Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Мемлекет — бұл біз!

29.08.2017

Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi қарсаңында елеулi датаға арналған iс-шаралар — өткiзiлдi: қызықты адамдармен кездесулер, бейне-презентациялар, дискуссиялар, флешмобтар, патриоттық әндер конкурстары, дөңгелек үстелдер, кiтаптарға шолу және фото көрменi рәсiмдеу.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында дөңгелек үстел басында жастар ресурс орталығы қызметкерлерiнiң бастамасымен мазмұнды және тартымды әңгiмелесу өттi. Республикамыздың Негiзгi заңындағы құқықтар және мiндеттер, мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асырудағы жастардың рөлi, бiрлiк, тұтастық, тұрақтылық сияқты негiзгi құндылықтардың маңызы, сақтау, бүгiнгi күннiң проблемалары туралы сөз қозғалды. Конституция саяси тұрақтылықтың, азаматтық бейбiтшiлiктiң қоғамдағы келiсiмнiң кепiлi болып табылатындығына назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар өзiңдi жаңа әлемде қалай табу керек, көңiлiңе жататын iстi қалай таңдап, қателеспеу керек, туған елдiң елеулi азаматы болу деген не — сұрақтарына жауап бердi. Жас адамдар — мемлекеттiк қызметшiлер, мұғалiмдер, заңгерлер, кәсiпкерлер бiртұтас, әрқайсысы елде, өңiрде, ауданда, қалада, ауылда болып жатқан өзгерiстер үшiн жауапты.

«Мамлют жастары» МҚБ өкiлдерi — Кристина Полякова, председатель молодежной организации «Жас Отан» жастар ұйымының төрағасы Әлия Хамзина, жастар ресурс орталығының жастармен жұмыс жөнiндегi инспекторы — Светлана Адилова және басқалар әңгiмелесуге белсендi қатысты.

Кездесуге қатысқан пробация қызметiнiң қызметкерi — М.И. Ұмаров және өз кiнәсiн мойындаған, сот арқылы өткен, құқық бұзушылық жасаған және түзу жолға бет бұрған сотталған тұлғалар әңгiмелесуге қатысты. Бұндай кездесулер осы санаттағы жастарға келешекте жаңа құқық бұзушылық жасауды алдын алу үшiн сөзсiз пайдалы.

Аудан жастарының ұстанымын, мiндетiн және мақсатын нақты белгiлеп, жастар бүгiнгi күннiң проблемаларын қызу талқылады. Қиындыққа мойымау, барлық сұрақтарға жауап таба бiлу, мақсатқа қол жеткiзе бiлу керектiгi туралы — Мамлют №3 орта мектептiң тарих мұғалiмi Сайран Байтлеев және iшкi саясат бөлiмiнде жастар тәжiрибесiн өтiп жатқан бiлiмi бойынша заңгер — Мейрамбек Кәкiмов айтты. Әлеуметтiк-экономикалық және саяси өзгерiстердi қамтитын заңдар Конституцияның негiзiнде қабылданатындығы туралы айтылды.

Мемлекет – бұл біз!

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика