Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Қазақстан Республиқасы Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу

02.06.2017

2 маусымда №1 мектеп — гимназия алаңында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті Мерекелік іс-шара «Юность» стадионан мектеп-гимназия алаңына дейін шеруден басталды. Әр түрлі — сары, көк, ақ, жасыл киім киген жастар қолдарына жалаушалар және шарлар ұстады. Шеру Қазақстан, бейбітшілік, достастық, мемлекеттік рәміздер туралы ұрандармен жалғасты.

Салтанатты патриоттық форумға жергілікті өкілетті органдар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, жастар ұйымдарының көшбасшылары, еңбек ардагерлері, қала тұрғындары қатысты.

Сахнаға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері — Елтаңба және Ту енгізілді. Аудан басшысы Е.М. Бекшенов мамлюттіктер алдында құттықтау сөз сөйледі.

Ол еліміздің мемлекеттік рәміздері Әнұранның басты авторларының бірі болып табылатын мемлекет Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен байланысты екендігі туралы айтты.

Ерболат Мұратұлы әрбір азаматтың қасиетті борышы еліміздің тарихи мұрасын зерделеу, жастардың белсенді өмір ұстанымын және жеке жауапкершілігін қалыптастыру керектігі туралы атап кетті.

Жерлестерді елеулі датамен құттықтап, аудан әкімі барша қауымға денсаулық, отбасылық береке, табыс тіледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу шеңберінде аудан әкімінің Құрмет грамотасымен әділет басқармасының бас маманы В.В. Галиулин марапатталды, Алғыс хаттар Г.С. Ахмеджановаға — ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімінің тергеушісіне, Т.А. Текебасоваға — жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыссыздар мәселесі жөніндегі бас маманына табыс етілді.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мерекесімен жастар ұйымының белсенділері атынан жиналғандарды Жанар Давлетова және Александр Койло құттықтады.

Мереке құрметіне аспанға шарлар ұшырылды, бұл Қазақстан Республикасының бостандығы мен және еркіндігінің нышаны. Салтанатты мереке Мамлют мәдени орталығының қызметкерлерімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды. Концерттік бағдарламада патриоттық әндер және тақпақтар орындалды.



Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика