Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Экономика және қаржы бөлiмi

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкмдігінің экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мелекеттік мекемесі

Биктимиров Амир КамильевичБиктимиров Амир Камильевич 20.09.1965 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Мамлютка қаласында туды.

1993 жылы Қорған ауылшаруашылық институтын «Экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру» мамандығы бойынша, 2004 жылы Омбы мемлекеттiк университетiн «Юристпруденция» маманлығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 1984 жылы СҚО Мамлют ауданы «Родина» совхозының №3 бөлiмшесiнiң агрономынан бастады, 1986 жылдың мамырынан бастап Қазақ ССР ҚМБРБ Мамлют ауданы бойынша аға бақылаушы ревизоры, 1990 жылдың наурызынан бастап Қазақ ССР ҚМБРБ Мамлют ауданы бойынша бас бақылаушы ревизоры, 1992 жылдың қарашасынан бастап Мемлекеттiк қаржылық бақылау комитетiнiң Мамлют ауданы бойынша бөлiмшесi бастығының орынбасары, 1993 жылдың шiлдесiнен бастап Мемлекеттiк қаржылық бақылау комитетiнiң Мамлют ауданы бойынша бөлiмшесiнiң бастығы, 1994 жылдың сәуiрiнен бастап Мемлекеттiк қаржылық бақылау комитетiнiң Мамлют ауданы бойынша бөлiмшесiнiң бас бақылаушысы-ревизоры, 1994 жылдың қыркүйегiнен бастап бас бақылаушы-ревизор, 1996 жылдың наурызынан бастап СҚО Мамлют ауданының халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмшесiнiң меңгерушiсi, 1997 жылдың тамызынан бастап АӨК кәсiподақ жұмысшыларының Мамлют ауданы бойынша аудандық комитетiнiң төрағасы, 2004 жылдың қарашасынан бастап СҚО Мамлют ауданы бойынша әдiлет бөлiмiнiң бастығы м.а, 2004 жылдың желтоқсанынан бастап СҚО Мамлют ауданы бойынша әдiлет бөлiмiнiң бастығы, 2005 жылдың наурызынан бастап СҚО әдiлет департаментi Мамлют ауданының әдiлет басқармасының бастығы, 2012 жылдың қарашасынан бастап ХҚКО РМК СҚО Мамлют ауданы бойынша бөлiмiнiң инспекторы, 2014 жылдың қаңтарынан бастап СҚО Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы м.а., 2014 жылдың ақпанынан бастап СҚО Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлiмiнiң басшысы.

Телефон: 8(71541)21268
E-mail: maml-fin@sko.kz
Сенім телефоны: 8 (71541) 2-12-68
Азаматтарды қабылдау: сәрсенбi, сағ. 09.00-18.00 дейiн

Қаржы мониторингi субъектiлерiне ақпарат үшiн

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi комитетi (бұдан әрi — Комитет) 2016 жылдың 20 сәуiрiнен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрi — АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерiстер енгiзуiмен байланысты, қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзiмiнiң кеңейтiлуi туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесi мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

  • лизинг берушi ретiнде лизингтiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • ломбардтар;
  • бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлiк бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату мәмiлелерiн жүзеге асыру кезiнде делдалдық қызметтер көрсететiн дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттiк органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекiту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметтi жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсiндiру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткiзуi жоспарланып отыр.

Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерiнiң өкiлдерiң, d.mukushev@minfin.gov.kz, r.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесi ақпаратты: ұйымның атауы, тiркеу мекенжайы, өкiлдiң Т.А.Ә, телефон нөмiрлерiң, жолдауынызды сұраймыз.

Жұмыс кездесуiнiң күнi және уақыты туралы ақпарат, Сiздермен көрсетiлген байланыс деректерiне байланысты қосымша хабарланады.

Сұраулар бойынша телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

Байланыс ақпараты

  1. Биктимиров Амир Камильевич — «СҚО Мамлют ауданы экономика және қаржы бөлiмi» ММ,
    тел.: 8(71541)21268, электрондық пошта мекенжайы: maml-fin@sko.kz.
  2. Косова Елена Ивановна — коммуналдық жекеменшiктi басқару бойынша бас маман,
    тел.: 8(71541)22996, электрондық пошта мекенжайы: maml-fin@sko.kz.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлiмi» ММ-де 2016 жылы мемлекеттiк қызметтер көрсету бойынша атқарған жұмыстар туралы ақпарат

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкмдiгiнiң экономика және қаржы бөлiмi» коммуналдық мелекеттiк мекемесiнiң ережесi

Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекiту туралы

Жекешелендiрудiң кейбiр мәселелерi туралы

Ауданның жекешелендiруге жататын коммуналдық меншiктегi ұйымдарының тiзбесiн бекiту туралы

Ақпараттық парақ

08.09.2017 11:24

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика