Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Өңір жаңалықтары

«Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы сайланды

Жаңалықтар 19.04.2017

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс 26-шы конференциясына 135 делегат сайланған екен. Күн тәртiбiне 3 мәселе шығарылыпты.

Соның алғашқысы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасын сайлау болып отыр. Бiрiншi сауал бойынша сөз алған «Нұр Отан» партиясының хатшысы Фархад Қуанғанов бұл қызметке облыс iкiмi Құмар Ақсақаловтың кандидатурасын ұсынды. Оны жиылғандар бiрауыздан қолдады.

Кейiн Фархад Қуанғанов партиялықтар алдына тапсырмалар жүктедi.

Фархад Қуанғанов — «Нұр Отан» партиясының хатшысы:

— Ұлт көшбасшысының жүргiзiп жатқан барлық реформалары халықтың әл-ауқытан жақсартып, елiмiздi дамытуға бағытталған. Сондықтан партия алдында Елбасы жүктеген стратегиялық мiндеттер тұр. Президент, партия төрағасы бiздерге мемлекеттiк, үкiметтiң және өңiрлiк бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтудi тапсырды. Елбасының 100 нақты қадам ұлт жоспары партияның сайлауалды бағдарламасы болып қабылданған едi. Осылардың барлығын жүзеге асыруға мүмкiндiктер жетерлiк.

Өз кезегiнде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы болып сайланған аймақ жетекшiсi Құмар Ақсақалов сенiм бiлдiрген Елбасына алғысын айтып, мемлекет басшысы, партия төрағасы жүктеген мiндеттердi бiрлесiп шешу керектiгiне тоқталды.

Құмар Ақсақалов — «Нұр Отан» партиясы СҚОФ төрағасы, СҚО әкiмi:

— Партия алдында қандай мiндеттер тұрғандығын жақсы бiлемiн. Өзiм де осы ұйымда бұған дейiн 4-5 жыл iстеген болатынмын. Тәжiрбием бар. Сондықтан партиялықтарды бiрлесiп жұмыс жасауға шақырамын. Әрине қоғамдық бақылауды күшейтудiң маңызы зор. Өйткенi аудандарды аралағанда көптеген мәселелердiң бар екендiгiн аңғардым. Сол себептi бұл жұмыса олар да белсендi қатысады деген ойдамын. Халық бiзге сенедi. Соны ақтау қажет.

Бұдан соң кездесуде 2017 жылдың алғашқы тоқсанында партияның облыстық филиалы атқарған шаруалар жайлы айтылды. Бұл ақпараттан жиналғандарды құлағдар еткен «Нұр Отан» СҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары Артур Молдағұлов, жыл санап саяси ұйым құрамына енгiсi келетiндердiң қатары артып келедi деп отыр. Тағы мұндағылар Елбасы жолдауы мен стратегиялық құжаттарында айтылған барлық мiндеттердi жүзеге асыруға бiлек сыбана кiрiскен.

Артур Молдағұлов — «Нұр Отан» СҚОФ төрағасының бiрiншi орынбасары:

— Партия төрағасы айтқандай бiздер барлық мемлекеттiк бағдарламалардың, соның iшiнде әсiресе, «Нұрлы жол» жобасының орындалуын жiтi қадағалаудамыз. Оларды жүзеге асурыға бөлiнген қаржы депутаттардың үнемi бақылауында. Халықтың сенiмi жақсы. Сондықтан тұрғындармен де жұмыс жасалады. Жыл басынан партияның қоғамдық қабылдауына азаматтардан 856 өтiнiш келiп түстi. Олардың негiзгi бөлiгi тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтiк және жұмыспен қамту мәселелерiгне қатысты болып отыр.

Кейiн «Нұр Отан» СҚОФ саяси кеңесiнiң құрамын өзгерту мәселесi қаралды. Ал жиын соңында сөз алған «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасы — Құмар Ақсақалов өңiр экномикасын дамыту тетiктерiне тоқталды.

Магжан Ахмадина

Ақпарат көзі: mtrk.kz

 


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика