Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Біз – тұрақтылық және өркендеу үшін!

30.08.2017

30 тамызда №1 мектеп-гимназия алаңында Қазақстан Республикасының Конституция күнiне арналған салтанат өттi. Жиналғандарды аудан әкiмi Е.М. Бекшенов құттықтады.

Ол тәуелсiздiк жылдары өркениеттi мемлекеттi құрудың нақты жолы өтiлнгендiгi туралы айтты. Көп партиялық әрi қарай дамыды. Сайлау жүйесi жаңартылды. Халықтың кең жiктерiнiң мүдделерiн бiлдiретiн қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың қызметi күшейдi.

Конституцияның арқасында мемлекетiмiздiң жас ұрпағын паториоттық тәрбиелеу iсiне маңызды үлес қосатын ресми рәмiздер Байрақ, Елтаңба, Әнұран бекiтiлдi және өмiрдiң басты атрибуттары болып қалыптасты.

Конституция ортақ тарихи тағдырға байланысты Қазақстан халқының бiрлiгiн бекiттi. Бүгiн Қазақстан халқының мәдениетiн және тiлдерiн сақтау, дамыту бойынша үлкен жұмыс атқаралып жатыр. Астана әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының Съездерiн өткiзу орнына айналды.

Зайырлықтың, дәстүрдiң, сенiмнiң конституциялық идеологиясы халықаралық бейбiт түсiнiстiктiң стратегиясы ретiнде үлкен қолдау табады. Шанхай ұйымы шеңберiндегi ынтымақтастық, Еуропа одағымен қарым-қатынас, ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарт ұйымы құрамына кiру Қазақстанға аймақтық, жалпы әлемдiк көлемде ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн нығайиуға және дамытуға мүмкiндiк бередi. «ЭКСПО-2017» iрi халықаралық көрменi елордада өткiзу Қазақстан беделiнiң жоғары екендiгiнiң және Елбасы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың прогрессивтi бағытының танылуының айғағы.

Күнделiктi өмiрде кең құқықты және бостандықты қамтамасыз ету толыққанды азаматтық қоғамның құралына айналды. Әрбiр адам өз қабiлетiн жүзеге асыруға мүмкiндiк алды, ал бұл бизнес жүйесiн — ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына маңызды үлес қосатын құрылымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiн бiршама кеңейтуге мүмкiндiк бердi.

Қазiргi уақытта Президент қойған барлық мiндеттер сәттi шешiлiп жатыр. Елде болып жатқан оң өзгерiстер Конституцияның маңызын айқындады, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың iшкi және сыртқы саясатының арқасында Қазақстан күштi, қуатты, демократиялық мемлекетке айналды.

Конституция бiздiң басты құндылықтарымызды — Тәуелсiздiктi, Бейбiтшiлiктi және Тұрақтылықты бекiттi. Әрбiр қазақстандықтың борышы — осы құндылықтарды сақтау, Конституцияны, ел, тарих тәрiздi құрмет тұту. Патриоттық, азаматтық жауапкершiлiк шағын бизнестен басталады: туғандарға, жақындарға, өз қалаңа, өз ауылыңа қамқорлық жасау. Конституцияның басты мiндетi — демократияны дамыту, тұрақтылықты нығайту, халықтың игiлiгiн арттыру. Елiмiздiң тәуелсiздiк жылдарындағы барлық жетiстiктерi бiздiң көп ұлтты халықтың мүдделерiне сай келетiн Конституциясыз мүмкiн емес.

Сөз соңында Ерболат Мұратұлы салтанатқа қатысушыларды жылы сөздермен құттықтады. Ауданның бiрiншi басшысы барлығына мықты денсаулық, барлық бастамаларда сәттiлiк және табыс, Қазақстан Республикасының игiлiгi үшiн жаңа жетiстiктер тiледi.

Бiртұтастық, келiсiм, бейбiтшiлiк және достастық республикамыздың әрi қарай гүлденуiне, оның барлық азаматтарының игiлiгiне үлесiн қоса берсiн.

Аудан әкiмi мамлютттiктер Конституцияның нормаларын негiзге алып, ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерiн тиiмдi шешетiндiгiне сенiм бiлдiрдi.

Содан кейiн марапаттау рәсiмi басталды. Мамлюттiктердiң бiр тобына аудан әкiмiнiң Құрмет грамоталары табыс етiлдi. Олар: Бостандық орта мектебiнiң мұғалiмi — Г.Т. Байменова, Пригород ауылдық округi әкiмдiгiнiң маманы Т.С. Мәмбеталиев, ветеринария бөлiмiнiң бас маманы — В.А. Калимулина, аудандық әкiмдiктiң бас маманы — А.Е. Кәкiмова, «Мамлютское 1» ЖШС бақылаушы-кассирi — И.Н. Круш. Дәстүр бойынша ҚР Конституциясы күнi 16 жасқа толған жастарға — Алина Кондратьева мен Никита Агафоновқа жеке куәлiктер табыс етiлдi.

Содан соң мерекелiк концерт басталды, оған қаланың және ауданның шығармашылық ұжымдары мен әншiлер, өнер мектебiнiң хореографиялық ансамблi қатысты. Бағдарламада әр түрлi — қазақ, орыс, татар тiлдерiнде әндер және тақпақтар орындалды. Мамлютттiктер сүйiктi әншiлер: Қ. Каражұмановты, Х. Бекчентаеваны, А. Селезневаны, А. Хамитовты, Е. Зиябек қошеметпен қарсы алды, «Бабье лето» вокал тобына, өнер мектебiнiң би ұжымына және мерекелiк концерттiк бағдарламаға басқа қатысушыларға ду қол шапалақтады.

Алаңда фотокөрме, қала кәсiпорындарымен, ұйымдарымен дайындалған таң қалдыратын «Өтiп бара жатқан жаздың сыйы» композициялар ұсынылды.

Біз – тұрақтылық және өркендеу үшін!

Біз – тұрақтылық және өркендеу үшін!

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика