Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Новости || Баспасөз қызметі

Құмар Ақсақалов Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесiнiң отырысын өткiздi

Жаңалықтар 20.04.2017

Құмар Ақсақалов Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесiнiң отырысын өткiздi

Петропавл қаласындағы Достық үйiнде Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесiнiң отырысын өттi. Аталмыш шараға кеңес мүшелерi, этномәдени бiрлестiктер мен жұртшылық өкiлдерi қатысты.

Отырысты облыс әкiмi, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесiнiң төрағасы Құмар Ақсақалов ашып, Ассамблея қызметiнiң өзектi мәселелерiн талқылады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесi хатшылығының меңгерушiсi Наиль Салимов облыстық Ассамблеяның қызметi мен жұмысының негiзгi бағыттары туралы баяндады.

«Облыста 83 қоғамдық келiсiм кеңесi құрылды, ол 2016 жылға қарағанда 36 кеңеске көп. Оған 700-ден астам адам жұмылдырылған. Соған орай аталмыш құрылымға жүгiнетiн азаматтардың саны да артты, қазiрдiң өзiнде 120 жүгiнуге жауап берiлдi. Осының өзi жаңа құрылымға сенiмнiң артқанын көрсетедi. Айыртау, Ақжар, Жамбыл, М. Жұмабаев, Қызылжар және Мамлют аудандарының және Петропавл қаласындағы «Қызылжар Су» кәсiпорнының кеңестерi тиiмдi жұмыс iстеуде», — дедi Наиль Салимов.

Бүгiн СҚО ҚХА алдында зор мiндеттер тұр. Солардың бiрi — 2020 жылға дейiн қарастырылған Ұлттық сәйкестiк пен бiрлiк тұжырымдамасының бiрiншi кезеңiн жүзеге асыру, сол сияқты қоғамдық келiсiм кеңестерi жүйесiн әрi қарай дамыту, ҚХА-ның медиациялары мен қайырымдылық жүйесiн қалыптастыру.

Бұдан басқа 26 сәуiр күнi Астанада «Тұрақтылық, бiрлiк және келiсiм — жаңғыртудың, жалпыұлттық бiрлiк пен қоғамдық келiсiмнiң негiзi» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-мерекелiк сессиясы өтедi. Оған Солтүстiк Қазақстан облысынан этномәдени бiрiлестiктерi өкiлдерiн қоса есептегенде 47 делегат қатысады.

«Солтүстiк Қазақстан облыстық «Видергебурт» немiс мәдени орталығы» президентi Эльвира Ковзель қоғамдық бiрлестiктiң қызметi туралы ақпарат бердi. ҚХА облыстық медиация орталығының жұмысы туралы Гүлбақша Мұсабаева, СҚО ҚХА ақсақалдар кеңесiнiң төрағасы Фанис Литфуллин, жастар қанатың жетекшiсi Сағыныш Бектемiрова өз ұйымдарының қызметi туралы сөз қозғады.

Биылғы жылдың басты оқиғасы Астанада өтетiн Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесi болмақ. СҚО осы мемлекеттiк шараларға қатысатын болады.

Отырыс барысында «ЭКСПО-2017» көрмесiне қатысушы, «Сапро-НАТ» ЖШС-нiң бас директоры Әлтаир Сыздықов мемлекеттiк-жекеменшiк әрiптестiктiң мемлдекет үшiн пайдалылығы жөнiнде өз ойын ортаға салды.

«Дәл осы үлгi бойынша бiздiң компания Солтүстiк Қазақстан облысында өзiнiң жасампаздығын жүзеге асыруда. Осы жағынан бiздiң облысымыз үлгi бола алады деп ойлаймын. Бiздiң технологияларымыз жасыл экономика — жел генераторлары дегеннiң дұрыстыққа жанаса қоймайтындығын көрсетiп отыр. Өйткенi көмiрмен де қоршаған ортаны ластамай жылу энергисын өндiруге болады. Бiздiң патенттелген жаңалығымыз — бу қазандығы. Ол жанатын отынның, яғни көмiрдiң табиғи залалын 40-50 пайызға азайтады, — дедi Әлтаир Сыздықов.

«Медиация бiзде өте маңызды. Оның әлеуетi өте көп. Оны қалай iстеудi бiз бiлемiз, көпшiлiгiңiздiң осы бағытта тәжiрибелерiңiз де бар. Жұмыс сотпен, құқық қорғау органдарымен жүргiзiлетiн болады. Сол сияқты этномәдени бiрлестiктердi аудандарда, елдi мекендерде, ауылдарда құруға арналған жұмысты жалғастыру керек. Қоғамдық бақылау саласында қоғамдық келiсiм кеңестерi зор әлеуетке ие. Жұмыс түрi басқа болғанмен, мақсаты бiр жастар ұйымдарының атақарар iстерi де ауқымды. «Қазақстан-2050» Стратегиясында ел Президентi бiрнеше мiндет жүктедi. Республика деңгейiнде стратегияға сараптама жасау мүмкiндiгiне ие болдым, жекелеген орындаушылар оның қандай жылдамдықпен өту керектiгiн түсiне қоймайды. Бiз Мемлекет басшысы анықтаған мiндеттердi орындау үшiн бар күш-жiгерiмiздi жұмсауымыз қажет», — дедi облыс әкiмi Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесiнiң отырысын өткiздi

Құмар Ақсақалов Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық кеңесiнiң отырысын өткiздi


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика