Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Баспасөз қызметі

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Шығын өтелетін болады»

Жаңалықтар 26.04.2017

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Былғары зауыты кентiнде су басқан аумақты байқап, жергiлiктi тұрғындармен кездестi. Тұрғындар мүлiктердiң өтемақысы мәселесiне қызығушылық бiлдiрдi.

«Бүгiн комиссия жұмысқа кiрiстi, ол барлығын да есепке алады. Барлығы өтелетiн болады. Болашақта өзен арнасын толықтай жабуымыз қажет. Жобалаушыларды шақырып та қойдық. Бөгеттi жуып кетпес үшiн, бетондайтын боламыз. Бөгеттiң ұзындығы ұзартылатын болады»,- дедi өңiр басшысы.

БАҚ өкiлдерiне берген сұхбатында Құмар Ақсақалов өзен арнасына мол су Сергеев су қоймасынан келгенiн атап айтты.

«Бөгеттер нығайтылды, суды барынша ұстап тұру үшiн, үйiндi биiктетiлдi. Бүгiн-ертең су осындай қарқынмен келмейтiн болады. Оны судың деңгейiнен байқап отырмыз. Судың деңгейi көтерiлуiн тоқтатқаннан кейiн, елдi мекенге су кiрген жердi бекiтiп, оның суын бар күшпен сора бастаймыз. Оған барлық техникалар жұмылдырылады. Облыстың барлық жерiнен қосымша техникалар әкелiнедi»,- дедi өңiр басшысы.

Былғары зауыты ауданында 115 тұрғын үйге су кiргенiн, 380 адам қауiпсiз жерге көшiрiлгенiн, 150 адам өздерi эвакуацияланғанын атап айтқан жөн. Қауiпсiздiк шарасына қарамастан 470 адам көшуден бас тартқан, оның 30-ы су кiрген үйлерде қалған.

«Алдыңғыкүнi су 64, кеше 34 сантиметрге көтерiлдi, бүгiн бұл көрсеткiш 15-20 сантиметр ғана болады деп үмiттенiп отырмыз. Судың көлемi өте үлкен, ауқымды. Қазiр бөгет құрылысын қалай жалғастырып, аяқтауды ойластыруымыз керек. Су тасқынының алдын алу мақсатында 60 елдi мекенде 100 шақырымнан астам жер жұмыстары жүргiзiлдi, олар: бөгеттер, жолдар және су ағызатын жыралар. Атқарылған жұмыстардың арқасында 60 елдi мекенде жағдай тұрақты болды»,- дедi Құмар Ақсақалов.


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика