Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Баспасөз қызметі

СҚО әкiмi сенбілікке қатысады

Жаңалықтар 21.04.2017

Аким СКО Кумар Аксакалов лично примет участие в субботнике в с.Рузаевке

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов су тасқыны зардаптарын жоюға қатысады.

Өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте өңiр басшысы Құмар Ақсақалов бүгiнгi күнi Солтүстiк Қазақстан облысы аумағында су тасқынына байланысты қалыптасқан жағдай туралы айтып бердi.

Қазiргi уақытта Сергеев су қоймасындағы су деңгейi 59 сантиметрге төмендедi. Су Есiл өзенi арқылы ағып келедi, қазiр оның шарықтау шегi Покровка ауылы маңында.

Өңiр басшысының айтуына қарағанда, бүгiн таңертең су деңгейi 14 метр 24 см-ге көтерiлiп, бақылаудың барлық кезеңiндегi жоғары көрсеткiштен 189 см-ге асып кеттi. Мол су Қызылжар ауданындағы Новоникольское ауылының маңына 23-24 сәуiр күндерi келедi деп болжануда. Петропавл қаласы маңындағы арнаға су 22-24 сәуiр күндерi жетпек. Су деңгейiнiң көтерiлуi 29 сәуiрге дейiн сақталмақ. Соған байланысты облыс әкiмi мол су тудырған күрделi мәселелер жөнiнде де сөз қозғады

«Кеше 13.30-да Сергеев су қоймасында гидрожелiнiң бақылау алаңында аз-мұз бұзылу орын алды. Осы жайлы басқаларардан хабарланғанша. менен естiсiн деп айтып тұрмын. Бұл тақырыпта қандайда-бiр алып-қашпа сөз болмауға тиiстi. Аталмыш учаске қоршалып, Шал ақын аудандық арнайы қызмет қызметкерлерiнiң бақылауына алынған»,- дедi Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов бұл бұзылу гидротехникалық станцияның жағдайына әсер етпейтiндiгiн атап айтты.

Өңiр басшысы Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның Рузаевка ауылына су тасқынының зардаптарын жою мақсатында тазалауға көмек көрсету үшiн жастардан, жұртшылықтан құралған волонтерлер тобы жiберiлгенiн мысалға келтiрдi. Ақшалай қолдау жағдайын сөз ететiн болсақ, арнайы ашылған шотқа 5 млн. теңгеден астам қаражат түскен.

«Ертең Рузаевка ауылында өтетiн сенбiлiкке 200-дей адам қатысады. Мен де сонда болып, су тасқынынан зардап шеккен рузаевтықтарға көмек көрсеттетiн боламын»,- дедi Құмар Ақсақалов.

Аким СКО Кумар Аксакалов лично примет участие в субботнике в с.Рузаевке

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика