Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Қазақстандағы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев ақмолалықтарға биыл астық мол жыл болуын тiледi

Жаңалықтар 15.03.2017

ҚазАқпарат — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының активiмен өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi жөнiнде кеңес өткiздi, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметi.

Нұрсұлтан Назарбаев ақмолалықтарға биыл астық мол жыл болуын тiледi

Мемлекет басшысы кездесуге қатысушыларға жергiлiктi мәслихаттың кезектен тыс сессиясында кандидатурасы мақұлданған облыстың жаңа әкiмi Мәлiк Мырзалиндi таныстырды. Қазақстан Президентi облыс активiне арнаған сөзiнде бiрқатар көрсеткiштер бойынша, атап айтқанда өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, инвестициялар тарту көлемi, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жөнiнен өңiр экономикасы дами түскенiн айтты.

— Ауқымды үш дағдарысты бастан өткерсек те, елiмiздегi тұрақтылықты сақтап қалдық және әрi қарай дамып келемiз. Экономикалық қиындықтарды еңсеруге мүмкiндiк беретiн ұлттық қор жинақтай алдық. Ендi алдымызда әлемнiң дамыған 30 елiнiң қатарына қосылу мақсатына қол жеткiзу үшiн «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты жолдауды iске асыру аясындағы жаңа мiндеттер тұр, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы әлемнiң жаңа нақты ахуалы жағдайында технологиялар қарқынды дамып келе жатқанын атап өтiп, жолдауда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру үшiн жаңа бiлiм мен тәсiлдердi қолдану қажеттiгiне назар аударды. Мемлекет басшысы индустрияландыру бағдарламаларын жүзеге асырудың, өңiр және бүкiл республика бойынша инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығына тоқталды.

— Таяу жылдары Қазақстанда 7 мың шақырым автомобиль жолдары салынатын болады. Өңiрлердiң барлығы жоғары сапалы магистральдар арқылы байланысады. Олар балаларымыз бен немерелерiмiз үшiн мәңгiлiкке қалатын болады. Сондай-ақ, әуежайлар қалпына келтiрiлуде. Каспийде 2 теңiз порты салынуда. Елiмiзде жүзеге асырылып жатқан барлық бағдарламалар жаңаша тәсiлдердi қолдануды қажет етедi, — дедi Қазақстан Президентi.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев М. Мырзалинге облыстың ауыл шаруашылығы секторын одан әрi дамытуға қатысты бiрқатар мiндет жүктедi. Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы кооперативiн құру, ғылыми әлеуеттi пайдалану арқылы өнiмдiлiктi арттырып, ауыл шаруашылығына шағын несие бөлу, шағын және орта бизнестi жандандыру арқылы агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың маңыздылығын айтты. Елбасы алдағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесi аясында пайдаланылатын облыстың туристiк әлеуетiн ерекше атап өттi. Соңында Қазақстан Президентi қатысушыларға биылғы астықтың мол болуын тiлеп, көктемгi егiс жұмыстарында табысқа жетулерiне ниеттестiк бiлдiрдi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика