Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Аудандық атқарушы органдар || Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мищенко Виктор ВикторовичСолтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкiмi Ерболат Мұратұлы Бекшеновтың өкiмiмен «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының дене шанықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы лауазымына Мищенко Виктор Викторович тағайындалды.

Мищенко В.В. 1979 жылы 01 қаңтарда Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Чистое ауылында туған, ұлты — орыс. Бiлiмi жоғары: 2007 жылы Қорған мемлекеттiк университетiн «Психология» мамандығы бойынша аяқтады.

2000 жылдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкiмi аппаратының жетекшi маманы, содан кейiн Мамлютка қаласы әкiмi аппаратының бас маманы, 2008 жылдан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының дене шанықтыру және спорт бөлiмi» ММ бастығы, 2010 жылдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары 2016 жылдың 08 шiлдесiне дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары болып жұмыс iстедi.

Үйленген.

Телефон: 8(71541) 2-00-97
E-mail: YuDudenko@sko.kz
Сенім телефоны: 8 (71541) 2-29-44
Азаматтарды қабылдау: сейсенбi, сағ. 09.00-13.00 дейiн

«Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмдiгiнiң дене шынықтыру және спорт бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi

2016 жылға арналған «Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданының дене шынықтыру және спорт бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету туралы есеп

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң 2017 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша жұмысы туралы ақпарат

Бүгiнгi күнi ауданда 119 спорт нысаны жұмыс iстейдi, оның 93 ауылдық жерде. Аудан аумағында 1 стадион, 1 тир бар, Мамлютка қ орналасқан. Ауданда 25 спорт зал, оның 20 ауылда. 18 зал ауылдық мектептерде, 5 зал қала мектептерiнде және 1 зал Воскресеновка ауылының Мәдениет үйiнде. Сонымен қатар ауданда 9 қосымша салынған спорт залдар және 1 бассейн бар. Әрбiр ауылдық округтiң аумағында жазықтық нысандар жұмыс iстейдi. Ауданда 24 хоккей қорабы жұмыс iстейдi. «Юность» стадионында 2016 жылы жасанды жабумен шағын футбол алаңы, волейбол, баскетбол алаңдары бар, 700 отыратын пластик орындықтармен трибуна және пластик VIP-трибуна орнатылды, үлкен футбол алаңында газон шөбi себiлдi, установлен один комплекс уличных в количестве 11 дана мөлшерде көше тренажерлер кешенi және пластик хоккей қорабы орнатылды.

Балалар-жасөспiрiмдер спортын ауданда жалпы бiлiм беретiн мектептер, дене шынықтыру дайындығының балалар-жасөспiрiмдер клубы және Мамлют ауданының балалар-жасөпiрiмдер спорт мектебi дамытады.

Спорт саласында ауданда 69 адам жұмыс iстейдi, оның iшiнде 48 адам ауылда, 42 адам — дене шынықтыру мұғалiмдерi, 1 директор, 1 оқу iсiнiң меңгерушiсi және БЖСМ-де 7 штаттық жаттықтырушылар, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлiмiнде 3 адам, ауылдық округтерде спорт жөнiндегi 11 нұсқаушылар, 1 директор, 1 оқу iсiнiң меңгерушiсi, БЖК-да 1 әдiскер. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы 67 адамда бар, оның 44 ауылда. 52 адамның бiлiмi жоғары, оның 34 ауылда. Дене шынықтыру мұғалiмдерiнiң жалпы санынан 6 әйел жұмыс iстейдi.

Аудан аумағында 18689 адам тұрады. Дене шынықтыру бойынша 49 ұжым жұмыс iстейдi. 29 ұжым жалпы бiлiм беретiн мектептерде, 9 ұжым қала ұйымдарында және ауылдық округтерде 11 бiрiктiрiлген ұжымдар. Дене шынықтырумен айналысатын әйелдер саны — 1447 адам, оның 988 ауылда. Дене шынықтыру және спортпен айналысатындардың жалпы саны 5369 адам, бұл аудан халқының 28,7% құрайды. Жалпы бiлiм беретiн мектептерде дене шынықтыру сабақтарына 2470 адам қатысады.

Бүгiнгi күнi ауданда спорттың 28 түрi дамыған. Әсiресе спорттың келесi түрлерi дамыған: баскетбол, волейбол, футбол, допты хоккей, жеңiл атлетика, еркiн күрес, грек-рим күресi, атыс, үстелдегi теннис, шаңғы жарысы, шахмат. БЖСМ-де 35 топ жұмыс iстейдi, оқушылардың жалпы саны 506 адам, оның 200 адамы ауылда. Спорттың түрлерi арасында сыныптан тыс жұмыс есебiнен келесi түрлер дамыған: қазақша күрес, тоғыз-құмалақ, бес тас. 2016 жылы БЖСМ бокстан тегiн секция ашылды.

2017 жылдың 20 қаңтарынан 22-не дейiн Мамлют ауданының Мамлютка қаласында футзалдан облыстық зоналық жарыстар өткiзiлдi, нәтижесiнде ауданымыздың құрамасы Солтүстiк мерекесiнiң финалына шықты.

26 қаңтардан 28-не дейiн аудан құрамасы «Солтүстiк-2017» облыстық спорттық мереке бағдарламасында коньки тебу Чемпионатына қатысты.

01 ақпаннан 04-не дейiн «Солтүстiк-2017» облыстық спорттық мереке бағдарламасында допты хоккейге қатысты.

10 ақпаннан 13-не дейiн «Солтүстiк-2017» облыстық спорттық мереке бағдарламасында қысқы Президенттiк көпсайыстан облыстың жеке-құрама чемпионатына қатысты, нәтижесiнде 3 орын алды.

2017 жылдың 15 ақпанында Мамлютка қ. «Юность» стадионында «Солтүстiк-2017» аудандық спорттық мереке өткiзiлдi. Нәтижесiнде Дубровное а/о 3 орын, Қызыләскер а/о 2 орын, Леденев а/о 1 орын алды.

Үстiмiздегi жылдың 17 ақпанынан 19-на дейiн облыстық спорттық мереке бағдарламасында шайбалы хоккейден зоналық жарыстарға қатысты.

Үстiмiздегi жылдың 20 ақпанынан 22-не дейiн облыстық спорттық мереке бағдарламасында керлингтен облыс чемпионатына қатысты.

Үстiмiздегi жылдың 23 ақпанынан 26-на дейiн «Солтүстiк-2017» облыстық спорттық мерекенiң финалына қатысып, шаңғы жарысынан 3 орын алды.

Алғыс айту күнiне байланысты 2017 жылдың 28 ақпанында тоғыз-құмалақтан турнир, 2017 жылдың 1 наурызында үстелдегi теннистен турнир өткiзiлдi.

2017 жылдың 4 наурызында мемлекеттiк қызметшiлер арасында спорттың қысқы түрлерiнен спартакиадаға қатысты, 4 орын алды.

2017 жылдың 18 наурызында Мамлютка қ. ауылдық округтер мен Мамлютка қ. құрамалары арасында волейболдан аудандық турнир өткiзiлдi.

2017 жылдың 25 наурызында Новомихайловка а. «Новомихайловское-2003»ЖШС жүлдесiне үстелдегi теннистен аудандық турнир өткiзiлдi.

2017 жылдың 8 сәуiрiнде Мамлютка қ. ауылдық округтер мен Мамлютка қ. құрамалары арасында шахматтан, дойбыдан, тоғыз-құмалақтан аудандық турнир өткiзiлдi.

2017 жылдың 15 сәуiрiнде Мамлютка қ. ауылдық округтер мен Мамлютка қ. құрамалары арасында шағын футболдан және баскетболдан аудандық турнир өткiзiлдi.

2017 жылдың 22 сәуiрiнде Мамлютка қ. «Нұр Отан» партиясының бастамасымен қазақ күресiнен «Қызылжар Барысы» аудандық турнир өткiзiлдi

2017 жылдың 29 сәуiрiнде Мамлютка қ. «Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне» арналған волейболдан аудандық турнир өткiзiлдi.

2017 жылдың 6-7 мамырында Петропавл қ. қазақ күресiнен «Қызылжар Барысы» облыстық турнирге қатысты.

2017 жылдың 7 мамырында «Жеңiс күнiне» және «Отан қорғаушы күнiне» арналған шахматтан және дойбыдан аудандық ардагерлер кеңесiнiң сыйлығына турнир өткiзiлдi.

2017 жылдың 8 мамырында Мамлютка қ. «Жеңiс күнiне» арналған шағын футболдан аудандық турнир өткiзiлдi.

Дене шынықтыру және спорт бөлiмiнiң басшысы
В. Мищенко

08.09.2017 11:43

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика