Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Балалардың жазғы демалысы демалысы
Жазғы маусым ашылды

17.06.2017

17 маусымда «Искра» балалар жазғы лагерiнде «Туған жер» Ұлт Көшбасшысының бағдарламасы ұранымен жазғы маусымды ашуға арналған салтанатты линейка өттi.

Жалпы тiзiлуден кейiн өздерiнiң даярлығы туралы сегiз отрядтың каптандары есеп бердi, әрқайсысының өз ұраны және әнi болды. Жас ойшылдар белсендiлiк, шығармашылық танытты.

Осы мерекелi оқиғамен балаларды құрметтi қонақтар құттықтады: аудан әкiмiнiң орынбасары А.К. Рамазанова мен бiлiм бөлiмiнiң басшысы С.М. Рамазанова.

Балалар мен тәрбиешiлер би нөмерлерiн орындады, мызғымас достастыққа, сүйiктi көп ұлтты Отанға арналған тақпақтар мен әндер орындалды.

Лагерьде бiрiншi маусымда 92 оқушы дем алады. «Туған жер» бағдарламасы шеңберiнде облыстық өлкетану мұражайдың, «Салауатты өмiр салты» орталығы өкiлдерiмен кездесулер жоспарланды, бұнда облыстық қуыршақ театрының әртiстерi өнер көрсетедi. ҚР мемлекеттiк рәмiздерiнiң, ҚР Қарулы күштерiнiң және қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған iс-шаралар өтедi.

Асханада шеф-аспазшы Л.Н. Соколованың басшылығымен дәмдi, әр түрлi, пайдалы тағамдар дайындалады.

Жыл сайын лагерь жаңартылып отырады. Мысалы осы жазғы маусымға лагерьдiң маңайы толық қоршалды, клубтың алдында брусчатка төселдi, лагерьдiң туына арналған флагшток орнатылды, кiре берiсте екi жақтан ақ қайың көшеттерi, жаңа гүлзарлар отырғызылды.

Лагерьдiң қонақтары оның маңайын тамашалады, корпустарда балалар толық болды, директормен және балалармен әңгiмелесу өттi.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика