Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Мектеп олардың үмітін ақтайды!

02.09.2017

Биылғы оқу жылы ерекше. Екiншi, бесiншi, жетiншi сыныптар жаңартылған мазмұндағы бағдарлама бойынша оқиды. Оларға 380 мың бiрiншi сынып бүлдiршiндерi де қосылады. Бiздiң балаларымыз өздiгiнен бiлiм алуға, критикалық ойлауға, алған ақпаратты өмiрде нақты қолдануға үйренедi.

Бiз барлығымыз балалық шақтан, мектептен өттi. Мектеп бiздi үйретiп, жаңа өмiрге қадам басқызды. Көптеген нәрсе ұмытылады, бiрақ мектептегi өмiр, сүйiктi мұғалiмнiң бейнесi ешқашан ұмытылмайды.

Бiз әрқайсымыз мектепке барған алғашқы күндi ұмытпаймыз. Мұғалiм қолымыздан жетектеп, сыныпқа қадам басқызды.

Мiне жаңа қыркүйек келдi, ауданымыздың мектептерiнде жаңа оқу жылы басталды. Мұғалiмдер, ата-аналар, балалар үшiн бұл оқиға ерекше.

Қазақ мектеп-интернаты алдында салтанат иелерi — оқушылар, ақ фартук киген, ақ бантик таққан қыздар мен костюм-шалбар киген ұлдар. Қыркүйектiң бiрiншi күнi балаларға жазғы шырайын төктi! Көптеген гұл шоқтары мен кетпес күлкi! Барша қауым осы күнге арналған қазақ тiлiндегi патриоттық әндi орындаушыларға қол соқты.

Балалар, ата-аналар, мұғалiмдер алдында құттықтау сөз сөйлеп аудан әкiмi Е.М. Бекшенов барлығын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқушыларға оқу жылында денсаулық, сәттiлiк, тәлiмгерлер мен ата-аналарға өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде шыдамдылық және төзiмдiлiк тiледi. Ерболат Мұратұлы оқу орнының директоры Б.Т. Ахметовке 200 мың теңге сомаға сертификат және мектептiң мұғалiмi А.Ф. Иксановаға Құрмет грамотасын табыс еттi.

Бiрiншi сынып бүлдiршiндерiнiң қоларынан ұшқан түрлi-түстi шарлар аспанға қалықтады. Оларды осы мереке күнi тамаша тосын сыйлықтар тосып тұр. Жоғары сынып оқушылары төсбелгiлер, ал аудан әкiмi әрқайсысына кiтап, рамкаға жазылған тiлек сөздердi табыс еттi. Бұлдiршiндер өз тақпақтарын айтып, барлығын қуантты.

Мамлют қазақ мектеп-интернатында , балалардың оқып, бiлiм алулары үшiн барлық жағдай жасалған. Бiртұстас мұғалiмдер ұжымы, техникалық персонал әр оқушыға мектеп екiншi үй болуы үшiн жағдай жасауға тырысады. Биылғы жылы мектепке жас мамандар келдi.

Жоғары сынып оқушылары әр бүлдiршiндi қолдарынан жетектеп, мектеп табалдырығын тұңғыш рет ататты.

Оқушыларды, мұғалiмдердi, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен мектеп директоры Б.Т. Ахметов құттықтап, бүгiн мемлекет балалардың бiлiм алып, бақытты болулары үшiн барлық жағдайлар жасап жатқандығын айтты. Биылғы жылы мектеп табалдырығын аттаған бүлдiршiндер өз ата-аналары мен мұғалiмдердiнiң үмiтiн ақтап, республикамыздың елеулi азаматтары болып өседi деп тiлек бiлдiрдi.

Мектепте өткiзген әрбiр күн әрқайсымыз үшiн жарқын өмiр бетi болып қалыптассын! Биылғы қыркүйек  — бiрiншi сынып үшiн мектеп өмiрiндегi бiрiншi болып саналады. Тақпақтар, гүлдер, сыйлықтар, грамоталар оларға арналады. Балалардың жүректерi қуанышқа толсын!

«Жылдар өтедi, сiздер мектептi жақсы бiтiресiздер, бiз сiздердi мақтан етемiз — дедi өз сөзiнде еңбек ардагерлерi, ата-аналар, мұғалiмдер.

Салтанатты линейка аяқталды, оқушылар «Мен — өз елiмнiң патриотымын!» биылғы оқу жылындағы бiрiншi сабаққа кiрдi. Осы сабақта армандарының орындалуы үшiн жақсы оқып, бiлiм алып, игi iстер жасау керектiгi туралы оқушылар бiлiм алады.

Бiрiншi сынып бүлдiршiндерiнiң қолында дәстүрлi қоңырау. Олар дәстүрлi қоңыраумен шеңбер жасады. Сыңғырла, сыңғырла мектеп қоңырауы!


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика