Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Экономика || СҚО кәсiпкерлер Палатасы Мамлют ауданының филиалы

СҚО кәсiпкерлер Палатасы Мамлют ауданының филиалы

    Кәсіпкерлік

    Басшылық

    Директор — Василенко Нина Николаевна

    Байланыс мәлiметтер:

    СҚО кәсiпкерлер Палатасы Мамлют ауданының филиалы

    Мекенжайы: Мамлютка қ, Школьная к, 41

    Тел.: 8 (71541) 79016

    Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер Палатасы Мамлют ауданының филиалы — бұл 2014 жылдың ақпанында құрылған СҚО КП аумақтық бөлiмшесi.

    Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер Палатасы Мамлют ауданы филиалының қызметi кәсiпкерлiктi дамытуға және қолдауға, кәсiпкерлердiң құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғауға, бизнестiң билiкпен байланыс процесiн нығайтуға, кәсiпкерлердi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу процесiне тартуға бағытталған.

    Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер Палатасы Мамлют ауданының филиалы өз қызметiн төмендегi негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырады:

    1. кәсiпкерлiк қоғамдастықты шоғырландыру;
    2. кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру, қамтамасыз ету және қорғау;
    3. кәсiпкерлiк субъектiлерi мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттiк органдармен өзара тиiмдi iс-қимылын ұйымдастыру;
    4. Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
    5. кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру процесiне қатысу;
    6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттер болып табылады.

    Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төлемдердi есептеу және аудару дұрыстығын түсiндiру жөнiнде бизнес субъектiлерiмен семинар

    СҚО Мамлют ауданының кәсiпкерлер Палатасының филиалы аудандық мемлекеттiк кiрiстер басқармасымен бiрлесiп, бизнес субъектiлерiмен әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төлемдердi есептеу және аудару дұрыстығын түсiндiру жөнiнде семинар өткiздi.

    Жақын арада жұмыс берушiлер мен жеке кәсiпкерлер әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына бiрiншi төлемдердi аударуды бастау керек.

    Бизнес субъектiлер келесi мәселелердi көтердi: какой должен быть размер отчислений работодателей в систему медициналық сақтандыру жүйесiне жұмыс берушiлердiң төлемдер мөлшерi қандай болу керек, жеке кәсiпкерлер өзi және жұмысқа жалдайтын тұлғаға төлемдердi қалай төлейдi. Патент бойынша ай сайынғы төлемiмен жұмыс iстегенде ағымдағы айда ақы төлеу қандай мөлшерлеме бойынша төленедi, ШҚ мүшелерi, уақытша iстейтiндер үшiн қалай төлеу керек, егер ЖК — зейнеткер болса қалай төленедi және т.б.

    Барлық сұрақтарға филиалдың және мемлекеттiк кiрiстер басқармасының мамандары түпкiлiктi жауап бердi.


    Байланыс және ақпарат жұмысшылары күнi

    «Байланыс және ақпарат жұмысшылары күнi» қарсаңында СҚО кәсiпкерлер палатасының Мамлют аудандық филиалы «Знамя труда» газетiнiң ұжымын кәсiптiк мерекемен құттықтады және газеттiң бас редакторы Х.Х. Шагвалееваға белсендi ынтымақтастық және Мамлют ауданы кәсiпкерлерiнiң проблемалары мен жетiстiктерiн объективтi жариялағаны үшiн СҚО кәсiпкерлер палатасы директорының алғыс хатын табыс еттi.

    Байланыс және ақпарат жұмысшылары күні

    Бiз эфирдемiз

    Солтүстiк Қазақстан облысында бизнес қандай проблемаларға тiреледi және соларды кәсiпкерлер Палатасы қалай шешедi? Осы туралы «Қазақстан-Петропавл» телеарнасында тiкелей эфирде есеп беру кездесу барысында СҚО КП директоры Тұрар Ысқақов айтты.

    Өткен жылды қорытындылай келе, Тұрар Ысқақов бизнес-қоғамның Палатаға сенiмi жыл сайын артып келе жатқанын айтты. 2016 жылы СҚО кәсiпкерлер Палатасына және оның филиалдарына кәсiпкерлердiң 3,5 мыңнан астам өтiнiштерi түстi, оның iшiнде бизнестi қорғау бойынша 312 өтiнiш, 245 өтiнiш оң шешiлдi. Бизнес мүддесi 360 млн. теңгеден астам сомаға қорғалды. Өткен жылы Палатамен 39 әкiмшiлiк кедергi айқындалды, 23 жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк кедергiнiң — 16 оң шешiмiн тапты, 14 кедергi проблемалардың республикалық Тiзбесiне енгiзу үшiн ҚР ҰКП жолданды. «Кәсiпкерлердiң өтiнiштерiне талдау жасау барысында бiз кәсiпкерлердiң негiзгi проблемаларын айқындадық — ауылдық жердегi кәсiпкерлер үшiн қаржы ресурстарына қол жетiмдiлiк мәселесi. Бұл мәселе бiздiң облыста аса актуалды болып отыр. Банктердiң филиалдары облыстық орталыққа шоғырландырылған, ал аудандарда жоқ. Сондықтан өкiнiшке орай аудандық деңгейде бұл мәселе шешiлмейдi. Сонымен қатар кепiлдiк мүлiк мәселесi де бар. Бiздiң кәсiпкерлер «Ұлттық сараптама орталығы» ҚР ҰЭМ ТҚҚК ШЖҚ РМК қызметiне бағаның өсу мәселесiн көтердi. Қызметке бағалар өткен жылы көтерiлдi және тамақ өнiмдерi өндiрiсiмен айналысатын кәсiпкерлер үшiн бұл қиындық туғызды» — дедi СҚО кәсiпкерлер Палатасының директоры Тұрар Ысқақов.

    Бұдан басқа Тұрар Ысқақов келесi проблемаларға тоқталды: жер учаскелерiн жалға алу шартына, шарттың затына жатпайтын шарттарды енгiзу; жарнаманы орналастыру үшiн қоршаған ортаға эмиссияға жоғары төлем ставкалары; алкоголь өнiмiн бөлшектiк сатуға жыл сайынғы лицензиялық жинаққа салық салғанда дифференциацияның болмауы; тiркелмеген тасымалдаулар; нормативтiк реттеудiң болмауына байланысты, дәрiхана iшiнде және өзге бақылау жүргiзу мүмкiндiгiнiң жоқтығы бөлiгiнде фармацевтикалық қызмет проблемалары; халықтың шағын мобильдi топтары үшiн нысандарды және ғимараттарды бейiмдеу саласында мемлекеттiк стандарттың болмауы.

    Палата қызметiнiң басқа бағыттарында да жақсы жетiстiктерге қол жеткiзiлдi. Отандық өндiрушiлердiң өнiмiн қамтамасыз ету үшiн «Өңiрлерде инфрақұрылым, әлеуметтiк жобаларды, ТКШ жобаларын жүзеге асырғанда және отандық тауар өндiрушiлермен ұзақ мерзiмдi шарттар жасағанда жұмыс жүргiзiледi. Бiздiң бастамамызбен облыс әкiмдiгiнiң өкiлдерiнен жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына облыс әкiмiнiң орынбасары, басқармалар басшылары мен кәсiпкерлер кiрдi. Бизнесмендердi шақырумен, бiлiм және денсаулық сақтау, тұрғын үй объектiлерi мен жолдардың құрылысы жүйесi бойынша мемлекеттiк сатып алулар жөнiнде барлығы 8 отырыс өткiзiлдi, онда азық-түлiктi, тауарларды және жұмыстарды сатып алудағы проблемалық сұрақтар қарастырылды. Мемлекеттiк сатып алулар бойынша 17 компанияларға 150 шартты жалпы 2 млрд. теңгеден астам сомаға жасауға көмек көрсетiлдi», — дедi Тұрар Ысқақов.

    Кәсiпкерлер Палатасының өкiлдерi 147 консультативтiк-кеңесшi органдардың, оның iшiнде 100 аудандық деңгейдегi жұмысына қатысты. 2016 жылы консультативтiк-кеңесшi органдардың басымды бағыттары бойынша 102 отырыс өткiзiлдi. Отырыстарда 5 мыңнан астам сұрақтар қарастырылды, оның 1,5 мыңы бизнес субъектiлерiне қатысты, оның 60% оң шешiлдi.

    АӨК саласы өңiрде жетекшi орын алады, сондықтан соған көп көңiл бөлiнедi. 2016 жылы кооперация мәселесi жөнiнде ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен 138 кеңес өткiзiлдi. Қазiргi уақытта облыста 153 АӨК жұмыс iстейдi, соның 15 астық және майлы дақылдар өндiрiсi бойынша, 134 — IҚМ өсiру бойынша, 4 — өңдеу бойынша. Кадрлардың тапшылығы ауыл шаруашылығы саласындағы актуалды проблема болып табылады. Осы мәселенi шешу үшiн Палатамен үлкен жұмыс жүргiзiледi. Жергiлiктi атқарушы органдармен және ұйымдармен бiрлесе отырып, дуалды оқытудың Жол картасы жүзеге асырылып жатыр. 2500 студенттi қамтумен 90 кәсiпорындармен, 15 колледждермен үш тарапты шарттар жасалды.

    2017 жылғы жоспарлар туралы айта келе, Палата директоры облыста сәуiрден бастап «Бастау-Бизнес» бағдарламасы бойынша бастамашыл кәсiпкерлердi оқыту басталғанын айтты, бұл бағдарламамен жоғары санатты жаттықтырушыларды тартумен 30 күндiк оқыту қарастырылған. Сонымен қатар өңiрдiң өсiмдiк шаруашылығындағы, мал шаруашылығындағы негiзгi мүмкiндiктерi интенсивтiк индустриялық өндiрiске көшуiне байланысты екенiн айтып бердi. Астана, Омбы, Қорған, Түмен, Челябi iрi қалалардың жақындығы тамақ өнеркәсiбiн дамытуға үлкен мүмкiндiк бередi. «Өңiрдiң қолданыстағы потенциалын ескере отырып, облыстың дамуын келесi секторларды дамытуға бағыттау ұсынылады: өңдеу өнеркәсiбi, ауылшаруашылық өнiмдi терең өңдеу, оның iшiнде балық өнiмi және азық-түлiк өндiрiсi; тау-кен өндiрiсi; АӨК — өсiмдiк шаруашылығы және мал шаруашылығы; туризм; көлiк және қоймалау. Бiздiң көмегiмiзбен 2016 жылы 300 астам жоба жүзеге асырылды. Бұдан басқа 9 iрi инвестициялық жобалар таңдалды, инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр, жобалар кәсiпкерлiктi дамытудың Өңiрлiк картасының сайтында орналастырылды», — дедi Тұрар Ысқақов.

    Біз эфирдеміз

    Инвестициялық преференциялар бойынша ақпарат

    Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау

    Кәсiпкерлiк субъектiлер жадынамасы

    Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ақпараттық көмек

    15.08.2017 14:03

    НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
    Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

    Жаңалықтарға жазылу

     

    RSS


    Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
    Яндекс.Метрика