Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Қоғам || Халықты әлеуметтік қорғау

Халықты әлеуметтік қорғау

Мамлют ауданы бойынша 2016 жылдың 01 кантар бос лауазымдар мен жұмыс орындарының бюллетенi

№ р/с Кәсіпорын атауы Бос орын Саны Санат (катег)
1 2 3 4 5
1 Мамлют орталық ауруханасы дәрігері дерматовенер 1
2 Мамлют орталық ауруханасы дәрігері невропотолог 1
3 Мамлют орталық ауруханасы дәрігері ренгенопотолог 1

Жинағы
3

Мамлют ауданының ЖҚӘББ басшысы
Артимович В.П.

Демалыс түрлерi және оларды беру тәртiбi

ҚР Конституциясында қызметкердiң демалуына құқығы бекiтiлiген: «Әркiмнiң тынығу құқығы бар. Еңбек шарты бойынша, жұмыс iстейтiндерге заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндерiне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепiлдiк берiледi» (24-б.).

Қазақстан Республикасында Еңбек кодексi осы құқықты бекiтедi және демалыс беру тәртiбi мен түрлерiн реттейтiн мақалалардан тұрады (100-б.-114-б.).

ҚР еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерге демалыстардың мынадай түрлерi:

  1. жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары;
  2. әлеуметтiк демалыстар берiледi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкердiң тынығуына, жұмыс қабiлетiн қалпына келтiруiне, денсаулығын нығайтуына және қызметкердiң өзге де жеке қажеттiктерiне арналады және жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақтала отырып, белгiлi бiр күнтiзбелiк күндер санына берiледi.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының мынадай түрлерi берiледi:

  1. жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы;
  2. ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы.

Әлеуметтiк демалыс деп ана болуға, балалардың күтiмiне, өндiрiстен қол үзбей бiлiм алуға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында және өзге де әлеуметтiк мақсаттар үшiн қызметкердi белгiлi бiр кезеңге жұмыстан босату түсiнiледi.

Қызметкерлерге әлеуметтiк демалыстардың мынадай түрлерi:

  1. жалақы сақталмайтын демалыс;
  2. оқу демалысы;
  3. баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар берiледi.

Егер қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, еңбек шартында, ұжымдық шартта және жұмыс берушiнiң актiлерiнде көп күн саны көзделмесе, қызметкерлерге ұзақтығы күнтiзбелiк жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы негiзгi ақылы еңбек демалысы берiледi.

Жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары:

  1. ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк алты күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары берiледi;
  2. бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектерге ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он бес күн болатын жыл сайынғы ақылы қосымша еңбек демалыстары берiледi.

Қызметкерлердiң өзге санаттарына жыл сайынғы қосымша демалыс беру және оның ең төменгi ұзақтығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленуi мүмкiн.

Еңбек шартында, ұжымдық шартта қызметкерлерге үздiксiз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделi, жедел жұмыстарды, сондай-ақ өзге де сипаттағы жұмыстарды орындағаны үшiн көтермелеу сипатында жыл сайынғы ақылы қосымша демалыстар белгiленуi мүмкiн.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы қолданылатын жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан, еңбек демалысы күндерiне тура келетiн мереке күндерi есепке алынбай, күнтiзбелiк күндермен есептеледi.

Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысына қосылады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы ең жоғарғы шекпен шектелмейдi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына:

  1. нақты жұмыс iстелген уақыт;
  2. қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе iшiнара сақталған уақыт;
  3. қызметкер еңбекке уақытша жарамсыздығына, оның iшiнде жүктiлiгiне және босануына орай демалыста болған уақытына байланысты нақты жұмыс iстемеген уақыт;
  4. қызметкер жұмысына қайта алыну алдында нақты жұмыс iстемеген уақыт қосылады.

Қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру ерекшелiктерi осы Кодекстiң 213-бабында белгiленедi. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Кодекстiң 108-бабының 3-тармағындағы талаптар сақтала отырып, осы Кодекстiң 108 және 109-баптарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ауыстырылады, ұзартылады, үзiледi. Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу ол басталардан күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей, ал еңбек демалысы кестеден тыс берiлген жағдайда — ол берiлген күннен бастап күнтiзбелiк үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Қызметкерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi жұмыс берушi қызметкерлердiң пiкiрiн ескере отырып бекiтетiн демалыс кестесiнде белгiленедi не тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.

Демалыс кестелерi өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты өзгертiлген жағдайда жұмыс берушi бұл туралы қызметкерге еңбек демалысы басталардан кемiнде екi апта бұрын хабарлауға мiндеттi.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы:

  • қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз болған, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыста болған;
  • егер бұл үшiн заңда жұмыстан босату көзделсе, қызметкер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы уақытында мемлекеттiк мiндеттер атқарған жағдайларда, толық немесе оның бiр бөлiгi ауыстырылады.

Жұмыс берушi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын тек қызметкердiң жазбаша келiсiмiмен ғана үзуi мүмкiн. Қызметкердiң жұмыс берушiнiң ұсынысынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу болып табылмайды.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға байланысты пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде немесе келесi жұмыс жылында кез келген уақытта берiледi не келесi жұмыс жылындағы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады. Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде демалыстың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уақытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшiн өтемақы төлемi жүргiзiлуi мүмкiн. Он сегiз жасқа толмаған қызметкерлердi, жүктi әйелдердi және ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауiптi жұмыстарда iстейтiн қызметкерлердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берiлмейдi.

Еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша қызметкердiң өтiнiшi негiзiнде оған жалақы сақталмайтын демалыс берiлуi мүмкiн. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойынша айқындалады. Жұмыс берушi: неке тiркелген; бала туылған; жақын туыстары қайтыс болған; еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезiнде қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде күнтiзбелiк бес күнге дейiн жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi. Бiлiм беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау және қорғау, әскери оқытылған резервтi даярлау бағдарламасынан өту үшiн оқу демалыстары берiледi. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында айқындалады.

Жүктi әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай демалыстар:

  1. жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс;
  2. жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге демалыс;
  3. бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс берiледi.

Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушiнiң актiсiмен ресiмделедi.

Еңбек демалысын екi жыл бойы қатар бермеуге тыйым салынады.

СҚО Мемлекеттiк еңбек
инспекциясы басқармасының
мемлекеттiк инспекторы
Ж.Н. Туралинов

Халықтың әлеуметтiк-әлжуаз топтарын мемлекеттiк қолдаумен қамтамасыз ету бойынша iс-шаралар туралы ақпарат

Ауданда халықтың әлеуметтiк-әлжуаз топтарын қолдау, жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына тарту бойынша мақсатты жұмыстар жүргiзiлiп жатыр.

Атаулы әлеуметтiк көмек алатын тұрғындар бойынша мәлiметтердi еспке алу және жүргiзу қамтамасыз етiлдi, олардың құрамы тұрақты түрде талданып отырады, АӘК алатын жұмысқа қабiлеттi жастағы тұлғалар тiзiмi тектерi бойынша құрылды, олармен жеке жұмыс жүргiзiледе, 2 жылдан артық уақыт бойы АӘК алатын отбасылардың мониторингi жүргiзiледi.

2015 жылдың 7 айында мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 35 отбасыға, 100 көмек алушыға 1644,6 мың теңге соммасында тағайындалды, оның 202,0 мың теңге қаржысы республикалық бюджеттен. Әлеуметтiк көмектiң орташа мөлшерi 2077,6 теңгенi құрады. Отбасылар саны былтырғы жылмен салыстырғанда 74 кемiдi, ал көмек алушылар саны 230 кемiдi.

Осы кезеңде 18 жасқа дейiнгi балалар жәрдемақысын 118 отбасы, 290 бала 3598,5 мың теңге соммасына алды, оның 290,0 мың теңге қаржысы республикалық бюджеттен.

2015 жылы ең көп АӘК алушылар саны Дубровное а/о — 4, Мамлютка қ. бойынша — 22 екенiн атап өткен жөн. Краснознаменное және Становое ауылдық округтерiнде екi отбасыдан, Андреев, Воскресенов, Ленин ауылдық округтерiнде бiр отбасыдан.

Белое, Кызыласкер, Леденев, Пригород ауылдық округтерiнде атаулы әлеуметтiк көмек алушылар жоқ.

Көмек алушылар құрамында 59 (59,0%) бала, 10 (10,0%) есепте тұрған жұмыссыздар, 10 (10,0%) жалдамалы жұмысшылар, 13 (13,0%) бала күтiмiндегi аналар.

Жыл басынан берi жұмысқа қабiлеттi көмек алушылар үлесi 35,0 пайызды құрады немесе 35 адам, аумақтарды дамыту бағдарламасына сәйкес аталған көрсеткiш 18 % артық болмауы тиiс. Жұмысқа қабiлеттi тұрғындардың жалпы саны iшiнен 13 адам бала күтiмi бойынша демалыста.

Жұмысқа қабiлеттi жастағы әлеуметтiк көмек алушылар үлесi көп: Мамлютка қ. бойынша — 13 (22%), Дубровное а/о — 7 (54 %), Воскресенов а/о — 2 (34%), Становое а/о — 2 (50%).

Атаулы әлеуметтiк көмек алушылар арасында жалдамалы жұмысшылар Мамлютка қ. — 6, Становое а/о — 2, Воскресенов а/о — 1, Дубровное а/о — 1 құрады. Бұл жұмысшылардың аталған санатының жалақысының аздығын көрсетедi.

Осымен қатар жүргiзiлiп жатқан жұмыстарға қарамастар жұмысқа қабiлеттi жастағы АӘК алушылар жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына толық нәтижелi түрде тартылмауда.

Жұмысқа қабiлеттi жастағы 10 АӘК алушы жұмыссыздардың 5 — қоғамдық жұмыста (Мамлютка қ. — 3, Дубровное а/о — 1, Краснознаменное а/о — 1); 1 — маникюр шеберi мамандығы бойынша курсты аяқтады, 5 — тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды (Мамлютка қ. — 2, Воскресенов а/о — 1, Дубровное а/о — 1, Краснознаменное а/о — 1).

Салалық бағдарламалар кесiнiнде 14 атаулы әлеуметтiк көмек алушылар жұмысқа орналастырылды, соның iшiнде Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша — 1, аумақтарды дамыту бағдарламасы бойынша — 13.

Осымен қатар жұмыспен қамту Жол картасы бойынша жұмысқа орналастыру мүмкiндiктерi толық көлемде қолданылмады, әсiресе екiншi бағыт бойынша. Несие алған ауылдық округтер бойынша кәсiпкерлер өз бизнес — жоспарларында қанша қосымша жұмыс орындары құрылатынын көрсеткен. Жұмыспен қамту орталығы осы жұмысты ағымдағы жылы бақылау керек. Осындай жағдай басқа да мемлекеттiк бағдарламалар бойынша туындап отыр. 03.06.2015 жылы аудандық газетте жер телiмдерi бойынша конкурс өткiзу нәтижелерi жарияланды, 7 ауыл шаруашылығы құрылымдары жер телiмдерiн сатып алды және өз бизнес — жоспарларында өздерiне 60 астам жұмыс орындарын құру мiндетiн алды. Бiрақ 01.08.2015 жылға аталған субъектiлер бойынша құрылған жұмыс орындары бйоынша мәлiметтер жоқ.

2015 жылдың 17 шiлдесiнен бастап Мамлют ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидасын бекiту туралы Ережесiне өзгерiстер енгiзiлдi. Ережеде әлеуметтiк келiсiм-шарт негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету қарастырылған. Басқаша айтқанда бұл — шартты ақшалай көмек. Әлеуметтiк көмек отбасыларды белсендiру келiсiм-шарты жасалғаннан кейiн отбасыларға көрсетiлетiн болады, басты талаптардың бiрi болып отбасының жұмысқа қабiлеттi мүшесiн жұмысқа орналастыру, жеке қосылқы шаруашылықты дамыту, мамандық алу және басқалары табылады.

Әлеуметтiк көмек соммасы отбасының жан басына шаққандағы орташа табыс арасындағы айырмашылық ретiнде немесе 3 тоқсандағы күн көрiс деңгейi мөлшерiнiң 60 пайызы, яғни 10738 теңге ретiнде анықталады.

1.08.2015 жылға 5 отбасымен 627,0 мың теңге соммасына әлеуметiк келiсiм-шарт жасалды.

Көмек алушылар құрамында 9 жұмысқа қабiлеттi азамат (4 — жұмыссыз, 3 — өзiн-өзi жұмыспен қамтушы, 2 — бала күтiмi бойынша), 1 — мүгедек.

Әлеуметтiк келiсiм-шарт жасалғаннан кейiн 4 адам тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастырылады, 3 адам қоғамдық жұмысқа.

Халықтың әлеуметтiк-әлжуаз топтарын қолдау бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.

Бөлiм басшысы
В. Артимович

Жұмыс берушiлердiң назарына!

2014 жылы жаңа «Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Кодексте еңбек қауiпсiздiгi саласында заңнаманы бұзғаны үшiн жұмыс берушiлер жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында жаңа құқық бұзушылықтар құрамы қарастырылған, өндiрiстегi жазатайым жағдайды тексерудi қамтамасыз етпегенi және өндiрiстегi жазатайым жағдай фактiн жасырғаны үшiн максимальды 400 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл қарастырылған.

Жаңа Қылмыстық кодексте еңбек заңнамасын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк жалпы арттырылды (аз мөлшердегi айыппұлдың орнына қоғамдық жұмыстар және қамау тағайындалады, сондай — ақ бас бостандығын шектеу мерзiмi 5 жылдан 7 жылға дейiн арттырылды).

Техникалық қауiпсiздiк ережелерiн ұйымдастыру немесе еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша жауапкершiлiк жүктелген тұлға техника қауiпсiздiгi немесе еңбек қауiпсiздiгi ережелерiн бұзғаны және оның салдары екi немесе одан да көп тұлғалардың қазасына әкелгенi үшiн жетi жылға дейiн бас бостандығынан шектеледi немес сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады.

Осыған байланысты Сiздiң назарыңызды еңбек заңнамасының және еңбек қауiпсiздiгi талаптарын бұзуды болдырмауға аударамыз.

2015 жылдың 1 мамырына Мамлют ауданы бойынша бос жұмыс орындары және бос лауазымдар бюллетенi


р/с
Кәсіподақ атауы Бос орындар Саны Санаты
1 Мамлют орталык ауруханасы терапевт 1  
2 Мамлют орталык ауруханасы врач УЗИ 1  
3 Мамлют орталык ауруханасы дерматовенеролог 1  

01.01.2015 жылға Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жұмысының қорытындысы туралы ақпарат

«Еңбек нарығы»

01.01.2015 жылға ауданда 1383 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетiлдi.

Жалпы санның уәкiлеттi орган арқылы 1069 адам жұмысқа орналастырылды; жұмыс берушiлер өтiнiштерi бойынша 857; тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтардың 80,2 пайызы жiберiлдi.

2014 жылдың басынан бастап 530 тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Ағымдағы жылы нысаналы топтардан жалпы 753 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына 541, жалпы санның 71,8% құрайды.

29 жасқа дейiнгi жастардан 376 адам жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтардан аз қамтылған азаматтарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетiлдi: аумақты дамыту Бағдарламасы бойынша тұрақты жұмыс орындарына — 21; қоғамдық жұмыстарға — 45.

Жұмыссыздарды кәсiби оқыту және қайта даярлауға 30 адам жоспарында 32 адам, олардың iшiнде 14 әйел, 23 жастар жiберiлдi, олардың iшiнде 32 оқуды аяқтады, барлығы жұмысқа орналастырыды.

4 бос орындар жәрмеңкесi өткiзiлдi. Бос орындар жәрмеңкесi кезiнде 26 адам жұмысқа жолдама алды, қоғамдық жұмыстарға 12.

«Халықтың әлсiз топтарына қолдау»

Аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 122 аз қамтылған отбасыға (369 адамға) жалпы соммасы 6787,3 мың теңгеге тағайындалды.

АӘК алушылар құрамында жұмысқа қабiлеттi жастағы есепте тұрған жұмыссыздар 37,4 (67 адам) құрады; жалдамалы жұмыс iстейтiндер — 12,3% (22 адам), өз — өзiн жұмыспен қамтушыла 31,8% (57 адам).

Табыстары күнкөрiс минимумынан кем аз қамтылған отбасылар саны 536 адамды немесе 2,7% құрады. Аумақтарды дамыту Бағдарламасы бойынша Жұмысқа қабiлеттi жастағы АӘК алушылар — 37 адам, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша — 10 адам (2,63%).

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек 15 балаға 520,8 мың теңге соммасына тағайындалды.

Мүгедектердi оңалту

Протездiк — ортопедиялық құралдарды ұсынуда көмек көрсетiлдi — 25 мүгедекке, сурдотехникалық құралдар — 9, тифлотехникалық құралдар — 12, кресло-арба — 12.

Бескөл а. оңалту орталығында 20 мүгедек емделу курстарын өттi. Жыл басынан берi 43 мүгедекке жұмысқа орналасуда көмек көрсетiлдi, оның iшiнде 7 қоғамдық жұмыстарға жiберiлдi, Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бойынша — 7.

Объектiлердi паспорттау

Паспорттауға қажет нысандар тiзiмiне 107 нысан енгiзiлдi. Тексерiс барысында 9 нысан қолжетiмдi, 75 — жартылай қолжетiмдi, 23 — қолжетiмсiз деп танылды.

Үйде қызмет көрсету

Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiмен 161 адам үйде көмек алады, оның iшiнде 5 мүгедек, 12 мүгедек бала, психоневрологиялық аурумен 18 жастан асқан 4 мүгедек; қарт адамдар — 140, олардың iшiнде 2 ҰОС қатысушылары. 39 әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстейдi. Барлығы 36,5 штаттық бiрлiк.

«Әлеуметтiк серiктестiк»

2014 жылдың қаңтар-тамыз айында аудан бойынша орташа жалақы 65747 теңгенi құрады, 2013 жылдың сәйкесiнше кезеңiнен 6,6%-ға артық, соның iшiнде ауыл шаруашылығында — 58491 теңге немесе 99% 2013 жылдың сәйкесiнше кезеңiне.

Ауданда жалпыұлттық «Ұжымдық шарт жасаңдар» акциясы бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Акция өткiзiле басталғаннан бастап 172 ұжымдық шарт жасалды, оның iшiнде: 1 iрi және 25 орта кәсiпорын толық қамтылды. 2014 жылы iске асу мерзiмi аяқталған 83 шарт жасалды.

Аудан әкiмi мен кәсiпорындар басшылары арасында қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау сұрағы бойынша өзара iс-әрекет туралы 28 меморандум жасалды; азық-түлiк тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша 15 меморандум. Бiрлескен бизнестiң жауапкершiлiг аясында әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыру бойынша 283,0 мың теңге соммасына бiр меморандум.

Ақпарат мәлiмет үшiн берiлдi.

Бөлiм басшысы
В. Артимович

01.10.2014 жылға Мамлют ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жұмысының қорытындысы туралы ақпарат

«Еңбек нарығы»

01.10.2014 жылға ауданда 1153 адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсетiлдi.

Жалпы санның уәкiлеттi орган арқылы 894 адам жұмысқа орналастырылды; жұмыс берушiлер өтiнiштерi бойынша 730; тұрақты жұмыс орындарына жұмыссыз азаматтардың 84,7 пайызы жiберiлдi.

2014 жылдың басынан бастап 422 (218% бағдарламалық тапсырмаға) тұрақты жұмыс орындары құрылды. Тiркелген жұмыссыздық деңгейi 0,3% (44 жұмыссыз) құрады.

Ағымдағы жылы нысаналы топтардан жалпы 633 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, оның iшiнде тұрақты жұмыс орындарына 469, жалпы санның 74,1% құрайды. 29 жасқа дейiнгi жастардан 317 адам жұмысқа орналастырылды.

Нысаналы топтардан аз қамтылған азаматтарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетiлдi: аумақты дамыту Бағдарламасы бойынша тұрақты жұмыс орындарына — 14; қоғамдық жұмыстарға — 41.

Жұмыссыздарды кәсiби оқыту және қайта даярлауға 30 адам жоспарында 32 (олардың iшiнде 14 әйел, 23 жастар) адам мына мамандықтар бойынша жiберiлдi: аспаз — 8 адам, дәнекерлеушi — 9 адам, токарь — 2, шаштараз — 3, электрик — 6, маникюр бойынша — 3, визажист — стилист — 1.

3 бос орындар жәрмеңкесi өткiзiлдi. Бос орындар жәрмеңкесi кезiнде 22 адам жұмысқа жолдама алды, қоғамдық жұмыстарға 8.

«Халықтың әлсiз топтарына қолдау»

Аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек 109 аз қамтылған отбасыға (330 адамға) жалпы соммасы 4887,1 мың теңгеге тағайындалды.

2013 жылдың сәйкесiнше кезеңiмен салыстыру бойынша мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алушылар саны 68 отбасыға және 226 адамға, ал сомма 3093,0 мың теңгеге артты.

Балалар жәрдемақысы 152 отбасыға 18 жасқа дейiнгi 342 балаларға 3656,5 мың теңге соммасына тағайындалды, алушылар саны 2013 жылдың сәйкесiнше кезеңiмен салыстыру бойынша 14 отбасыға, және 30 балаға, ал сомма 9,4 мың теңгеге артты.

Табыстары күнкөрiс минимумынан кем аз қамтылған отбасылар саны 549 адамды немесе 2,8% құрады. Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектiң орташа мөлшерi адамға 1645,5 мың теңгенi құрады.

Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық көмек 15 балаға 436,5 мың теңге соммасына тағайындалды.

Мүгедектердi оңалту

Протездiк — ортопедиялық құралдарды ұсынуда көмек көрсетiлдi — 25 мүгедекке, сурдотехникалық құралдар — 7, тифлотехникалық құралдар — 7, кресло-арба — 14.

7 мүгедек жеке көмекшiлер және 10 қимыл тiл маманы қызметiн қолданады. Бескөл а. оңалту орталығында 18 мүгедек емделу курстарын өттi. Жыл басынан берi 39 мүгедекке жұмысқа орналасуда көмек көрсетiлдi, оның iшiнде 6 қоғамдық жұмыстарға жiберiлдi.

Нысандарды паспорттау

Паспорттауға қажет нысандар тiзiмiне 107 нысан енгiзiлдi. Тексерiс барысында 5 нысан қолжетiмдi, 79 — жартылай қолжетiмдi, 23 — қолжетiмсiз деп танылды.

Үйде қызмет көрсету

Әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiмен 161 адам үйде көмек алады, оның iшiнде 7 мүгедек, 13 мүгедек бала, оның iшiнде ОДА бұзылуымен 1 мүгедек бала, психоневрологиялық аурумен 18 жастан асқан 4 мүгедек; қарт адамдар — 138, олардың iшiнде 2 ҰОС қатысушылары. 39 әлеуметтiк қызметкер жұмыс iстейдi.

«Әлеуметтiк серiктестiк»

2014 жылдың қаңтар-тамыз айында аудан бойынша орташа жалақы 65747 теңгенi құрады, 2013 жылдың сәйкесiнше кезеңiнен 6,6%-ға артық, соның iшiнде ауыл шаруашылығында — 58491 теңге немесе 99% 2013 жылдың сәйкесiнше кезеңiне.

Ауданда жалпыұлттық «Ұжымдық шарт жасаңдар» акциясы бойынша жұмыс жүргiзiлiп жатыр. Акция өткiзiле басталғаннан бастап 171 ұжымдық шарт жасалды, оның iшiнде: 1 iрi және 25 орта кәсiпорын толық қамтылды. 2014 жылы iске асу мерзiмi аяқталған 63 шарт жасалды.

Аудан әкiмi мен кәсiпорындар басшылары арасында қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау сұрағы бойынша өзара iс-әрекет туралы 28 меморандум жасалды; азық-түлiк тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша 15 меморандум.

Аумақтарды дамыту бағдарламасы шеңберінде 2013 жылы халықты жұмыспен қамту бойынша жұмысты іске асыру және 2013 жылғы 20 қарашадағы жағдай бойынша халықтың «әлжуаз» жіктеріне әлеуметтік қолдау көрсету барысы туралы ақпарат

2013 жылдың қаңтары-қазанында 437 тұрақты жұмыс орындары құрылды, соның ішінде шағын бизнес саласында 372.

Ауыл шаруашылығында — 49 жұмыс орны, өндірісте — 19; құрылыста — 163; жеке кәсіпкерлікте — 129 адам салық басқармасында ЖК ретінде тіркелген; басқа салаларда — 77.

Барлығы 1210 жұмыссыздар жұмысқа орналастырылды, тұрақты жұмыс орындарына — 437 адам, қоғамдық жұмыстарға — 168 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 13 адам, алдында құрылған жұмыс орындарына, жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша — 592 адам.

45 жұмыссыз тіркелді, экономикалық белсенді халық саны 13076 адам, экономикалық белсенді халық санынан тіркелген жұмыссыздар үлесі 0,3%.

2013 жылдың қаңтары-қазанында аудан бойынша орта айлық жалақы 62889 теңгені құрады, 2012 жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштен 6,8% артық, соның ішінде ауыл шаруашылығында 72706 теңге, өткен жылға өсу 18,9% құрады.

«Ұжымдық шарт жаса» жалпы ұлттық акция бойынша ауданда жұмыс жалғастырылуда. Акцияның басынан 169 ұжымдық шарт жасалды, бұл жұмыс істейтін кәсіпорындар санынан 97,7% құрады. 2013 жылы 54 шарт қайта жасалды.

Аудан әкімі мен 28 кәсіпорындар басшылары арасында жұмысшыларды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша, азық-түлік тауарларын тұрақтандыру мәселелері бойынша 15 меморандум, бизнестің корпоративтік жауапкершілігі шеңберінде әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру 9 меморандум 39953,7 мың теңге сомаға жасалды.

Аз қамтылған азаматтарды қолдау мақсатында 10 айда мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (МАӘК) 43 отбасына (108 адамға) 1946,8 мың теңге сомаға, 18 жасқа дейінгі 379 балаға жәрдемақылар 4494,7 мың теңге сомаға төленді.

Қаңтар-қазанда азаматтарды әлеуметтік қолдауға 40,9 млн. теңге сомаға, соның ішінде жергілікті бюджеттен 38,8 млн. теңге бағытталды.

Ақпарат мәлімет үшін ұсынылады.

21.07.2017 16:23

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика