Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Қазақстандағы жаңалықтар

Карзай Қазақстанға 2 млн. доллар көлемiндегi көмегi үшiн алғыс айтты

Жаңалықтар 10.04.2017

ҚазАқпарат — Бүгiн Астанада ҚР Сыртқы iстер министрлiгi мен Ауғанстан сыртқы iстер ведомствосы арасындағы кезектi консультациялар басталды. Ислам Республикасының делегациясын сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Хекмат Халиль Карзай бастап келдi, деп xабарлайды ҚазАқпарат тiлшiсi.

Карзай Қазақстанға 2 млн. доллар көлемiндегi көмегi үшiн алғыс айтты

Өз сөзiнде Карзай мырза Қазақстанның БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң тұрақты емес мүшесi болып сайланғанымен құттықтап, Ауғанстанның еш ойланбастан Қазақстанға дауыс бергенiн жеткiздi.

Алдағы уақытта елiмiздiң осы қызметтегi бастамаларына қолдау бiлдiретiнiн де атап өттi. Осыдан кейiн мәртебелi мейман қазақ xалқының Ауғанстанға берген көмегi үшiн алғыс айтты.

«Ауған елi қиыншылық көргенде Сiздер демеу болып, сан алуан проблемаларды шешуге көмек бердiңiздер. Сiздер ауған жастарына мыңдаған стипендия тағайындап, Қазақстанның маңдайалды жоғары оқу орындарында бiлiм алуға жағдай жасадыңыздар. Олар генетика және тағы басқа ғылым салалары бойынша оқып жатыр. Дәл осы жастар ертең өз елiн алға сүйрейдi. Бiз оны жақсы түсiнемiз. Сосын 2 млн. доллар инвестиция құйғаныңыз үшiн де алғысымыз шексiз. Осы ақшаның арқасында бiраз мәселе шешiлдi», — дедi Карзай мырза.

Ауған делегациясын қабылдаған ҚР Сыртқы iстер вице-министрi Ақылбек Қамалдинов Қазақстанда атқарылып жатқан шараларға қысқаша шолу жасап, екi ел арасындағы байланыстардың нығайып келе жатқанын тiлге тиек еттi. Консультация кезiнде тараптар президенттер деңгейiнде қолға алынған шараларды пысықтап, алдағы жоспарларды талқылап шықты.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика