Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Қазақстандағы жаңалықтар

Қазақстанда халықаралық туристiк жаңа бағдар сәуiр айында жүзеге асады

Жаңалықтар 09.03.2017

ҚазАқпарат — 2017 жылдың сәуiр айында Түрiк Кеңесi аясында «Ұлы жiбек жолы» туристiк өнiмiнiң пилоттық жобасы iске қосылады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Туризм индустриясы департаментiнiң директоры Марат Иғали Фейсбуктағы парақшасында жария еттi, деп хабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Қазақстанда халықаралық туристiк жаңа бағдар сәуiр айында жүзеге асады

Марат Иғалидiң хабарлауынша, Бүкiләлемдiк туристiк ұйымның бастамасымен Жiбек жолы елдерiнiң туризм министрлерiнiң кездесуiнде ол Қырғыз елiнiң Мәдениет, ақпарат және туризм министрлiгi Туризм индустриясы департаментiнiң орынбасары Азамат Жаманқұловпен кездескен.

«Бiз Түрiк Кеңесi аясында Жiбек жолы бағытымен жаңа туристiк бағыт ашу мәселесiн талқыладық. Бұл туристiк бағыттың пилоттық жобасын Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан елдерi арқылы 2017 жылдың сәуiр айынан iске қосу жоспарланып отыр. 12 күн iшiнде туристер 4 мемлекеттiк аралайды», — деп жазды М. Иғали.

Оның айтуынша, туристер Қазақстанда Алматы қаласында болып, Шымбұлақ, Көктөбе, Көлсайға барады. Содан кейiн, 2017 жылы Түркi әлеменiң астанасы деп танылған Түркiстан қаласына сапар шегедi.

«Сонымен қатар, туристер Жамбыл облысындағы Қазақ хандығы құрылғаны киелi мекеннiң бiрi Әулие атаға зиярат ете алады»,  — дедi ол.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика