Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Балалар қолөнерінің шығармашылық конкурсы

28.08.2017

28 тамызда Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы күнiне арналған «Алтын қолдар» балалар арасында шығармашылық конкурс өттi.

Бұл iс-шара бөлiм қызметкерлерiнiң балаларын шығармашылық көркемөнер түрлерiне баулу, оларды көркемөнердi сүюге тәрбиелеу, жеке жұмыс iстеуге үйрету және шығармашылық қабiлеттi жүзеге асыру мақсатында өткiзiлдi.

Iс-шараға 5-тен 14 жасқа дейiнгi балалар қатысты.

Бұл iс-шараға сонымен қатар балалардың ата-аналары, әжелерi белсендi қатысты.

Көрмеге шығармашылық жұмыстар — қағаздан, салфеткадан, мақтадан, жiптен, тұзды қамырдан, бисерден, резеңкеден, пластик стақандардан жасалған, күршекпен тоқылған бұйымдар қойылды. Конкурсқа қатысушылар ересектердi әр түрлi техникамен орындалған жұмыстарымен таң қалдыруға тырысты, шеберлiк және фантазия танытты. Балалар бiр-бiрiнiң бұйымдарын қызығушылықпен қарады.

Iшкi iстер бөлiмi штабының аға инспекторы Н.В. Прахт қатысушыларды құттықтап, қазылар алқасын және қатысушыларды таныстырды.

Конкурсанттардың әрқайсысы өз жұмысын ұсынып, өзi туралы айтып бердi. Мысалы Полина Медведеваның жұмысы барлығын қызықтырды — жiптен, желiмнен және шарлардан жасалған Ақшақар. Ярослава Субботовскийдiң тұзды қамырдан жасалған Теңiз царi де барлығына ұнады, Мирас Сембаевтың «Ғарышқа ұшқандар» композициясы бояу түсiмен және көркемдiгiмен қызықтырды. Разнообразием техники поделок, их оригинальностью и количеством удивила Күршекпен, бисермен тоқи, қағазбен жұмыс iстей алатын Татьяна Литвиненко әр түрлi техникамен орындалған бұйымдардың санымен таң қалдырды.

Мамлют ауданының iшкi iстер бөлiмiнiң бастығы, полиция майоры С.Д. Әлжанов iс-шараның мақсатына тоқталып, қауiпсiздiктi және қоғамдық тәртiптi қорғау бойынша қызмет ететiн ата-аналардың ауыр және қауiптi қызметi туралы балаларға айтып бердi.

Конкурсқа қатысқан балаларды құттықтап, Серiк Дарханұлы жеңiмпаздарға бағалы сыйлықтар және Алғыс хаттар табыс еттi.

Балалар қолөнерінің шығармашылық конкурсы

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім
Яндекс.Метрика