Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Аудан әкімінің аппараты || Аудан әкімінің орынбасарлары

Аудан әкімінің орынбасарлары

Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасарлары

Ғаббасов Рустам Алтайұлы

Ғаббасов Рустам АлтайұлыҒаббасов Рустам Алтайұлы — 1983 жылы 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қайранкөл селосында туды. Білімі жоғары, 2006 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2006 жылы Мамлют ауданы бойынша салық комитетінің салық есептілігін әкімгерлеу, тіркеу, қабылдау және талдау бөлімінің бас маманынан бастады. 2008 жылдың тамызынан бастап 2010 жылдың қазанына дейін Мамлют ауданы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс жөніндегі бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2010 жылдың қазанынан бастап 2011 жылдың мамырына дейін Мамлют ауданы бойынша салық басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және салықты өндіру бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2011 жылдың мамырынан бастап 2012 жылдың желтоқсанына дейін Мамлют ауданының экономика және қаржы бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.

2012 жылдың 26 желтоқсанынан бастап аудан әкімінің экономика және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Үйленген, екі баласы бар.

Тел.: 8(71541) 2-14-72
Азаматтарды қабылдау: жұма

2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелерi жөнiндегi орынбасары Р.А. Ғаббасовқа барлығы — 2644043,21 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 176354,10 теңгенi құрады.

2015 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелерi жөнiндегi орынбасары Р.А. Ғаббасовқа барлығы — 2028783 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 131239 теңгенi құрады.

2014 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелері жөнiндегi орынбасары Р.А. Ғаббасовқа барлығы — 1999210,90 теңге, кiрiстер есептелдi, бұдан басқа жеке табыс салығы — 130255 теңге құрады.

Еслямов Жеңiс Теңдiкұлы

Еслямов Жеңiс ТеңдiкұлыЕслямов Жеңiс Теңдiкұлы 1968 жылы 04 наурызда Солтүстiк Қазақстан облысы Совет ауданы Смирново с. туды. Ұлты қазақ. Бiлiмi жоғары, 1985-1992 жылдары Целиноград ауылшаруашылық институтын жерге орналастырушы инженер мамандығы бойынша, 1998-2001 жылдары Қарағанды мемлекеттiк университетiн құқықтану мамандығы бойынша аяқтады.

1992-1996 жылдары «Жеңiс» шаруа қожалығының басшысы, 1999-2013 жылдары СҚО кедендiк бақылау департаментiнiң маманы, 09.2013 — 11.2013 «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi аппаратының арнайы базасы» КММ басшысы. 2013 жылдың желтоқсанынан бастап Мамлют ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары.

Үйленген, үш баласы бар.

Тел.: 8(71541) 2-18-57
Азаматтарды қабылдау: бейсенбi

2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары Ж.Т. Еслямовқа барлығы — 2932910,22 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 200703,17 теңгенi құрады.

2015 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары Ж.Т. Еслямовқа барлығы — 2140205 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 138112 теңгенi құрады.

2014 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi орынбасары Ж.Т. Еслямовқа барлығы — 2278311,34 теңге кiрiстер есептелдi, бұдан басқа жеке табыс салығы — 153529 теңге құрады.

Рамазанова Алмагүл Кәкiбайқызы

Рамазанова Алмагүл КәкiбайқызыРамазанова А.К. 1970 жылы 28 қыркүйекте Солтүстiк Қазақстан облысы Ленин (Есiл) ауданы Жарғайың ауылында туған, ұлты — қазақ. Бiлiмi жоғары: 1992 жылы А.С. Макаренко атындағы Сум мемлекеттiк педагогикалық институтын «Ұлттық мектептегi орыс тiлi және әдебиетi мұғалiмi» мамандығы бойынша аяқтады.

1993 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi комиссияның жауапты хатшысы, 2002 жылдан бастап Жамбыл ауданының бiлiм бөлiмiнiң әдiстемелiк кабинетiнiң тәрбие iсi жөнiндегi әдiскерi, 2011 жылдан бастап «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң бас маманы, 2014 жылдан бастап үкiметтiк емес ұйымдармен балалар және жастар ұйымдарымен жұмыс жөнiндегi бөлiмнiң басшысы, «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат басқармасы» ММ жастар саясаты мәселелерi жөнiндегi бөлiмнiң басшысы.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң өкiмiмен 2016 жылдың 16 наурызынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымына тағайындалды.

Тұрмыста, екi баласы бар.

Тел.: 8 (71541) 21240

Азаматтарды қабылдау күнi: сейсенбi

2016 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi орынбасары А.К. Рамазановаға барлығы — 2109790,64 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 132093,64 теңгенi құрады.

2015 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi орынбасары А.К. Рамазановаға барлығы — 2318924 теңге кiрiстер есептелдi, жеке табыс салығы — 132181 теңгенi құрады.

09.06.2017 11:59

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика