Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 
Әкімшілік || Құқық қорғау органдары мен и қарулы күштер ведомстволары

Құқық қорғау органдары мен и қарулы күштер ведомстволары

Смаилов Сеилбек ҚайыржанұлыҚР IIМ СҚО ТЖД Мамлют ауданының ТЖ бөлiмiнiң бастығы

Смаилов Сеилбек Қайыржанұлы, 1975 жылы 17 шiлдеде.

Солтүстiк Қазақстан облысы Мамлют ауданы Бексеит ауылында туды.

2010 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын «әскери және әскери iстер» «өрт қауiпсiздiгi инженерi» мамандығы бойынша аяқтады.

1993 жылдан 1995 жылға дейiн ҚР қарулы күштерiнде қызмет. Еңбек жолын 2000 жылдың қарашасынан СҚО ҚӨҚ Сергеев ауданының ӨБ-12 қарауылдың бастығынан бастады. 2005 жылы СҚО МБҚБ Шал ақын ауданының ТЖ саласындағы МБҚБ мемлекеттiк қадағалау бөлiмiнiң бастығы, 2006 жыл СҚО ӨҚД Шал ақын ауданының өртке қарсы қызмет бөлiмiнiң аға тергеушiсi, 2010 жыл СҚО ТЖД Шал ақын ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмiнiң бас маманы, 2012 жыл ҚР IIМ ТЖД Мамлют ауданының ауданының ТЖ жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы.

Телефон: 8 (71541) 22040.

Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмi

Байжанов Ғалым МейрамғалиұлыСолтүстiк Қазақстан облысы IIД Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы

Байжанов Ғалым Мейрамғалиұлы 1978 жылы 25 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жасалы совхозында туды. 1999 жылы Қарағанды мемлекеттiк университетiн «Заңгер» мамандығы бойынша аяқтады.

1999-2000 жылдары — ҚР қарулы күштерiнде қызмет. 22.01.2001-23.04.2001 жылдары — ҚР IIМ Темiртау қ. училищесiнiң тыңдаушысы; 05.05.2001-16.05.2002 жылдары — Қарағанды қ. IIБ тергеу бөлiмiнiң тергеушiсi; 16.05.2002-18.09.2003 жылдары — Қарағанды облысы ҚIIБ тергеу бөлiмiнiң тергеушiсi; 2003-2005 жылдары — Қарағанды облысы ҚIIБ тергеу бөлiмiнiң аға тергеушiсi; 2005-2007 жылдары — Қарағанды облысы IIД Қарағанды қ. IIБ Михайлов полиция бөлiмiнiң тергеу бөлiмi бастығының орынбасары; 2007-2008 жылдары — Солтүстiк Қазақстан облысы IIД Петропавл IIБ 2 полиция бөлiмi бастығының орынбасары; 13.11.2008-19.12.2008 жылдары — Солтүстiк Қазақстан облысы IIД тергеу басқармасы бастығының орынбасары м.а.; 19.12.2008-17.09.2009 жылдары — СҚО IIД жауап алу басқармасы бастығының орынбасары; 17.09.2009-05.04.2012 жылдары — СҚО IIД тергеу басқармасы бастығының орынбасары; 2012-2014 жылдары — СҚО IIД тергеу басқармасының бастығы; 22.12.2014 — қазiргi уақытқа дейiн СҚО IIД Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы.

Телефон: 8 (71541) 21378
Кезекшiнiң телефоны: 8 (71541) 21551
Сенiм телефон: 8 (71541) 21264

Терроризм актiсiн жоюға немесе кесуге көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу және төлеу жөнiнде халыққа ескерту

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап терроризм актiсiн жоюға немесе кесуге көмектескен ақпарат үшiн сыйақы белгiлеу және төлеу Ережелерi енгiзiлдi. Қазақстан Республикасы Конституциясының 36 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасын қорғау — оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi». Дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актiлерi туралы мемлекеттiк органдарға ақпаратты ұсыну азаматтық борыш ретiнде бағаланады.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамдарға уәкiлеттi орган сыйақы төлейдi.

Сыйақы бiр рет төленедi және мынадай тәртiппен белгiленедi:

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 255-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген терроризм актiсi туралы қылмыстық iстер бойынша — 750 АЕК;
  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi 255-бабының үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген терроризм актiсi туралы қылмыстық iстер бойынша — 1000 АЕК.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда, уәкiлеттi органның аумақтық органына тиiстi өтiнiш бередi.

Терроризм актiсiн болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:

  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң (бұдан әрi — ҚПК) 521-бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкiмi заңды күшiне енген;
  • Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестiк кодексiнiң 35-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 9), 11) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша қылмыстық iстi тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленедi.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 273 бабына сәйкес дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы жалған ақпарат бергенi үшiн алты жылға дейiн бас бостандығынан айыру туралы қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылғанын хабарлаймыз.

Абайлаңыз жұқа мұз!

Мұз үстiндегi қайғылы оқиғалардың алдын алу үшiн, мұз үстiнде қауiпсiздiктiң негiзгi талаптары мен ережелерiн орындау қажет. Алайда жыл сайын көп адамдар сақтық шараларын елемейдi және жұқа мұз үстiне шығады, сонымен өз өмiрiн өлiм қауiп-қатерге ұшыратады.

Мұзға шығу уақытында қауiпсiздiк ережелерiн сақтау қажет!

  • адам үшiн қауiпсiз болып тұщы суда 10 сантиметрден кем емес, ал тұзды суда 15 см. қалыңдықты мұз болып саналады.
  • өзен сағасында және саласында мұз әлсiз келедi. Мұз жылдам ағыс орындарында, су бұрқақтап ағып жатқан және ағып жатқан жерлерде, сондай-ақ балдыр өсетiн аудандарында, ағаштарға, көшет және қамыстарға жақын жерлерде әлсiз болады.  
  • Егер үш күннен аса ауа температурасы 0 градустан жоғары болып тұрса, онда мұздың берiктiгi 25%-ға төмендейдi.
  • мұздың берiктiгiн көзбен де анықтауға болады: мұз көгiлдiр түстi — берiк, ақ — оның берiктiгi 2 есеге кем; сұр, күңгiрт-ақ немесе сары реңктi болса мұз осал болып саналады.
  • Балаларды үлкендердiң қарауынсыз мұзға жiбермеу керек.

Мұз үстiндегi қауiпсiздiк:

Мұз астына түсiп кеткен адамға абайлап жақындау қажет, дұрысы жатып. Көмек көрсету үшiн тақтай, саты, сырық, қармақ, арқанды пайдалану қажет, ал егер ондай болмаған жағдайда жатып, бiр бiрiнiн аяғынан ұстап тiзбек арқылы зардап шеккенге жылжу керек. Осында зардап шеккенге бiрiншi адам белдiк, киiм және т.б. бередi.

Құтқарылған адамды тез арада жылыту керек: құрғақ киiм кигiзiп, жылы сусын немесе тәттi нәрсе беру керек.

  • Түнде немесе күннiң нашарлап көрiнуiнде (тұман, қар, жаңбыр) мұзға шығуға болмайды!
  • Өзендi өткен жағдайда ұйымдастырылған мұзшапқыштарды қолдану қажет.
  • Қажеттi жағдайда су қоймасынан өту үшiн, сүрлеу жолдарымен жүрген қауiпсiз. Егер ондай жолдар болмаса, мұз үстiне ығар алдында жан-жағыңызға және баратын жолыңызға жақсылап қарап алыңыз.
  • Мұздың берiктiгiн аяқпен тексеруге болмайды. Егер бiрiншi рет таяқпен немесе шаңғы таяғымен қатты соққан кезде су көрiнсе, бұл дегенiмiз мұздың жұқа екенi. Ол мұздың үстiмен жүруге болмайды. Бұл уақытта мұздың үстiнен дер кезiнде сол iзбен аяқты мұздан алмай-ақ жағаға қайту қажет. Мұздың жарылған кезiнде және жарықшықтар пайда болған уақытта да осындай ережелердi есте сақтаған жөн.
  • Жұқа және жарылғалы жатқан мұзда болсаңыз, ақырындап қайта бұрылып жүрген жолмен сырғыма адымдармен жағаға қайту керек.
  • Қатқан су қоймасына өзiңiзбен ұзындығы 20-25 метр болатын мықты жiп және оған байланған жүк алу қажет. Бара қалсаңыз, өзiңiзбен бiрге бiр басында ауыртпалығы бар жiп ұстап жүрген жөн. Мұз жарылған сәтте қасыңыздағы адамға жiптiң ұшын лақтырыңыз, сонда ғана ол адам сiздi құтқара алады.
  • Су қоймасынан топпен өткенде, бiр-бiрiнен ара қашықтықты сақтау қажет (5-6 м).
  • Қатып қалған өзендi (көлдi) өткен кезде шаңғымен өту керек, ол үшiн бекiткiштерiн ағытып, қажет жағдайда оны шешiп тастауға ыңғайлы болады; шаңғы таяқшаларын қолда ұстау, қауiптi жағдайда таяқшаларды тез тасту үшiн, қолға iлмектi iлмеу керек.
  • Қалың қар түскен жерлерде, бұлақтардың қатты ағыстарында, үстiне шығып жатқан көшеттердiң, шөптердiң жанындағы жерлерде сақ болу қажет.
  • Егер жолдорба болса, оны бiр жақ иыққа iлiп, егер мұз жарылған кезде, ол жүктен босатылу жеңiлiрiрек болады.
  • Мұзда балық аулау кезiнде шұңқырларды ара қашықтығын 5-6 метр жасау керек. Қайғылы жағдай болмау үшiн, балықшыда құтқару жилетi мен көкiрекше болу қажет. Сонымен бiрге ұзындығы 15-20 м. Iлмектi жiпке байланған 400-500 г жүктi алу керек.
  • Мұздай суға түскен адам, 10-15 минуттан кейiн тоңып қалады және 20 минуттан соң есiнен танылады.

Мас күйiнде мұзға шығу, мұздың бетiнде жүгiру немесе секiру, бiр жерде көпшiлiк адамдардың жиналуы, өзендердегi қатты ағыспен пайда болған жұқа мұзға шығуға тыйым салынады.

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық — жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актiлерiн дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгiлерi:

  1. сiз жұмыс iстейтiн немесе үйдiң ауласында, ғимарат айналасында (жиi баратын жерiңiздi) күдiктi тұлғалардың бiрнеше рет көрiнуi, фото және бейне түсiрме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерiмен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттерi (басын түсiру, бұрылып кету, бетiн жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кiруi;
  4. тұрғын және әкiмшiлiк ғимараттарға қызмет көрсететiн персоналдар және күзетушiлермен бейтаныс адамдардың негiзсiз байланысқа түсуi, олардан жұмыс тәртiбi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнiнде мәлiметтердi жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйiншек, посылка берiп жiберу) iрi сыйақыға орындайтын тұлғаларды iздеуi.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда келесi iс-қимылды орындау қажет:

  1. Ұстауға өздiгiмен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнiнде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзiңiз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгiлерiн, киiмдерiн және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлiк номерiн және маркасын, қозғалыс бағытын белгiлеп алу.

Күдiктi зат тауып алған кездегi тұрғындарға арналған жаднама

Бiлiңiздер: заттардың сыртқы көрiнiсi оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкiн. Жарылғыш заттар үшiн камуфляж есебiнде әдеттегi тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйiншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупiн куәландыратын, белгiлерi:

  1. көлiк маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгiсiз түйiншектiң немесе басқада бiр заттардың болуы;
  2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кiреберiсте, пәтер есiгiнiң, көлiктiң маңында өзгеше орналасуы;
  3. табылған күдiктi заттан шудың шығуы (сағат механизмiне, жиiлiгi төмен дыбысқа тән).

Егер де сiз күдiк тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактiнi назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлiкте:

  • заттың (сөмкенiң және т.б.) кiмдiкi екенiн немесе кiм қалдырып кетуi мүмкiн екенiн қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргiзушiге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2) үйiңiздiң кiре берiсiнде:

  • көршiлерден сұраңыз, мүмкiн ол зат соларға тиесiлi шығар. Егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкiндiк болса, заттың иесiн анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
  • затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендердi жiбермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат берiңiз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

  • тауып алған зат туралы объект күзетшiсiне немесе әкiмшiлiгiне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдiк тудыратын заттармен жеке iс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкiн, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуi мүмкiн.

Үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бiр жерден екiншi жерге апаруға, қолға алуға;
  • табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темiрлердi немесе сымдарды үзiп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • табылған заңсыз затты пайдалануға;
  • оған жақын аралықта радио- және электрлi-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың iске қосылуы нәтижесiнде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сiз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бiрiншi кезекте түтiн мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиiссiз.

Егер сiз жарылыс кезiнде зардап шекпесеңiз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерiн бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есiн жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есiн мүсәтiр арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану — бұл организмнiң сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлерi болмаса (оның сүйектерiн мұқият басып көрiңiз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетiнен жатса тұншығып қалуы мүмкiн. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жiппен, белбеумен, баумен, белдiкпен таңу керек.

Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерi арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бiрқалыпты тыныс алыңыз. Өзiңiздi құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң түбiнде қалсаңыз, сiздi жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшiн кез келген металл затты (сақина, кiлт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекiтулi кеңiстiкте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегiн сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкiндiгiңiз болса, қолға ұстауға келетiн заттардың (тақтайлар, кiрпiштер және т.б.) көмегiмен төбенi бекiтiңiз, содан соң көмек күтiңiз. Қатты шөл қысқан кезде кiшкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепiлге алған жағдайдағы iс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепiлге алудың әрбiр нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленедi.

Сонымен қатар егер сiз кепiлге алынсаңыз:

  1. өз-өзiңiзге мүмкiндiгiнше жылдам келiңiз, тынышталыңыз және үрейленбеңiз;
  2. егер өзiңiздi байлап немесе көзiңiздi жапса, бойыңызды еркiн ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  3. болуы мүмкiн қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепiлге алынғандардың тiрi қалғандығын есте сақтаңыз. Сiздi босату үшiн құқық қорғау және арнайы органдары кәсiби шаралар қолданып жатқанына сенiңiз;
  4. егер қашып кете алатыныңызға толық сенiмдi болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
  5. террористер туралы мүмкiндiгiнше көбiрек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесiн мақсатқа сай белгiлеу, дене бiтiмiне, сөйлеу акцентi мен тақырыбына, темпераментiне, өзiн ұстау мәнерiне және т.б. сыртқы пiшiнiн сипаттайтын ерекшелiктерге көңiл аудара отырып, барынша толық кескiнiн жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердiң жеке бастарын анықтауда көмегi тиедi;
  6. әр түрлi белгiлер бойынша өзiңiз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
  7. мүмкiндiгiнше терезелерден, есiктерден және адам ұрлаушылардың өздерiнен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсендi шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердiң қылмыскерлердi көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауiпсiз жерге орналасыңыз;
  8. ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңiзге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
  9. егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сiзбен әдепкiде (Сiздiң жеке басыңызды анықтағанға дейiн) ықтимал қылмыскер ретiнде бiрқатар дөрекi iс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сiздi тiнтуi, қолыңызға кiсен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкiн. Бұл тәрiздi жағдайларға түсiнiстiкпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттерi (барлық адамды түпкiлiктi сәйкестендiргенге және шынайы қылмыскерлердi анықтағанға дейiн) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

  1. агрессивтi қарсылық көрсетпеңiз, шалт және қауiп төндiретiн қимыл жасамаңыз, террористердi өздерi ойластырмаған iс-әрекеттерге итермелемеңiз;
  2. мүмкiндiгiнше адам ұрлаушылармен тiкелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
  3. бастапқыдан-ақ (әсiресе, бiрiншi жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкiмiн орындаңыз;
  4. пассивтi ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесiңiз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкiн дұшпандық рең мен iс-қимылға шақыратын жек көрушiлiк сезiмiн бiлдiруден қашыңыз;
  5. өзiңiздi сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзiлдi-кесiлдi қарсылық жасамаңыз, бiрақ өзiңiзге өте қажеттi жағдайда сабырмен өтiнiш жасаудан қорықпаңыз;
  6. аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкiн денсаулық кiнәратыңыз болса, бұл туралы өзiңiздi ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткiзiңiз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, бiртiндеп өзiңiздiң жай-күйiңiздi жақсартуға байланысты өтiнiштер деңгейiн арттыруға болады.

Кепiлдiк жағдайында ұзақ болған кезде:

  1. уайым, абыржу және асып-сасу сезiмiнiң орын алуына жол бермеңiз. Алдағы сынақтарға өзiңiздi ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсендiлiгiн сақтаңыз;
  2. ашыну сезiмiнiң пайда болуынан қашыңыз, ол үшiн өз-өзiңiздi сендiрудiң iшкi ресурстарын пайдаланыңыз;
  3. жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсiрiңiз. Уақыт өткен сайын сiздi босату мүмкiндiктерiнiң арта түскенiн ойлаңыз. Сiздi дәл қазiр босату үшiн барлық мүмкiндiктердiң жасалып жатқандығына сенiңiз.
  4. өзiңiзге тұрақты айналысатын бiр iс (дене жаттығулары, кiтап оқу, өмiр туралы естелiктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық iс-қимылдың тәулiктiк кестесiн белгiлеңiз, оларды қатаң әдiстемелiк тәртiппен орындаңыз;
  5. күшiңiздi сақтау үшiн, тiптi ұнамаса және тәбетiңiздi ашпаса да берген тағамның бәрiн жеңiз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетiңiз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепiлдегi адамды құтқарудың маңызды шарттарының бiрi. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкiндiк беретiн жағымсыз әсерлер мен күйзелiстерден оқшаулайтын кез келген амал-әдiстер тиiмдi. Келесi ережелердi ұғып алған пайдалы:

  1. аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегi барлық бұлшық еттердi кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
  2. барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседi;
  3. iшiңiзден оқыған кiтаптарыңызды, өлеңдерiңiздi, әндерiңiздi есiңiзге түсiрiңiз, жүйелi түрде әр түрлi дерексiз проблемаларды (математикалық есептердi шығарыңыз, шетел сөздерiн есiңiзге түсiрiңiз және т.б.) ойлап алыңыз. Сiздiң ақыл-ойыңыз жұмыс iстеуi керек.
  4. егер мүмкiндiк боласа, қолыңызға түскеннiң бәрiн, тiптi оның мәтiнi сiзге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-естi сақтауға көмектесетiн осы үдерiстiң өзi маңызды.
  5. Болып жатқан жағдайларды жүрегiңiзге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейiн iстiң сәттi аяқталатынына сенiңiз. Қорқыныш, торығу мен селқостық — бұл үшеуi сiздiң негiзгi жауыңыз, оның бәрi — өз iшiңiзде жатыр.

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегi тұрғындардың iс-қимылдары жөнiндегi жаднама

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiрудi бастау туралы ақпаратты үйiңiзде естiсеңiз:

  1. ауа-райына қарай киiнiңiз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрдi, газды, суды ажыратыңыз, пештегi (алау ошақтағы (камин) отты сөндiрiңiз;
  3. көшу кезiнде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетiңiз;
  4. кiреберiс есiктi құлыпқа жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiрушiнiң командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейiн ғана қайта оралыңыз.

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естiсеңiз:

  1. асықпай және дүрлiкпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кiлтпен жабылатын үстел жәшiктерiне жинаңыз;
  2. өзiңiзбен бiрге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндiрiңiз;
  4. есiктi кiлттеп жабыңыз және көшiру тәсiлiнде белгiленген бағытпен жүрiңiз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiру басшысының командасын орындаңыз.

Өрт қауiпсiздiгi айлығының қортындысы Zip (13 Kb)

Күзгi-қысқы мерзiмде суда адамдардың қауiпсiздiк ережелерiн сақтау Zip (19 Kb)

Сiреңке балалардың ойыншығы емес Zip (8 Kb)

Мұзға абай болыңыздар! Zip (5 Kb)

Абайла, газ! Zip (89 Kb)

Өрт кезiнде әрбiр бала бiлуi қажет өзiн-өзi ұстау ережелерi! Zip (157 Kb)

Тұрмыстағы өрт қауiпсiздiк Zip (15 Kb)

1 наурыз — Дүниежүзiлiк Азаматтық Қорғаныс күнi Zip (6 Kb)

Балалардың отпен ойнауы — өте қауiптi Zip (619 Kb)

Су тасқынындағы аймақтар Zip (5,3 Mb)

10.07.2017 17:38

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика