Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Отан неден басталады?

07.06.2017

7 маусымда Ақмола облысының азаматтық қорғаныс көп профильді колледжінің бірінші курс студенттері Мамлют мәдени орталығы залында мамлюттік көрермендерге патриоттық бағыттағы концерттік бағдарлама ұсынды, онда флеш-моб, жаңа билер, әндер және тақпақтар қазақ және орыс тілдерінде орындалды.

Шығармашылық мобильді топтың жастары Солтүстік Қазақстан облысының көптеген аудандарында болды. Біздің қалаға олар «Нұр Отан» партиясының Мамлют аудандық филиалының шақыруы бойынша келді. Көрермен жастармен әңгімелесу барысында колледж студенттері Қазақстанның жас ұрпағының мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы маңызды рөлі, қоғамның рухани даму мәселелері жөнінде өз идеяларын, ойларын және ұсыныстарын айтты. Жастар Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мағынасы, ел игілігіне жастарды бастайтындығы туралы айтты. Президент сияқты жастар да патриоттық сезім, туған жерге, өз ауылына, өңіріне деген сүйіспеншіліктен басталады деп есептейді.

Мамлюттіктер «Отан неден басталады?» концерттік бағдарламаға қатысушыларға түрегеліп тұрып қол соқты. Аудан басшылығы атынан жастарды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.М. Қошанов құттықтады және алғыс білдірді.

Ол талантты, өнерлі жастарға денсаулық, шығармашылық табыс, ақ жол, армандардың орындалуын тіледі. Жастар өз кезегінде жылы ықыласпен қарсы алғандары үшін алғыс білдіріп, «Бүгін патриоттық туралы айтып қана қоймай, шынайы патриот туған өлкесінің өркендеуіне өз үлесін қосу керек. Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасы бізді осыған шақырады» — деді.

Отан неден басталады?

Отан неден басталады?

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика