Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Қазақстандағы жаңалықтар

Қазақстан Президентi Дубай халықаралық қаржы орталығында болды

Жаңалықтар 29.03.2017

ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiне жұмыс сапары аясында Дубай халықаралық қаржы орталығы (DIFC) басшылығымен кездестi, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметiне сiлтеме жасап.

Қазақстан Президентi Дубай халықаралық қаржы орталығында болды

Мемлекет басшысы кездесу барысында DIFC қызметiмен және орталықтың бұдан әрi қарай даму перспективасымен танысты. Қазақстан Президентiне Дубай халықаралық қаржы орталығы құрылған кезеңнен берi оның Дубай қаласының iшкi жалпы өнiмiне қосқан үлесi 8%-ға жеткенi туралы мәлiмет берiлдi. Нұрсұлтан Назарбаев Астана халықаралық қаржы орталығының жұмысын ұйымдастыру барысында бiздiң елiмiз Бiрiккен Араб Әмiрлiктерiнiң тәжiрибесiн зерттеп, қолданып отырғанын атап өттi. Сондай-ақ, орталықтың жұмысын одан әрi тиiмдi жүргiзу мақсатымен бiрқатар шаралар iске асырылғанын айтты.

Қазақстан Президентi Астана орталығы базасында құрылатын Еуразия аймағындағы жетекшi қаржы құрылымы ретiнде Астана халықаралық қаржы орталығын дамыту жөнiндегi өз ойларын ортаға салды. Келiссөз соңында тараптар екiжақты ынтымақтастықтың нәтижелерi мен одан әрi даму перспективаларын талқылады.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика