Қаріп:  A+  A A-
Қаз | Рус
 

Жаңалықтар || Ауданның жаңалықтары

«Ақ бидай — 2017»

02.07.2017

2 шілдеде Новомихайлов ауылдық округінің Меңкесер ауылында «Ақ бидай — 2017» аудандық жазғы спорттық мереке өтті, оған ауданның 12 құрамасы қатысты.

Осы салтанатты іс-шараға мереке иелері тыңғылықты дайындалды. «Мәмбетов және К» КС ұжымының көмегімен ауылдағы стадион толық жөнделді: маңай түгел жаңа қоршаумен қоршалды, жүгіретін жол асфальттанды, екі волейбол алаңы дайындалды, ауыр атлеттер, гір көтерушілер жарысатын орындар белгіленді, спорт тренажерлері орнатылды. Осы ауылшаруашылық құрылым сыйлық жүлдесін дайындауға да өз үлесін қосты: жеңімпаздарға кубоктар, құрмет грамоталары, медальдер және ақшалай сыйлық дайындалды — бірінші орынға — 100 мың теңге, екінші орынға — 70 мың және үшінші орынға — 40 мың теңге.

Таңертеңнен әр түрлі жалаушалармен және лозунг-ұрандармен безендірілген стадионда спорт әндері және марш шырқалып, ауылдықтар мен қонақтарды үлкен спорттық мерекеге шақырды.

Ауылдық округтер мен Мамлютка қаласының жетекші құрамалары осы мерекеге қатысты, аудан, облыс, республика намысын әр түрлі жарыстарда қорғаған спортшылардың аттары аталды.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалғаннан кейін аудан әкімі Е.М.Бекшенов құттықтау сөз сөйледі. Осы спорттық мерекенің маңызы туралы айта келе, «Ақ бидай» көптеген мамлюттіктер үшін үлкен спортқа жол ашатынын атап кетті.

Біз ауданымызды және республиканы бүкіл одақтық жарыстарда әйгілі еткен спорт жаттықтырушылары мен ардагерлерді мақтан тұтамыз.

Аға ұрпақтың жақсы дәстүрін бүгінгі жастар жалғастырады. Оның арасында Қазақстанның және Азияның чемпиондары, Олимпиада ойындарына қатысушылар мен Универсиада жүлдегерлері: Щербаков Сергей, Набиуллин Рустам, Нүсіпов Мақсат, Овсянкина Олеся, Марчук Александр, Бекетов Нұржан, Арсланов Радик, Лузан Александр, Дүйсенов Нұрым және басқалары.

Осы спорттық мерекені өткізуге, бас директор Еркебұлан Нұрмағамбетұлы Мәмбетов басқаратын «Мәмбетов және Компания» коммандиттік серіктестігі қомақты үлес қосты, Ерболат Мұратұлы жарысқа қатысушылар мен қонақтарды мерекемен құттықтап, спорттық шымырлық, көтеріңкі көңіл-күй, жеңістерде қуаныш тіледі.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына маңызды үлес қосқаны үшін және «Ақ бидай — 2017» аудандық спорттық мерекені өткізуге байланысты аудан әкімінің Құрмет грамоталары А.Н.Жүнісовке — «Мәмбетов және К» КС директорына және В.А.Беспаловқа — Меңкесер орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, БӘД оқытушысы-ұйымдастырушысына; аудан әкімінің Алғыс хаттары Ш.Б.Қапабаевқа — Новомихайловка орта мектебінің мұғаліміне және Ш.А.Гусейновқа —  «Мәмбетов және К» КС аға прорабына табыс етілді. Меңкесер орта мектебінің ұжымына естелік сыйлық табыс етілді.

Қорыта келгенде жарыстың әр түрі бойынша жеңімпаздар анықталды. Жеңіл атлетика: бірін орын новомихайловтар, екінші орын — становойлықтар, үшінші орын — Мамлютка қ. спортшылары; еркін күрес — бірінші орын — Новомихайлов а\о, екінші орын — Мамлютка қ, үшінші орын — Краснознамен а\о; ауыр атлетика (штанга) — бірінші орын — Дубровное а\о, екінші орын — Новомихайлов а\о, үшінші орын — Краснознамен а\о; волейбол (ерлер) — бірінші орын — Қызыләскер а\о, екінші орын — Новомихайлов а\о, үшінші орын — Мамлютка қ; волейбол (әйелдер) — бірінші орын — Новомихайлов а\о, екінші орын — Мамлютка қ, үшінші орын — Белое а\о; үстел теннисі — бірінші орын — Мамлютка қ, екінші орын — Новомихайлов а\о, үшінші орын — Андреев а\о; гір спорты — бірінші орын — Андреев а\о, екінші орын — Новомихайлов а\о, үшінші орын — Қызыләскер а\о; шахмат — бірінші орын — Мамлютка қ, екінші орын — Андреев а\о, үшінші орын — Пригород а\о; дойбы — бірінші орын — Краснознамен а\о, екінші орын —  Новомихайлов а\о, үшінші орын — Дубровное а\о.

Қорытқанда жалпы командалық бірінші орынға Новомихайлов ауылдық округінің спортшылары, екінші орынға — Мамлютка қ, үшінші орынға — Краснознамен а\о спортшылары ие болды.


НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ
Алдағы оқиғалардың ресми күнтізбесі

Жаңалықтарға жазылу

 

RSS


Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстанаegov.kzАссамблея народа КазахстанаОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиIPOДКБ2020Алтын сапаӘділетМодернизация пенсионной системыКазконтентИновационные гранты EXPO Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Агентство Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции Защита бизнеса СКО ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы
Яндекс.Метрика