Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Мамлют ауданының аграрийлерін мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырды

11.04.2017

Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов Мамлют ауданында жұмыс сапарымен болды. Бiрiншi барған объектi құрылыс материалдарын, терезе блоктарын, жиһаз өндiретiн, сонымен қатар көлiк тасымалымен айналысатын кәсiпорын.  

«Егер қондырғы жаңа болса, оны барынша пайдалану керек. Бiз ойланып жақсы дизайнерлердi, жаңа технологияларды қалай қолдануды ойластырамыз. Қазақстанда жиһаз өндiрiсiмен айналысатын фабрикалар аз екендiгiн бiлемiз. Бұл — жаңа жиһаз өндiретiн алматы, орал кәсiпорындары. Осы секторды дамыту қажет. Логистикалық орталыққа қатысты үстiмiздегi жылы Қорғанға баратын трасса жөнделедi. Бiз оны 2 жылда толығымен жөндеп шығамыз», — дедi Құмар Ақсақалов. 

Әрi қарай өңiр басшысы ұн өнiмi өндiрiсiмен және сатумен айналысатын «Мамлют ұн комбинаты» ЖШС кәсiпорнымен танысты. Ұйым туралы бас директор Анатолий Шрамко айтып бердi. 

«Қондырғы элеваторға түскен кез-келген сападағы астықты тазалауға мүмкiндiк бередi. Сапалы өнiмдi шығару үшiн ең алдымен қондырғы, екiншiден шикiзат және жоғары бiлiктi кадрлар болу керек. Бiзде осының барлығы бар. Бiз жоғары сапалы өнiмдi шығаруға дайынбыз», — дедi Анатолий Шрамко. 

Әңгiмелесу барысында облыс әкiмi Құмар Ақсақалов бiздiң өңiрiмiз үшiн экспорт маңызды екенiн айтты. Құмар Iргебайұлы бiздiң облыс өнiмдi жеткiлiсiз өндiретiнiн және экспорттайтындығын айтты.

Мамлют ауданының әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы аудан әкiмi Ерболат Бекшенов айтып бердi. 

«Бизнестiң жол картасы-2020» бойынша өткен жылы 8 жоба болды. Бұл 267 млн. тенгеге қолдау көрсетiлдi. 1 тоқсанда 3 тапсырыс берiлдi. Жұмыс жалғастырылып жатыр. Жалақы 2015 жылы 68 000 теңге, 2016 жылдың қорытындысы бойынша — 80 500 теңге құрады. Динамика 104,8 пайыз. Тұтасымен ауыл шаруашылығы бойынша жалақы 79 700 болған, қазiр 83 500 теңге. Көктемгi егiстiк жұмыстары бойынша — жалпы алаң 196 мың/га, пар 21 мың, жалпы егiстiк алаңы 175 мың. га. Сонымен бiрге жем-азық алаңы азайды — 117 мың болған, қазiр 105 мың, майлы дақылдар алаңы 14 мың көбейдi, жем-азық алаңы 21 мың.га», — дедi Ерболат Бекшенов.

Осы жерде аграрийлермен кездесу өттi. Құмар Ақсақалов ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен актуалды мәселелер — техникамен қамтуды, органикалық нанды өсiрудi және технологияларды талқылауды талқылады.

«Бүгiнгi күнi өндiрiлген ауылшаруашылық өнiм көлемдерi бойынша Мамлют ауданы аутсайдерлер қатарында тұр. Бұл ауданға тартылған инвестициялар да аз. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберiнде бiрде-бiр жоба жүзеге асырылмаған. Неге? Бұған барлық аудандар қатысу керек. Бiз сүттi-тауарлы фермаларды, ауылшаруашылық кооперативтердi құруды сөз етемiз. Бұл тетiктер жұмысы жоқ көптеген адамдарға жұмысқа орналасуға, салық төлеуге мүмкiндiк бередi. Осының барлығы сiздермен бiрге ғана жүзеге асырылуы мүмкiн. Сондықтан бiз сiздерден бизнестi әлеуметтiк салаға бағыттауды сұраймыз», — дедi өңiр басшысы.

Мал шаруашылығы саласын дамыту туралы айта келе, Құмар Ақсақалов бұл үшiн барлық мүмкiндiктер, оның iшiнде мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi құралдары бар екендiгiн атап айтты. Жаңа шаруашылықты ашу өз кезегiнде өңiрдiң өз iсiмен айналысатын және жұмыссыз халық санын азайтуға мүмкiндiк бередi. Басқа сөзбен айтқанда — осының барлығы солтүстiк қазақстандықтардың игiлiгiне оң әсер етедi.

Сонымен қатар облыс әкiмi үстiмiздегi жылы элита тұқымын сатып алу алғаш рет субсидияланатындығын айтты.

«Осының барлығы жоғары сапалы астық өнiмiн алу үшiн iстелiнедi» — дедi Құмар Ақсақалов.

Кездесу соңында өңiр басшысы ауылшаруашылық тауар өндiрушiлерге су тасқыны кезеңiнде халыққа көмек көрсету жөнiнде айтты.



Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика