Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Мамлют ауданының ауылдық округтерінде жұмыс сапарымен болды

11.09.2017

Өңiр басшысы Дубровное ауылдық округiнiң Дубровное ауылының аббаттандыруымен, оның iшiнде фельдшерлiк-акушерлiк пунктпен танысты, онда объектiнi жарақтандырумен және дәрi-дәрмектермен қамтамасыз етумен танысты.

«Бiз ауылдық округке қандай өзгерiстер болып жатқанын көруге арнайы келдiк. Елде, облыста өзгерiстер болып жатыр, бұндай өзгерiстер ауылдық округтерде де болу керек» — дедi облыс әкiмi.

Бұдан кейiн облыс әкiмi С.Г. Гуденко атындағы Дубровное орта мектебiнде ауылдық округ активiне қатысты. 9 айдағы әлеуметтiк-экономикалық даму туралы ауылдық округтiң әкiмi Галина Швецова айтып бердi.

Ақпаратты тыңдай отырып, өңiр басшысы Құмар Ақсақалов жергiлiктi атқарушы органдардың сынға алды.

Активтен кейiн өңiр басшысы интернатта тұратын оқушылармен кездестi.

«Мемлекет сiздердi бiлiммен қамтамасыз ету керек. Бiз сол үшiн барлық жағдайды жасаймыз. Сiздердiң тұрмыстарыңызды жақсарту үшiн бiз барлық жағдайды жасаймыз. Сiздерге қосымша үйiрмелер және құралдар қажет шығар, — дедi Құмар Ақсақалов.

6 сыныптың оқушысы Даниил Куклицкий оқушылар атынан интернатқа жаңа теледидар, компьютер және жиһаз керектiгi туралы өтiнiш бiлдiрдi.

Облыс әкiмi бұл мәселенi шешуге уәде бердi және оқушыларға жақсы оқуға тiлек бiлдiрдi.

Жұмыс сапарының келесi елдi мекенi Ленин ауылдық округiнiң Ленин ауылы болды. Өңiр басшысы халықпен кездестi. Ауылдық округтiң әкiмi Бүркiтбай Самұратов ағымдағы жағдай туралы айтып бердi.

Өңiр басшысы жаңа қоныс аударғандарға бау-бақшалықпен айналысу туралы кеңес бердi.

«Техникасыз астық өсiре алмайсыздар.Қиын болады. Бау-бақшалықпен айналысыңыздар, бұл сiздердiң қолдарыңыздан келедi. Дақылдарды өсiрумен шаруашылықты көтергеннен кейiн айналысу керек», — дедi Құмар Ақсақалов. 

Жұмыс сапарының соңғы елдi мекенi Новомихайловка ауылы. Бұнда облыс әкiмi Құмар Ақсақалов округ тұрғындарымен кездестi.

Ауылдық округтiң әкiмi Савет Қорғанбаевтың айтуынша аграрлық секторды және мал шаруашылығын дамыту халықтың өмiрiнде ерекше орын алады.

«Ауылдық округ 5 елдi мекеннен тұрады, 2047 адам. 1 жартыжылдықта орта айлық жалақы 93 003 теңге құрады. 5 iрi агроқұрылымдар мен 7 жеке кәсiпкерлер мал шаруашылығымен айналысады. Ағымдағы мерзiмде 30 млн. 571 805 теңге сомаға мал шаруашылығы субсидиялары, өсiмдiк шаруашылығы бойынша 70 млн. 458 720 теңге сомаға субсидиялар алынды», — дедi Новомихайлов ауылдық округiнiң әкiмi Савет Қорғанбаев.

Келесi сөз сөйлеген облыс әкiмiнiң орынбасары Асқар Сақыпкереев.

«Халықты жыл бойы жұмыспен қамтитын мал басын кеңейту мүмкiндiгi бар. Округте 1301 адам тұрады, 400 жуық — өз iсiмен айналысатын халық, оларды жұмысқа тарту қажет — дедi Асқар Сақыпкереев.

Ауыл шаруашылықты өнiмдi өңдеу маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады дедi ол.

«Бiз 3 ауылдық округте болдық. Ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен бiрлескен жұмыс жүргiзiлдi. Бұл әлеуметтiк жауапты бизнес, онда тұратындар тапқан қаржыны елдi мекен игiлiгiне iске асырады», — дедi аудан әкiмi Ерболат Бекшенов.

Бұдан басқа аудан әкiмi сүт кешенiн ашу және егiстiк алаңдарын диверсификациялау жоспары бар екендiгi туралы айтты.

«Новомихайловское 2003» ЖШС директоры Геннадий Щеголев астық жинау науқаны туралы айтты.

Жұмыс сапары соңында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Мамлют ауданының әкiмi Ерболат Бекшеновке халықпен және ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен әрi қарай даму жоспарларын талқылау жөнiнде кездесу өткiзудi тапсырды.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика