Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Балаларды қорғау күні

01.06.2017

1 маусым күні Мамлют №1 орта мектеп алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған үлкен мереке өтті.

Әр түрлі шарлармен, гирляндалармен және гүлдермен безендірілген алаңда балаларды мерекеге шақыратын музыка ойнады, мереке балаларға көптен күткен жазғы демалыс маусымын ашты.

Мерекені өнер мектебінің ұлттық киім киген хореографиялық ансамбльдері ашты және «Көп ұлтты Қазақстан қонақтарды қарсы алады!» би сюитасын орындады (хореограф И.Н. Сургутская).

Аудан әкімі Е.М. Бекшенов қатысушыларды мерекемен құттықтап, мерекенің маңызы, елімізде өсіп келе жатқан ұрпаққа көп көңіл бөлінетіндігі туралы айтты. Бақытты балалық шаққа құқық, терең білім, таланттарды дамыту және салауатты өмір салты қамтамасыз етіледі — деді.

Балаларға мейірімін төгіп, қамқорлық көрсететін, барлық өмірін балаларға арнаған отбасыларға алғыс білдіріп Ерболат Мұратұлы балаларға қызықты демалыс, қызықты оқиғалар және жаңа достар табуды тіледі.

Содан соң «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурстың аудандық турының жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өтті. Аудан басшысы Телемесовтер, Омаровтар, Бегалиновтер, Токаревтер үлгілі отбасыларға грамоталар мен сыйлықтарды табыс етті.

Мереке құрметіне республикалық және облыстық интеллектуалды және шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздарына сыйлықтар табыс етілді.

«Жарқын болашақ» облыстық сайыстың жеңімпазы Нәби Асыл — қазақ мектеп-интернатының оқушысы балалардың атынан құттықтау сөз сөйледі.

Үлкен мерекелік концертке өнер мектебінің ән орындаушылары, «Радуга» би ансамблі, вокал тобы, ер балалар хоры және домбырашылар ансамблі, Мамлют №1 орта мектептің және Мамлют №3 орта мектептің бишілері мен әншілері қатысты.

Н. Погодин атындағы драма театры артистерінің өнер көрсетуі көрермендер үшін жақсы жаңалық болды, онда: Маша және аю, Мурка сиыр және Күлдіргіш ұзын қуыршақтар өнер көрсетті. Ойындарға көрермендер де қатысты.

Балалар әр түрлі ойындарға, көңілді стартқа қызығушылықпен қатысты, тәтті сүйікті тағамы тегін балмұздақ жеп, айналада болып жатқан таңғажайыпты тамашалады. Олар батутта секірді, атқа мінді, әткеншек тепті, асфальтта сурет салды, әншілермен қосылып өлең айтты, сүйікті мультфильмдердің кейіпкерлерімен суретке түсті.

Күннің екінші жартысында мереке Мамлют мәдени орталығында жалғасты, онда балалар қызықты ойындарға қатысып, мультфильмдер көрді.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика