Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Аудандық атқарушы органдар || Кәсiпкерлiк бөлiмi

Кәсiпкерлiк бөлiмi

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi

Малденов Азамат СейтханұлыСолтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі Е.М. Бекшеновтың өкімімен «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Малденов Азамат Сейтханұлы тағайындалды.

Малденов А.С. 1986 жылы 14 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Докучаево селосында туған, ұлты — қазақ.

Үйленген, бір бала тәрбиелеп отыр.

Білімі жоғары: 2012 жылы «Көкше» академиясын «Қаржы» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаево орта мектебінде математика және информатика мұғалімінен бастады. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы бухгалтер болып жұмыс істеді. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындағанға дейін «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы Становое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы бухгалтер болып жұмыс істеді.

Электрондық поштаның мекенжайы: predprin-maml@mail.ru
Телефон: 8 (71541) 2-12-71
Сенiм телефоны: 8 (71541) 2-12-71
Азаматтарды қабылдау: жұма, сағ. 09.00-13.00 дейiн

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi

«Бизнестiң жол қартасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк гранттар беру қағидалары

«Бизнестiң жол картасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғайбағдарламасы шеңберiнде мемлекеттiк гранттарды ұсынуға (жеке бизнесiн құруға) арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру

Конкурсты ұйымдастырушы: «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және туризм басқармасы» КММ

Орналасқан жерi: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к.,58.

пошталық мекенжайы: Петропавл қ. Қазақстан Конституциясы к.,58.

Электрондық пошта мекенжайы: otdbisnes@sko.kz

байланыс телефоны: 8(7152)- 50-22-85.

Конкурс нысанасы: «Бизнестiң жол қартасы 2020» бизнестi қолдау мен дамытудың бiрыңғай бағдарламасы шеңберiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, оның iшiнде iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлерге, жас кәсiпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастанасқан адамдарға (өз бизнесiн құруға) мемлекеттiк гранттар беру.

Конкурсқа қатысудың мiндеттi шарттары бағдарлама шеңберiнде оқыту құрауыштары сертификатының болуы және кәсiпкердiң оны iске асыру шығыстарын ұсынылатын грант көлемiнiң кемiнде 10%-ы мөлшерiнде, оның iшiнде жеке мүлкiмен бiрлесiп қаржыландыруы, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.

Бiр кәсiпкер үшiн ең жоғары грант сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшiн өтiнiм беру орны: СҚО Мамлют ауданы Мамлютка қ. А. Құнанбаева к, 5. «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк бөлiмi» КММ.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртiбi: конкурсқа қатысу үшiн үмiткерлер көрсетiлген мекенжайға өзi, пошта арқылы немесе өзiнiң өкiлеттi өкiлi арқылы бекiтiлген нысан бойынша конкурстық өтiнiм мен толық құжаттама топтамасын бередi.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзiмi: 2017 жылғы «12» маусымнан 2017 жылғы «11» шiлдеге дейiн жұмыс күндерi сағат 10:00-ден 17:00-ге дейiн (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi беру басталатын күнi мен уақыты: 2017 жылғы «12» маусымда сағат 10:00-ден бастап (жергiлiктi уақыт).

Өтiнiмдердi беру аяқталатын күнi мен уақыты: 2017 жылғы «11» шiлдеде сағат 13:00-ге дейiн (жергiлiктi уақытпен).

Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн түскен өтiнiмдер қабылданбайды. Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен maml.sko.gov.kz сайтында танысуға болады.

«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017

10 маусымнан 10 қыркүйекке дейiн 2017 жылдың ең маңызды және ұзақ оқиғасы — ЭКСПО-2017 болады. «ЭКСПО-2017» 93 күн iшiнде бүкiл әлемдiк қоғамдастықтың назарында болады. Көрмеге 115 ел қатысатындарын растады, 18 халықаралық ұйымдар, 5 млн. астам қатынасу жоспарланған. Қазақстаннан 1,785 млн. келушiлер болады деп күтiлуде.

Көрменiң жалпы  аумағы — 174 га.

 Көрме алаңының 25 гектарында  тақырыптық және халықаралық павильондар,коммерциялық аймақтар, iс-шаралар өткiзiлетiн орындар, сондай-ақ «болашақ Мұражайы» саласы ретiнде ұсынған ЭКСПО-2017 символы орналасқан.

Көрме аумағында 93 күн iшiнде  келушiлерге қолайлы болу үшiн:

  • Фудкорты;                          
  • Демалыс аймағы;
  • Қызмет көрсету аймақтары;
  • Сауда аймағы;
  • Балалар алаңы.

ЭКСПО-2017 оқиғалары және толтыруы:

  • Көрме аумағы бойынша экскурсиялар:
  • Тақырыптық аймақтар, халықаралық және корпоративтiк павильондарға бару;
  • Көрме аумағында және Астана қаласында 3 000-нан астам тақырыптық, мәдени-көпшiлiк, ойын-сауық iс-шаралар;
  • Күн сайын 93 күн ағымында ауқымды шоу, карнавалдар, театрландырылған шеруге қатысушы елдердiң көрмелерi, орындаушылық өнер фестивальдары, концерттер, көркем көрмелер, қойылымдар және тағы басқа мәдени iс-шаралар өтедi;
  • Cirque du soleil 76 көрiнiстерi;
  • «жұлдыздар» операсының әлемдiк концерттерi;
  • классикалық және қазiргi заманғы балет концерттерi;
  • фольклорлық ұжымдарының концерттерi;
  • симфониялық оркестрлерiнiң және джаз ұжымдарының концерттерi;
  • қазақстан, ресей және шетел эстрада «жұлдыздарының» сөз сөйлеулерi;
  • Туристiк өнiмдер туроператорлар өңiрлердiң, облыстардың оқиғалық iс-шараларды қамтитын Астана қ. және ЭКСПО-2017 бару.

Билеттердi  қазiр сатып алуға болады. Олардың құны шамамен 4000-нан 8000 теңге дейiн бару күнiне байланысты. Бұл ретте,билеттердi сатып алу үшiн азаматтардың кейбiр санаттарына жеңiлдiктер берiледi. Мысалы, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерi және оларға теңестiрiлген тұлғалар жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша, барлық топтағы мүгедектер, жетiм балалар мен 6 жасқа дейiнгi (қоса алғанда) балалар ЭКСПО-2017 тегiн тамашалай алады. Билеттердi сатып алу үшiн оқушыларға, студенттерге, зейнеткерлерге, көп балалы аналар мен көп балалы 4 және одан көп кәмелетке толмаған бiрге тұратын балалары бар отбасыларға арналған 50 пайыз жеңiлдiк қарастырылған.

Толық ақпаратты Мамлют ауданының Кәсiпкерлiк бөлiмi, сондай-ақ 2-12-71 телефон нөмiрi бойынша бiле аласыз.

Бiр терезе

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсiпкерлiк кодексiнiң 282 бабына сәйкес, инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттiк органдармен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, инвесторларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган тарапынан жәрдемдесудiң орталықтандырылған нысаны түсiнiледi.

Инвестор деп, Кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға түсiнiледi.

Бүгiнгi күнi, инвесторлар үшiн «бiр терезе» нысанында жұмыс Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (мекенжайы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1) (бұдан әрi — Орталық) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» РММ базасында Инвесторларға қызмет көрсету 19 сектроларында (бұдан әрi — Секторлар) жүргiзiледi. Консультациялар және мемлекеттiк қызметтердi алу барысында көмек көрсету Орталықтың және Инвесторларға қызмет көрсету сектроларының негiзгi мiндетi болып келедi. Сонымен қатар, инвесторлар үшiн Орталықта Call-Centre 8 (7172) 754540 жұмыс iстейдi.

www.isc.baseinvest.kz интернет — ресурсында «Бiр терезе» модулi жұмыс iстейдi, ол онлайн режимiнде Қазақстандағы инвестициялық қызмет көрсету туралы барлық қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ инвесторларға мемлекеттiк органдар тарапынан мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң мониторингiн жүзеге асырады.

Жұмыс берушiлердiң назарына!

2014 жылы жаңа «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексте еңбек қауiпсiздiгi саласында заңнаманы бұзғаны үшiн жұмыс берушiлер жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында жаңа құқық бұзушылықтар құрамы қарастырылған, өндiрiстегi жазатайым жағдайды тексерудi қамтамасыз етпегенi және өндiрiстегi жазатайым жағдай фактiн жасырғаны үшiн максимальды 400 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл қарастырылған.

Жаңа Қылмыстық кодексте еңбек заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк жалпы арттырылды (аз мөлшердегi айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыстар және қамау тағайындалады, сондай — ақ бас бостандығын шектеу мерзiмi 5 жылдан 7 жылға дейiн арттырылды).

Техникалық қауiпсiздiк ережелерiн ұйымдастыру немесе еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауапкершiлiк жүктелген тұлға техника қауiпсiздiгi немесе еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны және оның салдары екi немесе одан да көп тұлғалардың қазасына әкелгенi үшiн жетi жылға дейiн бас бостандығынан шектеледi немес сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Осыған байланысты Сiздiң назарыңызды еңбек заңнамасының және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзуды болдырмауға аударамыз.

Бөлiмiнiң функциялары:

  • Жеке кәсiпкерлiктi дамыту және жеке кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк саясатын аудан аумағында жүзеге асыру, аудандағы кәсiпкерлiктi жүзеге асыру үшiн құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк қолайлы жағдайлар жасау бөлiмнiң атқаратын қызметтерi мен мiндеттерi.
  • Жеке кәсiпкерлiктi дамыту және жеке кәсiпкерлiктiң мемлекеттiк саясатын жүзеге асыру кәсiпкерлiктi жүзеге асыруға жағдай жасайтын бөлiм қызметiнiң бағыты.
  • Шағын кәсiпкерлiктi қолдаудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу және жүзеге асыру.
  • Аймақтарда шағын кәсiпкерлiктi және жаңашыл әрекеттi қолдау инфрақұрылым объектiлерiн құру және дамытуға қолдау көрсетудi қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттiк ұйымдар және жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi мен нарықтық инфрақұрылым объектiлерiнiң бiрлестiктерi арасындағы қарым-қатынасты дамыту стратегиясын анықтайды.
  • Сараптамалық кеңестiң қызметiн қамтамасыз ету.
  • Семинар-кеңестердi, «дөңгелек үстелдердi» өткiзу арқылы шағын кәсiпкерлiк нысандарына мамандар дайындауды, оқытуды, бiлiктiлiктерiн арттыруды ұйымдастыру.
  • Ауданда шағын кәсiпкерлiктi және жаңашыл әрекеттi қолдау инфрақұрылым объектiлерiн құру және дамытуға қолдау көрсетедi, кәсiпкерлiк ортаның жағдайын талдайды.
  • Аудан мемлекеттiк мекемелерiнiң кәсiпкерлiк субъектiлердi дамыту мәселелерi бойынша әрекетiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйлестiредi.
  • Мелекеттiк ұйымдардың қарауына жеке кәсiпкерлiктi қолдау жәнеқорғау мәселелерi жөнiндегi нормативтiк-құқықтық актiлердiң орындалмауына немесе тиiсiнше орындалмауына септiгiн тигiзетiн себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
  • Шағын кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының Индикативтiк және Стратегиялық жоспарларын, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту мәселелерi бойынша басқа да бағдарламалар мен iс-шаралар жоспарларын әзiрлеуге қатысады.
  • Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мемлекеттiк емес қоғамдық ұйымдарының (кеңестердiң, ассоциациялардың) қызметiн ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге қолдау көрсетедi.
  • Аудан кәсiпкерлерiнiң облыстық деңгейде өткiзiлетiн қозғалыстарға, сайыстарға, шараларға қатысуына, сыртқы экономикалық байланыс жүргiзуiне қолдау көрсетедi.
  • Шағын бизнес мәселелерi жөнiндегi аудан әкiмдiгi қаулыларының, әкiм шешiмдерiнiң жобасын, шағын және орта бизнес мәселелерi бойынша аудандық комиссия, жұмысшы топтары отырыстарына материалдар әзiрлеудi қамтамасыз етедi.
  • Қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа функцияларды жүзеге асыру.
  • Мемлекеттiк органдардан, ұйымдар мен кәсiпорындардан құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және басқа да материалдарды талап етедi және қабылдайды.
  • Координациялық кеңеске бөлiмге қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар енгiзедi.
  • Мемлекеттiк органдар, қоғамдық бiрлестiктер және басқа да ұйымдар өткiзетiн отырыстарға, жиналыстарға, конференцияларға, «дөңгелек үстелдерге» қатысады.
  • Мемлекеттiк органдарға тең дәрежелi лауазымды тұлғалар мен ұйымдардың шағын кәсiпкерлiкке кедергi келтiретiн актiлерiн өзгерту немесе тоқтату жөнiнде мәселе қояды.
  • Бөлiмнiң қызметiн жақсарту жөнiнде бекiтiлген тәртiпте ұсыныстар енгiзедi.

Мамлют ауданында шағын және орта бизнестi дамыту туралы ақпарат

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Бюджеттік бағдарламалар

«Солтүстік-Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-нің 2010–2014 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары бекіту туралы

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Ақпараттық парақ

14.09.2017 09:41

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика