Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

Астанада Сауран көшесі, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады

13.04.2017

Үкiмет клиенттерге ыңғайлы болу үшiн азаматтарға арналған арнайы жаңа пилоттық жобаны iске қосты. Ендi бiр күн iшiнде мемлекеттiк қызмет алып үлгермеген астаналықтар, оны жұмыс күндерi таңғы сағат 8.00-ден түн ортасына дейiн және сенбi күнi таңғы сағат 8.00-ден 20.00-ге дейiн ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Аблайхан Оспановтың айтуынша, пилоттық жоба әзiрге тек Сауран, 7 мекенжайында орналасқан астаналық ХҚКО-да iске асырылды. «Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары бұл ХҚКО-да мемлекеттiк қызметтердi танғы сағат 8-ден түн ортасына дейiн ала алады. Сонымен қатар басқа ХҚКО-ға барып, белгiлi бiр қызметке құжаттарын тапсырып, нәтижесiн алуға үлгермеген азаматтар оны Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да сағат 7-ден 24.00-ге дейiн алуларына болады. Пилоттық жоба 2 айға жалғасады. Түнгi уақытта бұл ХҚКО-ға келушiлер саны артқан жағдайда, бiз Алматы қаласында және Қазақстанның басқа өңiрлерiнде де осындай жұмыс кестесiмен ХҚКО-ларды ашу нұсқасын қарастырамыз», — дедi ол.

Оспанов, егер азамат басқа ХҚКО-ға барып, қызметтердi ресiмдеген жағдайда, Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да дайын қызметтi алуына болатын екi нұсқаның барын атап өттi. Бiрiншi жағдайда, азамат құжаттарын ресiмдеу барысында-ақ ХҚКО инспекторына қызметтердi түнгi уақытта жұмыс iстейтiн ХҚКО-да алатынын айтады. Екiншi жағдайда, ол 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, дайын нәтиженi Сауран, 7 мекенжайындағы ХҚКО-да алуға өтiнiш қалдырады, бұл ретте операторға қолхат нөмiрiн қосымша айтады.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұл Үкiметтiң мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетуге бағытталған бiрiншi жобасы емес. Мемлекеттiк корпорация наурыз айында есту және сөйлеу қабiлетi бұзылған клиенттерге қызмет көрсету үшiн онлайн сурдоаударма қызметiн, дайын құжаттарды үйге жеткiзу жаңа сервисiн iске қосты, сондай-ақ наурыз айынан бастап қазақстандықтарға мемлекеттiк көрсетiлген қызметтердiң нәтижесi туралы смс-хабарлама түсiп тұрады.

Астанада Сауран көшесі, 7 мекенжайындағы ХҚКО түн ортасына дейін жұмыс істейтін болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО
Яндекс.Метрика