Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Баспасөз қызметі

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов: «Арандатушылар анықталып, жазаланатын болады»

Жаңалықтар 21.04.2017

Аким СКО Кумар Аксакалов: «Провокаторы найдены и будут наказаны»

Өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде облыс әкiмi Құмар Ақсақаловтың қатысуымен кезектi брифинг өттi.

Өңiр басшысы жолдарды су шайып кетпеуi және бұзбауы үшiн ауқымды жұмыс жүргiзiлiп жатқандығын атап айтты. Рузаевка ауылы маңындағы республикалық маңыздағы «Астана-Петропавл» автожолының жиегiне балшық үйiлуде

«Петропавл маңындағы жолдарда кеше.болдым, «Өзен порты» аумағындағы 2,5 шақырымдай жол биiктетiлуде. «Былғары зауыты» кентiндегi 2 қабатты үйлердiң ескi бөгеттер орналасқан ойпаң жерлерiне аталмыш елдi мекендi су тасқынынан қорғау үшiн биiктету жұмыстары жүргiзiлуде»,- дедi Құмар Ақсақалов.

Облыс әкiмi осы учаскедегi жұмыс Ойқаланың 5280, Былғары зауытының 3724 тұрғынын су тасқынынан қорғау үшiн жасалып жатқанын атап айтты. Сонымен бiрге Заречныйдағы саяжай учаскелерiн су басады деп күтiлуде.

Петропавлда осы аудандардың тұрғындарын қауiпсiз жерге көшiру және су тасқыны кезiнде тұрулары үшiн №12,№13,№14 мектептерде жайлы орындар әзiрленуде. Олар төсек-орынмен, қажеттi азық-түлiкпен, медициналық қызметпен қамтамасыз етiлген. Бұдан басқа, тiзiм жасалып, барлық қарт адамдар, жүктi әйелдер, мүгедектер, 1 жасқа дейiнгi балалар бақылауға алынған. Сорғы станциясын қорғау мақсатында бiрiншi көтеру станциясы бекiтiлдi.

«Өтiрiк ақпарат таратқан адамдарды да тапқанымызды айта кеткiм келедi. Қазiр қылмыстық тергеу жүргiзiлуде. Мұндай әрекет қылмыстық жазаға тартылуға жататындығын тағы да ескерте кеткiм келедi. Кеше айтқанымдай, қажеттi таза су қоры бiзде жеткiлiктi. Керек болған жағдайда бiзде 70 су таситын машина әзiр тұр. Қажет болған жағдайда олардың қаланың қай ауданына бару тетiгiн жасайтын боламыз",- дедi өңiр басшысы.

Қазiргi уақытта Петропавл қаласында таза ауыз су қоры 16 мың текше метрдi, ал шикi су 11 мың текше метрдi құрайтындығын айта кеткен жөн.


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика