Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Қазақстандағы жаңалықтар

Қазақстан жекешелендiруде ЭЫДҰ көрсеткiшiне жетедi

Жаңалықтар 18.03.2017

ҚазАқпарат — Бүгiн отандық телеарналардан көрсетiлген республикалық БАҚ өкiлдерiне сұхбаты барысында ҚР Президентi Нұрсұлтан Назарбаев қазiргi жекешелендiрудiң негiзгi мақсаты жайында айтып бердi, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан жекешелендiруде ЭЫДҰ көрсеткiшiне жетедi

«Бiз реформаларды iске асырып, нарықтық экономиканың жолына түстiк. Бiрiншi жаппай жекешелендiрудi 90-шы жылдары жүзеге асырдық. Қазiргi кезде осындай екiншi жекешелендiрудi жүргiзiп жатырмыз. Бүгiнде мемлекеттiң басқаруында тағы да 7 мың кәсiпорын қалып отыр. Бiздiң мақсат мемлекеттiң басқаруына 15 пайызын қалдыруға негiзделген. Осындай көрсеткiштер Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымында қалыптасқан. Қазiргi кезде мемлекетке 60 пайыздан астамы тиесiлi. Бiз дамыған 30 елдiң қатарына енуге ниеттiмiз. Бұл жекешелендiру реформалардың қажеттiлiгiн бiлдiредi»,-дедi Президент. Осы орайда Мемлекет басшысы жекешелендiруге жататын нысандар жеке компанияларға, шағын және орта бизнеске өтетiнiн еске салып өттi.

Айта кетейiк, отандық телеарналардан Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатының толық нұсқасы көрсетiлдi.

Елбасы отандық және халықаралық БАҚ өкiлдерiмен кездесу өткiздi. Жиынға қатысушылар «Қазақстанның үшiншi жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк» атты Жолдауды iске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерiсiнiң бiрқатар аспектiлерiн, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерiн, қазiргi саяси жаңғыру кезеңiнiң ерекшелiктерiн, БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi ретiндегi Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетiнiң, «Esquire» журналының, «ҚазАқпарат» ақпарат агенттiгiнiң журналистерi қатысты.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика