Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Аудан әкiмiнiң есептi кездесулерi || Аудандық маңызды қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімдері қызметінің тізбесі

Аудандық маңызды қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтер әкімдері қызметінің тізбесі

1 Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке қоюды ұйымдастыру;
2 Тірек мектептердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету (ресурстық орталықтар);
3 Облыс әкімдігіне (республикалық маңызды қала, елорда) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін көрсетуді ұйымдастыру жөнінде облыстың (республикалық маңызды қала, елорда) даму жоспарына енгізу үшін ұсыныстар енгізеді;
4 Ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) жергілікті бюджет есебінен малдардың энзотикалық ауруларын алдын алу және диагностикалау жүргізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
5 Ауылшаруашылық малдарды идентификациялау жөніндегі іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру және ауылшаруашылық малдарды идентификациялау бойынша мәліметтерін базасын жүргізу;
6 Ауылшаруашылық малдардың жеке нөмірлеріне қажеттікті белгілеу және ауданның жергілікті атқарушы органдарына, аудандық маңызды қалаға ақпаратты тапсыру;
7 Ветеринария мәселелері жөнінде халық арасында ағарту жұмысын жүргізу;
8 Ветеринарлық есепті және есептілікті жүргізу және ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсыну;
9 Сәйкес аумақта малдардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша карантин тәртібін немесе шектеу іс-шараларын енгізумен карантин зонасының ветеринарлық тіәртібін белгілеу туралы шешім қабылдау;
10 Сәйкес аумақта малдардың жұқпалы ауруларды жою жөніндегі ветеринарлық іс-шаралар кешенін өткізген соң бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспектордың ұсынысы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантин тәртібін алу туралы шешім қабылдау;
11 Ауданның жергілікті атқарушы органдарына (облыстық маңызды қала) сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
12 Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринарлық іс-шараларды жүргізу;
13 Ветеринария саласында қызметті іске асыратын ауданның жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекіту;
14 Малға ветеринарлық паспортты беру;
15 Ветеринарлық анықтама беру;
16 Малдардың аса қауіпті және энзотикалық ауруларына қарсы ветеринарлық іс-шараларды орындауды қамтамасыз ету;
17 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ветеринарлық құралдарды қызметтік бөлмелермен қамтамасыз ету;
18 Ауылшаруашылық малдарды идентификациялау бойынша мәліметтер базасынан көшірмелерді беру;
19 Биологиялық материалды тексеруге алу және ветеринарлық зертхана жеткізу;
20 Ауданның жергілікті атқарушы (әкімдіктер) органдарына (облыстық маңызды қала) ұсыныстар енгізу: агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды қалыптастыру; ауылшаруашылық малдардың ұстау және бағу ережелері бойынша;
21 Агроөнеркәсіп кешен субъектілеріне мемлекеттік агроазық-түлік саясатының және ауылдық аумақтарды дамытудың негізгі бағыттарын және механизмдерін түсіндіру бойынша жұмысты жүргізу;
22 Ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленген тәртіпте ауылшаруашылық малдарды идентификациялауға қатысу;
23 Малдарды жасанды тұқымдандыру бойынша мемлекеттік құралдардың, мал өнімін және шикізатты, малды көметіе орындарды, арнайы қоймаларды, пестицидтерді, улы химикаттарды және бос ыдысты дайындауға көмек көрсету;
24 Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аумақтар саласындағы жедел ақпаратты жинау және оны ауданның жергілікті атқарушы (әкімдіктер) органдарына (облыстық маңызды қала) ұсыну;
25 Ауылшаруашылық санақты жүргізуге қатысу;
26 Шағын несиелеу бағдарламаларына қатысу үшін кірісі төмен тұлғаларды айқындау;
27 Елді мекен жерлерінде малды бағу орындарын белгілеу;
28 Жер Кодексінің 13 және 16 баптарымен қарастырылған жағдайлардан басқа жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру;
29 Жер Кодексінің 69 бабына сәйкес көпшілік сервитуттарды белгілеу;
30 Жер учаскелерін, соның ішінде мемлекеттік қажеттіктер үшін алу мәселесі жөнінде аудандық (қалалық) әкімдікке ұсыныстар енгізу;
31 Азаматтардың үндеулерін, өтініштерін, шағымдарын қарастырады, азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды;
32 Салықтар және бюджетке басқа міндетті төлемдерді жинауға көмек көрсетеді;
33 Әкім аппараты әкімгер болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды сәйкес мәслихатпен бекіту үшін жоғары тұрған әкімдікке ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді;
34 Әкім аппараты әкімгер болып табылатын стратениялық жоспарды және (немесе) бюджеттік бағдарламаны әзірлеуде Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес аудан (облыстық маңызды қала) бюджетінің құрамында қарастырылған бағыттар бойынша жергілікті маңыздағы мәселелерді қаржыландыру жөнінде ұсыныстарды жергілікті қоғамдастықтың жиналысында талқылауға шығаруға құқықты;
35 Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен заңды тұлғалардың орындауына жағдай жасау;
36 Өз құзыры шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;
37 Аудандық маңызды қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сонымен қатар аудандық маңызды қалаларда, кенттерде, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және ұстауды қамтамасыз етеді;
38 Аудандық маңызды қалаларда, кенттерде, ауылда (селода), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының құрылысын, қайта жаңартуды, жөндеуді және ұстауды қамтамасыз етеді;
39 Шаруа және фермерлік қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жағдай жасау;
40 Өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сонымен қатар жұмылдыру дайындығы және мобилизация мәселелері туралы заңнамасын орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
41 Республики Казахстан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әділет органдары жоқ жерлерде нотариалдық іс-әрекеттер жасауды, азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
42 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте әділет органдары жоқ жерлерде азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;
43 Тарихи және мәдени мұраны сақтау бойынша жұмысты ұйымдастырады ;
44 Аз қамтылған отбасыларды айқындайды, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізеді, жалғыз басты қарт және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;
45 Қылмыстық-атқару инспекциясында есепте тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;
46 Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасау;
47 Қоғамдық көліктің қозғалысын ұйымдастырады;
48 Жедел медициналық жәрдем көрсету қажет болған жағдайда, дәрігерлік жәрдем көрсететін денсаулық сақтаудың жақын ұйымына науқастарды жеткізуді ұйымдастырады;
49 Жергілікті басқару органдарымен қарым-қатынас жасайды;
50 Шаруашылық ішілік есеп жүргізеді;
51 Жергілікті бюджетті бекітуде (нақтылауда) қала, аудан (облыстық маңызды қала) мәслихатының сессия жұмысына қатысады;
52 Республикалық маңызды қалада, елордада, облыстық маңызды қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерінен басқа мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
53 Республикалық маңызды қалада, елордада, облыстық маңызды қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерінен басқа мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;
54 Өз құзыры шегінде елді мекендерді сумен қамту және су пайдалану мәселелерін реттеуді ұйымдастырады;
55 Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту бойынша жұмысты ұйымдастыру;
56 Туысы жоқтарды жерлеу және зираттарды және өзге жерлеу орындарын тиісті жағдайда ұстау бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады.
57 Кәсіптік емес медиаторлардың тізбесін жүргізеді.
58 Аудандық орталықпен көлік қатынасын ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
59 Мектепке дейін және ауылдық округке кері тегін тасымалдауды ұйымдастыру жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;
60 Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мектеп дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
61 Мүгедектерге көмек көрсетеді;
62 Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;
63 Дене шынықтыру және спорттың уәкілетті органымен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірге мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу;
64 Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірге мәдени көпшілік және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;
65 Мүгедектерге қайырымдылық және әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіреді;
66 Халықтың әлжуаз жіктеріне қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;
67 Денсаулық сақтаудың ауылдық ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

03.10.2013 16:03

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика