Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Қазақстандағы жаңалықтар

Азаматтарды салмақты негiздерсiз тұтқындауға болмайды — Нұрсұлтан Назарбаев

Жаңалықтар 03.03.2017

ҚазАқпарат — Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметiнен хабарлады. Кездесуде Қ. Қожамжаров Елбасыны агенттiктiң қазiргi қызметi туралы хабардар етiп, «100 нақты қадам» ұлт жоспарын iске асыру аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнiнде баяндады.

Азаматтарды салмақты негiздерсiз тұтқындауға болмайды — Нұрсұлтан Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардағы бос тұрған орындарды қысқарту, сондай-ақ еңбекақы төлеу қорының қаражатын қайта бөлу арқылы енгiзiлiп жатқан мемлекеттiк қызметшiлердi ынталандырудың бонустық жүйесiнiң маңыздылығын атап өттi. Қ.Қожамжаров «Б» корпусындағы мемлекеттiк қызметшiлердi аттестациялау барысы туралы хабарлап, аттестациядан өтушiлер жақсы нәтиже көрсетiп жатқанын айтты. Агенттiк төрағасының ақпараты бойынша, бүгiнге дейiн Жоғары аттестациялық комиссияның 14 отырысы болып, республикалық деңгейде 700-ден астам қызметкер әңгiмелесуден өткен. Сондай-ақ, агенттiк төрағасы «А» басқарушы корпусын реформалауға қатысты ұсыныстар жөнiнде баяндады. Онда қызметкерлердiң осы санатына жататын лауазымдар қатарын қысқарту көзделген. Қазақстан Президентi сыбайлас жемқорлықпен күресу, ұдайы оның алдын алу жұмысын сапалы жүргiзу қажеттiгiне де назар аударды.

— Қылмыстық қудалау тек заң аясында ғана жүзеге асырылуға тиiс. Азаматтарды салмақты негiздерсiз және бұлтартпайтын дәлелдерсiз тұтқындауға болмайды, — дедi Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бiрқатар нақты тапсырма бердi.

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика