Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Бизнес саласы: «Бизнес өсу» жобасы шеңберінде кәсіпкерлер үшін 2 маусымда семинар өтті

02.06.2017

30 мамырдан 2 маусымға дейін «Бизнес өсу» жобасы шеңберінде СҚО кәсіпкерлер Палатасының Мамлют аудандық филиалы базасында ықтимал және жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін оқыту семинары өтті. Оның жұмысын Елена Коняхина — СҚО кәсіпкерлер Палатасының бизнес-жаттықтырушысы жүргізді.

Ауданның бизнес-қоғамдастығы өкілдеріне өз ісін сәтті ұйымдастыруға және жүргізуге мүмкіндік беретін бірқатар мәселелер түсіндірілді.

Тыңдаушылар маркетинг туралы, яғни маркетиг зерттеулер және талдау туралы, бір нәрсе сатып алғанда шешім қабылдау процесі туралы ақпарат алды. Нарықты сегменттеу және өнімді позициялау, тауар және тауар саясаты, өнімді жылжыту және кәсіпорынның маркетинг стратегиясы туралы білім алды. Психологиялық факторларды ескере отырып, сатуды тиімді басқару және келіспеушілікпен жұмыс жүргізу мәліметтері қызығушылық туғызды.

Семинардың екінші күні — қаржыны басқару, қаржылық есепті талдау, тұлғаның түріне қарамастан тұтынушымен байланыс жасау және басқа туралы айтылды.

Дәріс курсынан кейін келесі күндері оқыту тиімділігіне мониторинг жүргізілді, бұнда кәсіпкерлер келтірілген мысалдарда және жеке тәжірибеде, экономиканың әр түрлі салаларында бизнесті табысты жүргізудің барлық сырын көрсетті.

Белсенді пікір алмасу өтті және сәйкес қорытынды шығарылды.



Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика