Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Мамлют ауданында Абай, Махамбет оқулары сайысы өтті

14.04.2017

14 сәуiр күнi Абай, Махамбет оқуларының аудандық кезеңi өттi. Сайысқа аудан мектептерiнен 87 оқушы, оның iшiнде 38 оқушы басқа ұлт өкiлдерi қатысты. 

Абай шығармаларын мәнерлеп оқу номинациясында Бексейiт орта мектебiнiң оқушысы Мұқанова Диана Абайдың 42 өлеңiн, «Ескендiр» поэмасын, Краснознаменное орта мектебiнiң оқушысы Уразбаев Ибадулла 17-шi қара сөзiн жатқа мәнерлеп оқып бердi. Абай өлеңдерiн мәнерлеп оқуда қазылар алқасы Мамлют № 2 орта мектебiнiң оқушысы Горбатова Екатеринаны, Қызыласкер орта мектебiнiң оқушысы Шледовец Юлияны, Дубровное орта мектебiнiң оқушылары Одинец Викторияны, Кобец Марияны, Покровка орта мектебiнiң оқушысы Төлеген Сараны ерекше атады. «Көңiлiм әндi ұғады» номинациясында конкурсанттар Абай әндерiн орындау өнерлерiн ортаға салды. 

Жүлделi орындарға Мамлют № 2 орта мектебiнiң оқушысы Щербинина Анжела, Андреевка орта мектебiнiң оқушысы Жимурзин Алихан, қазақ мектеп-интернатының оқушылары Нұрғали Арайлым, Абдазова Аялакүнайым, Меңкесер орта мектебiнiң оқушысы Мустафаева Севда, Мамлют №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Черепанова Наталья ие болды. 

«Жүйрiктен жүйрiк озар жарысқанда» Абайға арнау номинациясында өз шығармаларын оқуда Сатыбалдиева Жанар — Краснознаменное орта мектебi, Құсайынова Ұлдана — Бостандық орта мектебi, Меңгешова Алтынай — қазақ мектеп-интернаты, Воскресеновка орта мектебiнiң оқушысы Баландина Камилла ерекше көзге түстi.

Махамбет шығармаларын жатқа оқу номинациясында Бексейiт орта мектебiнiң оқушысы Карменов Мұхаммед, Мамлют қазақ мектеп-интернатының оқушысы Нұрғали Арай ерекше көзге түстi, Бексейiт орта мектебiнiң оқушысы Зұлқарнай Алмат Махамбет күйлерiн орындауда жүлдегерлер атанды. Мұқанова Д, Карменов М, Зұлқарнай А, Щербинина А, Сатыбалдиева Ж, Нұрғали А. Абай, Махамбет оқуларының облыстық кезеңiнде бiздiң ауданның намысын қорғайды.

Мамлют ауданында Абай, Махамбет оқулары сайысы өтті

Мамлют ауданында Абай, Махамбет оқулары сайысы өтті


Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPOҚазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО Телерадиохабар тарату саласындағы ұлттық операторы Ұлттық телерадио хабарларын таратуҚазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады «Қазақстан — ұлы дала елі» Жүмыс «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы Бәсекеге кабілеттілік жөніндегі кеңес Кешенді бағдарлама ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауықтық және спорттық іс-шараларының кешенді бағдарламасы Ұлттық зияткерлік меншік институты Тарифтер
Яндекс.Метрика