен амандасып, жарысқа қатысатын командаларды шерумен таныстырып өтті. Мемлекеттік Әнұран орындалып, аудан Әкімі Бекшенов Е.М барлық спортшыларға сәттілік тіледі. «Қазақ жастары» әнін Таңат Атаманов орындады. Жарыстың бас төрешісі Мищенко В.В. сөз алып, спортшыларды спорт алаңдарына өтуге шақырды.

«Солтүстік — 2017»

«Солтүстік — 2017»

8 наурыз Мамлют мәдени орталығында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі салтанатпен аталып өтті. Бағдарлама қазақ және орыс тілдерінде жүргізіліп, мерекені Ерғали Зиябек және Замира Толбаева жүргізіп жиналған барлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтады. Сосын аудан әкімі Бекшенов Ерболат Мұратұлы сөз алып, барлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, әйелдердің қоғамдағы рөлі маңызды екенін айтып өтті. Концерттік бағдарламаға Мамлют мәдени орталығының өнерпаздарымен қатар Меңгесер селолық мәдениет үйінің көркем — өнерпаздары қатысты.

Концерттік бағдарламада: Замира Толбаева, Таңат Атаманов, Марат Каримов, «Ивушки» вокал тобы, Мейрамбек Атаманов, «Мелодайн» квартетінің орындауында тамаша әндер орындалды.

8 наурыз

8 наурыз

22 наурыз 2017 жыл №1 Мамлют мектеп-гимназиясының алаңында «Наурыз-мейрамы» кең көлемде аталып өтті. Алаңда сахына безендіріліп, қазақтың киіз үйі, татар шатыры және орыс избасы орнатылды. Аудан тұрғындарына кең дастархан жайылып, барлық тұрғындар Наурыз көжеден дәм татты. Қазақтың күйі күмбірлеп, «Әз Наурыз, мәз Наурыз!» атты театрландырылған көріністі «Жалын» театры актерлерінің сомдауында көрсетілді.

Барлық тұрғындарға «Шашу» шашылып, Қызыр баба ақ батасын жиналған жұртшылыққа арнады.

Мерекенің жүргізушілер Марат Каримов және Ерғали Зиябек айтулы мерекемен барлық тұрғындарды құттықтап, аудан әкімі Бекшенов Ерболат Мұратұлына сөз берілді.

Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Мамлют ауданының барлық өнерпаздары өздерінің әндерін арнаса, Бескөл ауылынан — Лаура Алдамасова және Петропавл қаласына Юлия Шибалина қонаққа келіп, әсем індерін жиналғандарға тарту етті.

«Наурыз — мейрамы»

1 мамыр №1 мектеп гимназиясының алаңында Қазақстан халықтарының Бірлік күніне арналаған «Күшіміз бірлікте» атты мейрам өтті. Мерекенің бастау алған шағында көк аспан түстес жалаушаларды желбірете Қазақ, Татар, Славян этно–мәдени орталықтары шеру тартты. Мамлюттіктер бейбітшілік пен достықты дәріптеп, қолдарына гүл алып халықтар ынтымақтығын дәлелдегендей болды. Аудан әкімі Бекшенов Е.М сөз алып барша жиналғандарды бірлік күнімен құттықтады. Сонымен қоса алаңда Қазақтың киіз үйі, Татар шатыры, орыстың избалары құрылып, келген барлық қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм татқызды. Өнер иелерінің қолдан жасаған құндылықтары да көрермендерге тамаша көңіл сыйлады. Селолық округтар бірлік мерекесінде белсене атсалысты Селолық округтердің мәдени орталықтары сахынада өз өнерлерін көрсетті. Олар: Қазақ, Өзбек, Татар, Орыс, Украйн, Әзірбайджан, Белорус тілдерінде ән шырқады. 

Сонымен қатар 5 сәуір мен 26 сәуір аралығында өткен «Біз әр түрліміз, жүректерде біргеміз» атты оқушылар арасында бірлік күніне арналған сурет сайысы өткізіліп, сайыс жеңімпаздары Кирилл Лютый, Самвел Хачатрян, Артур Чирва болып танылды. Мұнда сату алаңдары орнатылып, қонақтар әр елдердің ұлттық ойындарын құлшына ойнады. Бұл күн — әрбір Қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Осылайша татулықты ту еткен аудан халқы бейбіт елімізге тыныштық тілеп тарқасты.



9 мамыр Мамлютка қаласының «Достық» саябағында Ұлы Отан соғысы мен Жеңіс Күнінің 72 жылдығына орай концерттік бағдарлама мен митинг өтті. Аудан әкімі қатысуымен «Белгісіз солдат ескерткішіне» гүл шоқтары қойылды. Содан кейін барлығы "Олар отан үшін шайқасты" мемориалдық кешеніне барып, гүл шоқтарын қойды. Мемлекеттік Әнұран шырқатылып, аудан әкімі Бекшенов Ерболат Мұратұлы Жеңіс күнімен жиналғандарды құттықтады. Опат болғандарды жиналғандар 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, автоматтардан 3 рет оқ аспанға атылды. Сахынада Жеңіс күніне арналған концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарламаны орыс халық аспаптар оркестрі «Думка» орындап ашты. Сонымен қатар концертте «Ұлы дала», «Кадриль», «Бес кыз», «Землянка», «Катюша», «День Победы», «Ұландар шеруі», «Сарбаздарі», «Кукушка» әндері орындалды. Мереке соңында қонақтарға зор денсаулық, өркендеу, құт-береке, ұзақ өмір тілей отыра мерекелік бағдарлама өз мәресіне жетті.

9 мамыр

9 мамыр

Ал кешкі сағат 21:00 де Жеңіс күніне арналған кешкілік концерттік бағдарлама «Достық» саябағында өткізілді. Мерекелік кешкі бағдарламада соғыс әндері мен қазіргі кездің әндері қоса шырқалды.

Концерттік бағдарламаның соңында сағат 23:00 де, Жеңіс күніне арналған мерекелік от шашу жиналғандарды шаттыққа бөледі.

9 мамыр

2 маусым №1 Мамлют мектеп-гимназиясының алаңында Қазақстан Республикасының рәміздер күніне арналған «Еліміздің рәміздері» атты салтанатты шара болып өтті. Шараға қала тұрғындары, мектеп оқушылары, ұйымдардың қызметшілері қатысты. Салтанатты бөлім басталып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері енгізіліп, мемлекеттік Әнұран шарықтады. Сосын айтулы мерекемен аудан әкімі Бекшенов Е.М. жиналғандарды құттықтап, ауданның өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттарды табыстады. Шараның соңы Трио «Мелодайн», Яна Дрягина, Қаражұманов Қаыргелділердің орындауындағы «Көк тудық желбірегені», «Сердце земли моей», «Қазақ елі», «Ұлы дала» әндерімен өз мәресіне жетті.



6 шілде №1 Мектеп гимназиясының алаңында Астана күні және Қала күні мерекелері аталып өтті. Театрлық қойылыммен басталған көрініс көрсетіліп, соңынан аудан әкімі Бекшенов Е.М. сөз алды. Аудан әкімі мерекеге жиналған барша халықты мерекемен құттықтап, өз атынан алғыс хаттарды, құрмет грамотасын, естелік сыйлықтарды ауданның өміріне белсене араласқан адамдарға тапсырды. «Жас Отан» жастар қанатының атынан Мамлюттіктерді мерекемен Наталья Пережигина құттықтады. Үлкен концерттік бағдарлама дайындалып, қала әкімі Бакеев С.Б үш айлық тексеріс нәтижесінде ең таза аула атағын кімнің алғаны жайлы қорытынды жасап, естелік сыйлықтар табыстады. Қолданбалы шығармашылық көрмесі ұйымдастырылып, фотокөрме және гүлдер көрмесі сайысына ауданның барлық мекемелері, ұйымдары қатысты. Сату орындары, жазғы кафе орындары бой көтерді. Балалар үшін «Батут», «Алтыбақан» атракциондары құрылып, жиналған халық мәз мейрам борды.

Астана күні және Қала күні мерекелері аталып өтті

Астана күні және Қала күні мерекелері аталып өтті

13 шілде 21:00 де Мамлютка қаласының «Жастар» стадионында «Ақ бидай — 2017» атты облыстық жазғы спорт мерекесінің ашылу салтанаты өткізілді. Мамлют мәдени орталығының барлық қызметкерлері осы айтулы мерекеге өз үлестерін қосты. Жиналғандарды спорттық мерекемен облыс әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсақалов құттықтады. Сонымен қатар бұл шараға кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов қатысты. Қала қонақтары мен жиналғандарға арнап Петропавл қаласы мен Мамлют мәдени орталығының әртістері дайындаған концерттік бағдарлама өтті. Сонымен қатар мерекелік отты шоу, кешкілік от шашу көрермендерге серпіліс сыйлады. «Ақ — бидай 2017» мерекесі ашық деп жарияланып, барлық қонақтар кешкі концерттік би кешінде қатысты.


16.08.2017 16:39

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика