Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Біз – елдің болашағы!

04.09.2017

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде «Мамлют жастары» жастардың қоғамдық бiрлестiгiмен Мамлют №1 мектеп-гимназия алаңында рухани-адамгершiлiк құндылықтар және халық дәстүрi негiзiнде патриоттықты және зайырлықты насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәсiздерiнiң 25 жылдығына арналған «Бiз — елдiң болашағы!» фестивалi өттi.

Осы iс-шараға жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерi, қала кәсiпорындары мен ұйымдарының басшылары мен жұмысшылары, жастар ұйымдарының белсендiлерi, ҮЕБ өкiлдерi, қала мектептерiнiң өкiлдерi қатысты.

ҚР әнұраны орындалғаннан кейiн жүргiзушiлер Ерғали Зиябек пен Марат Каримов iс-шараның мақсатын және елдiң мемлекеттiк рәмiздерiнiң мағынасын, рөлiн, оған қатысып отырған ауданның талантты, белсендi жiне шығармашыл адамдары туралы айтты.

Концерттiк Бағдарламаны Мамлют мәдени орталығының орындаушысы Ерғали Зиябек ашып, «Рахмет саған, туған жер!» әнiн орындады.

Белое ауылдық округiнен келген дуэт — Ксения Сартова мен Ангелина Волвенко, орындаушылар Дубровное ауылдық округiнен — Айнұр Кулебекова, Қызыләскер ауылдық округiнен Наталья Зинченко, Краснознамен ауылдық округiнен Аяз Хамитов, Леденев ауылдық округiнен Еркеш Жомартов, Танат Атаманов — Мамлют мәдени орталығы, Новомихайлов ауылдық округiнен Әсем Шынғанова, бишiлер Пригород ауылдық окрiгiнен — Аржия Бану Зульфукарова, Артём Гагеров и Максим Саенко өз өнерлерiмен көрермендердi қуантты.

Марапаттау рәсiмiне аудан әкiмiнiң аппарат басшысы А.Х. Мушарапова қатысты, фестивальге белсендi қатысқандарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етiлдi.

Мереке соңында Қазақстан Республикасы мемлекеттiк рәмiздерiнiң 25 жылдығы құрметiне аспанға 25 түрлi түстi шарлар ұшырылды.

Біз – елдің болашағы!

Біз – елдің болашағы!

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика